link4200 link4201 link4202 link4203 link4204 link4205 link4206 link4207 link4208 link4209 link4210 link4211 link4212 link4213 link4214 link4215 link4216 link4217 link4218 link4219 link4220 link4221 link4222 link4223 link4224 link4225 link4226 link4227 link4228 link4229 link4230 link4231 link4232 link4233 link4234 link4235 link4236 link4237 link4238 link4239 link4240 link4241 link4242 link4243 link4244 link4245 link4246 link4247 link4248 link4249 link4250 link4251 link4252 link4253 link4254 link4255 link4256 link4257 link4258 link4259 link4260 link4261 link4262 link4263 link4264 link4265 link4266 link4267 link4268 link4269 link4270 link4271 link4272 link4273 link4274 link4275 link4276 link4277 link4278 link4279 link4280 link4281 link4282 link4283 link4284 link4285 link4286 link4287 link4288 link4289 link4290 link4291 link4292 link4293 link4294 link4295 link4296 link4297 link4298 link4299 link4300 link4301 link4302 link4303 link4304 link4305 link4306 link4307 link4308 link4309 link4310 link4311 link4312 link4313 link4314 link4315 link4316 link4317 link4318 link4319
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Етістіктің шақтары

Баймбетова Куралай Пердебаевна,

Бастауыш сынып мұғалімі

Ақсу қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебі

Ақсу қаласы,Павлодар облысы,Қазақстан Республикасы

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Етістік туралы білімдерін кеңейту. Етістіктің өткен, осы және келер шақ түрлерімен таныстыру.
2. Дамытушылық: Танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, мейрімділікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, суреттер, қима қағаздар, семантикалық кесте
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)
1. Оқушылармен амандасу.
2. Тілді жаттықтыру (сұрақтарға жауап беру)
- Бүгін қай күн? Қазір қандай сабақ? Біз қай тілде сөйлейміз? Бүгінгі күн қандай? Қазір көңіл - күйіміз қалай? ☺(жақсы)
- Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл - күймен бастайық, әрбір ісімізге мұқият болайық.
- Балалар сабаққа дайынбыз ба? Үй тапсырмасына не берілді?
ІІ Үй тапсырмасы
ІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар жылдың қай мезгілі? (Қыс)
- Қыста ауа — райы қалай өзгереді?
Күн суытады, қар жауады, боран соғады, қырау түседі, аяз шымшылайды, су қатады.
- Енді өздерің айтып шыққан сөздерің заттың несін білдіреді? (қимылын)
- Қазақ тілінде заттың қимылын білдіретін қандай сөз табы? (Етістік)
- Етістік қандай сұраққа жауап береді?
- Етістік іс - әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Осыған байланысты бүгінгі біздің жаңа сабағымыз: Етістіктің шақтары деп аталады.
- Алдымен, балалар шақ деген сөзді қалай түсінеміз?
Шақ дегеніміз — мезгіл, кезең,
Бақытты балалық шақ
Шақ — іс — әрекетті, қимылды білдіреді.
Өріктің сүйегін шақ.
- Тақтаға назар аударайық.
1 - слайд (Етістіктің үш шағына байланысты суреттер көрсету)
Әр суретке сөйлем құрап, іс - әрекеттің қай мезгілде болғанын анықтау.
1 - суретте іс - әрекеттің нақты қазір болып жатқанын көрсетеді (осы шақ).
2 - суретте іс - әрекеттің болып кеткендігі көрсетіледі (өткен шақ)
3 - суретте іс - әрекет әлі жүзеге асқан жоқ, болашақта болатыны айтылады(келер шақ).
Ереже:
- Яғни, етістіктер іс - әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Етістіктің үш шағы болады:
2 - слайд
Етістіктің шақтары
Осы шақ, Өткен шақ, Келер шақ
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңдар.
Ақпанның он сегізі.
Сынып жұмысы.
Етістіктің шақтары.
Оқулықпен жұмыс.

23 - жаттығу жазбаша орындалады.
Етістіктердің астын сызады.

Топпен жұмыс.

Бұдан қандай қорытынды жасауға болады.

- Егер іс - әрекет қазіргі уақытта орындалып жатқан болса, онда оны осы шақ дейді. - Егер іс әрекет әлі орындалмағанын, келешекте орындалатынын білдірсе, онда ол келер шақ деп аталады.
- Ал егер іс - әрекет орындалып кетсе, онда ол өткен шақ деп аталады.
- Балалар, келесі сабақтарда етістіктің шақтарымен толық танысып өтеміз.
25 - жаттығу.

Оқушылар бұл тапсырманы бірлесе орындау, ауызша сұрау
Сергіту сәті.
Топпен жұмыс.

Берілген үлгі бойынша етістіктерді үш жақта жазу, сөйлем құру
Сөздер: сал, кел, бар, ал, жат, биле, секір, ойна
Слайдтан көрсету
Осы шақ, Өткен шақ, Келер шақ
Семантикалық кестені толтыру
№--- Мысалдар ---------- Осы шақ --------- Келер шақ ------------ Өткен шақ
1 Ол жазды
2 Сіз жазып отырсыз
3 Сұрақ қиын болды
4 Ол сонда оқымаған
5 Қар жауып тұр
6 Қыс суық болды
7 Ол келе жатыр
8 Кітап оқып отырмын
Слайдтан көрсету

III. Қорытынды. Сонымен балалар, етістіктің шағы дегеніміз не?
- Етістіктің неше шағы бар?
- Осы шақ іс - әрекеттің қай мезгілде өтіп жатқанын білдіреді?
- Өткен шақ пен келер шақ туралы не айтуға болады?

IV. Үйге тапсырма. 27-жаттығу Ереже жаттау.
V. Бағалау.

Тапсырмалары:

Сөйлемдерді іс-әрекеттің мезгіліне қарай бөліктерге бөлу.

  1. Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттің мәртебелі рәміздері 1992 жылы қабылданды.
  2. Біз Астанаға қол өнер бұйымдарының көрмесіне барамыз.
  3. Төле би бала кезінен шешендігімен елге танылды.
  4. Ата бабалардың өсиеті ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалады.
  5. Марат ақын М. Мақатаевтың өлеңдер жинағын оқып отыр.
  6. Сахнада «Айгүл» би ансамблі өнер көрсетіп жатыр.
  7. Кешке теледидардан ақпарат хабарын тыңдаймын.
  8. Шетелде тұратын қазақтар атамекеніне оралып жатыр.

Етістіктің шақтары

Сөйлемдер

  1. Іс - әрекеттің бұрын болып кеткенін білдіретін сөйлемдер:

  1. Іс - әрекеттің алдағы уақытта болатындығын білдіретін сөйлемдер:

  1. Іс - әрекеттің қазір болып жатқанын білдіретін сөйлемдер:

Тапсырма №2

Берілген үлгі бойынша етістіктерді үш жақта жазу, сөйлем құрау.
Сөздер: сал, кел, бар, ал, жат, биле, секір, ойна

Етістіктің шақтары

Осы шақ

Өткен шақ

Келер шақ

Оқып отыр

оқыды

оқиды

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности