Нургалиева Гульмира Талгатовна,
учитель информатики «Узункольская средняя школа №2» КММ,
Республика Казахстан, Костанайская область, Узункольский район, село Узунколь
Күні: |
Информатика |
7-сынып |
Сабақ тақырыбы: |
Қисықтарды редакциялау |
|
Жалпы мақсат: |
Қисықтарды редакциялау тақырыбын түсіндіре отырып, Inkscape бағдарламасында қисықтармен жұмыс істеуге үйрету. |
|
Сілтеме: |
Оқулық информатика 7-сынып Е.А. Вьюшкова, Н.В. Параскун, Б.Қ. Әбенов«Арман-ПВ» баспасы, 2015 жыл |
|
Оқу нәтижесі: |
Оқушылар Inkscape бағдарламасында жұмыс істей алады, Inkscape бағдарламасында мәтіндермен жұмыс істей алады |
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
ДК-лер, оқулықтар, дәптерлер, Inkscape бағдарламасы, видео (көзге арналған жаттығу) |
|
Оқыту әдістері: |
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер: АКТ, сын тұрғысынан ойлау, жас ерекшелігін ескеру. Жұмыс түрлері: топпен |
|
Дерек көздері: |
Оқулық Сілтемелер Электронды оқулықтар |
|
Тапсырмалар: |
Оқулықпен жұмыс, топпен жұмыс, интернетпен жұмыс, ЦОР-мен жұмыс. |
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырмалар |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет? |
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2 мин) |
Сәлеметсіздер ме, достар! Сабағымызды ерекше түрдегі тілек-амандасудан бастауды ұсынамын. Ісіміз сәтті болсын! Тілек қысқа да нұсқа болуы керек және аз сөзбен. |
Амандасады, шаттық шеңберін құрып бір-бірлеріне допты лақтыру арқылы тілек айтады. «Сәттілік серік болсын!», «Арайлап атсын әр таңың!», «Баршаңызға мейірімділік тілеймін!»т.с.с. |
|
ІІ. Топқа бөлу (3 мин) |
Кішкентай қоржынға екі түрлі кәмпиттер салынады, оқушылар кәмпиттерді қоржыннан алып, кәмпиттің түріне қарай бөлінеді, топтарының басшысын таңдап алып, әр топ өздерін таныстырады. Топтар бір — бірлерін бағалайды. I - топ — «_______________» II - топ — «_______________» |
Кезекпен қоржыннан кәмпиттерді алады, топқа бөлінеді. Осы жерде әр топ өздерін таныстыра отырып, өздерінің эмблемаларын көрсетіп, қорғайды. |
|
ІІІ. Кезеңдер. Берілетін уақыт (40 мин) |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
|
«Түсіну» теориясы (10 мин ) |
Кескіндерді тек нысан-фигуралардан барлық уақытта жасай алмаймыз. Көбінесе кескіндер күрделірек. Кез келген фигураны контурға түрлендіруге болады: оның бір әдісі - Контур => Нысанды контурлау (Контур => Оконтурить объект) бұйрығы арқылы орындалады. Контурлармен жұмыс істеуге арналған құралдар: Түйіндер, Қарындаш, Қаламұш, Каллиграфиялық қаламұш. Түйіндерді редакциялау үшін ең алдымен сегментті тінтуірмен шертіп, ерекшелеу қажет. Shift пернесін басқанда, бірнеше түйін ерекшеленеді. Құралдарды контурлармен жұмыс істеу кезінде қолдану ерекшеліктерін қарастырайық. Қарындаш Қағазға қолмен сурет салған сияқты Қарындашты пайдаланып, еркін қисықтар салуға болады. Нәтижесінде көптеген түйіндері бар қисық алынады. Жеке түйіндерді Құралдар параметрлерінің панеліндегі Түйіндердегі батырмамен жоюға болады. Түйіндер санын автоматты түрде Контур => Жеңілдету (Упростить) бұйрығын орындау арқылы кішірейтуге болады. Түйіндер санын суретті салу кезінде реттеп отыруға болады. Одан басқа Қарындаш құралы үшін Құралдар параметрлері панеліндегі тізімінен бірнеше қолжетімді пішінді таңдап алуға болады ( 60-сурет ). құралы Қарындаш құралының үнсіз келісімге дейінгі параметрлерін алып тастайды. Қаламұш Құралдар қисықтармен қоса, түзу контурларды да алуға мүмкіндік береді. Төрт режім қолжетімді: Безье қисығы; Спиро қисығы; тік кесінділердің тізбектелуін салу (бір-біріне қатысты кез келген бұрыштарда); тік кесінділердің тізбектелуін салу (бір-біріне қатысты тікбұрыштарда). Түйіндер тінтуірдің шертуімен қосылады. Контурды салуды аяқтау тінтуірді екі рет шерту немесе Enter пернесін басу арқылы орындалады. Контурды соңғы түйіннен бастап толықтыруға болады. Каллиграфиялық қаламұш Каллиграфиялық қаламұш құралы Қарындашқа ұқсас, бірақ өзара тұйықталған параллель екі контурды құрайды (61-сурет). 61-сурет. Каллиграфиялық суретті қаламұшпен құру Түйіндерді редакциялау Өздеріңнің көздерің жеткендей, Түйіндер құралын пайдаланып, түйіндерді қосуға, жоюға, ерекшелеуге, жылжытуға болады. Аталғандардан басқа, Түйіндер құралында тағы бірнешс параметр бар. Олармен мысал арқылы танысайық. !Түйін Контурларды жасау және редакциялау үшін Қарындашты, Қаламұшты, Каллиграфиялық қаламушты, Түйіндерді пайдаланады. Контур - құйып бояу мен жиектеу параметріне ие қисық сызықтардың тізбектелуі. Кез келген фигураны контурға Контур => Нысанды контурлау (Оконтурить объект) бұйрығы арқылы түрлендіруге болады. Контурлар Түйіндер құралын қолданумен редакцияланады. Контурдың Түйіндер санын автоматты түрде Контур => Жеңілдету (Упростить) (Ctrl + L) бұйрығын орындау арқылы кішірейтуге болады. Контурларды біріктіруге, үзуге, тегістеуге және түзуге, түрлендіруге болады. |
Екі топ оқулықпен жұмыс жасайды. Негзгі анықтамаларды ватман қағазына жазып алады, сызбаларды сызады. Екі топтан бір оқушыдан шығып, жаңа тақырып бойынша түсінік береді. Өз топтары бойынша жасаған жұмыстарын қорғап, түсіндіреді. Топтар смайликтер арқылы бір-бірлерін бағалайды. |
Интерактивті тақта, қалам, дәптерлер, маркерлер, ватман, стикерлер. |
«Қолдану» практикасы (10 мин) |
ДК-де Inkscape бағдарламасында компьютердегі тәжірибелік жұмысты орындайды. 129-130 б.б. |
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс А деңгейі Қарындаш құралын пайдаланып, кез келген контур сызыңдар. Мысалы, 63-суреттегідей. Контурды көшіріп алыңдар Ctrl + D. Көшірмеге контурлық әсерлерді қолданыңдар: Контур => Контурлық әсерлер редакторы. Ішкі сызықты түр салу (Внутренняя штриховка ) әсерін таңдап, Қосу батырмасын басыңдар. Нәтижесінде контур сызықты түрге айналады (64-сурет). Сызықты түрді Түйіндер құралымен ерекшелеңдер, бірнеше сары түсті таңбалар пайда болады, оларды басқара отырып, өздеріңе керек әсерді ала аласыңдар (65-сурет). Tab пернесін басу арқылы бастапқы контурға ауысыңдар, Қарындаштық нобай әсеры қолданыңдар (66-сурет). Контурларды топтал, жиектеудің түсін өзгертіңдер. 65-сурет. Сызықты түрлерді 66-сурет. Контурлық өзгерту әсер қосылған қарындаштық нобай В деңгейі Қазақтың ұлттық өрнегінің элементін жасаңдар. С деңгейі Киіз үйді салып, оны қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендіріңдер. |
ДК-лер, оқулықтар. |
Сергіту сәті (2 мин) |
Тақтада көрсетілген қимыл іс-әрекеттерді орындарында отырып орындайды. |
Жаттығуды орындарында отырып орындау. |
видео, ЭО, интерактивті тақта. |
«Жинақтау» теориясы (12 мин) |
«Ыстық орындық» Екі топтан кезекпен бір оқушы ортадағы орындыққа отырады, әр топ қарсылас топтарына өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды. Әрбір дұрыс жауап үшін — топ басшысы 1 ұпайдан беріп отырады. |
Кезекпен тұрып, орындықта отырған оқушыға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды. Мысалы: Компьютерлік графика қолданылу әдісіне қарай қанша топқа бөлінеді?(4) Екі өлшемді графика түрлерін атаңыз?(расторлық, векторлық және фрактальдық) Математикалық теңдеулерден құралатын графика түрі?(фрактальдық) Әр түрлі кескіндерді компьютер көмегімен алуды қарастыратын информатика саласы?(компьютерлік графика) Пиксель сөзінің мағынасы: (нүкте) Векторлық графикаға жататын бағдарламаны көрсетіңіз (CorelDraw, Inkscape) Расторлық графикаға жататын бағдарлама түрін көрсетіңіз: (Photoshop) |
орындық |
Үйге тапсырмасын беру (2 мин) |
§24 оқу |
Қорытынды жасайды, ой толғайды. |
Күнделіктер |
«Бағалау» (2 мин) |
Топтар атқарылған жұмыстарына қарап, бір-бірлерін бағалайды. |
Күнделіктеріне баға қойдырады. |
Күнделіктер, бағалау парақтары |
Рефлексия (2 мин ) |
Тақтадағы рефлексивті экраннан фразаның басын таңдап, әр оқушы сабақ туралы бір сөйлеммен өз пікірін айтады. |
Бүгін маған............................. қызықты болды. .................................... қиын болды. Мен тапсырмаларды ...................... орындадым. ........................... орындап көремін. ...................... мені таң қалдырды. Өмір үшін сабақ маған ................. берді ........................ мен орындай алдым. Енді мен ...................істей аламын. |
Тақта. |