link4428 link4429 link4430 link4431 link4432 link4433 link4434 link4435 link4436 link4437 link4438 link4439 link4440 link4441 link4442 link4443 link4444 link4445 link4446 link4447 link4448 link4449 link4450 link4451 link4452 link4453 link4454 link4455 link4456 link4457 link4458 link4459 link4460 link4461 link4462 link4463 link4464 link4465 link4466 link4467 link4468 link4469 link4470 link4471 link4472 link4473 link4474 link4475 link4476 link4477 link4478 link4479 link4480 link4481 link4482 link4483 link4484 link4485 link4486 link4487 link4488 link4489 link4490 link4491 link4492 link4493 link4494 link4495 link4496 link4497 link4498 link4499 link4500 link4501 link4502 link4503 link4504 link4505 link4506 link4507 link4508 link4509 link4510 link4511 link4512 link4513 link4514 link4515 link4516 link4517 link4518 link4519 link4520 link4521 link4522 link4523 link4524 link4525 link4526 link4527 link4528 link4529 link4530 link4531 link4532 link4533 link4534 link4535 link4536 link4537 link4538 link4539 link4540 link4541 link4542 link4543 link4544 link4545 link4546 link4547 link4548 link4549 link4550
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
Терісі бағалы аңдар. Етістіктің болымсыз түрі

Северо-Казахстанская область, Тайыншинский район

Мироновская средняя школа

Учитель казахского языка и литературы

Акбатаева Бакыт Сералиевна

7 сынып


Сабақтың тақырыбы:

Терісі бағалы аңдар. Етістіктің болымсыз түрі



Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырып бойынша оқушыларға жан-жақты білім беру. «Терісі бағалы аңдар»тақырыбы бойынша ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, жаңа сөздерді меңгерту, берілген мәтін бойынша жұмыс түрлерін жасату, шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың білімділігін арттыру. Болымсыз етістіктердің жасалу жолдарын оқушыларға меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта,сөздіктер, оқулық, карточкалар, тірек-кестелер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру.
І. Кім көп біледі?
1. Буынның неше түрі бар?
2. Зат есімнің неше жалғауы бар?
3. Сын есім дегеніміз не?
4. Еріндік дауыстылар саны нешеу?
5. Ата Заң қашан қабылданды?
6. Конституция неше бөлімнен, неше баптан тұрады?
7. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі қандай?
8. Сан есім мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?
9. Есімдік дегеніміз не?
10. Есімдіктің қандай түрлері бар?
11. Қазақстанда қанша қорық бар?
12. Етістік дегеніміз не? Сұрақтарын ата.

ІІ. Есте сақтаңдар!
Етістікке — ма, -ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтары қосылу арқылы болымсыз етістік жасалады.
Мысалы: (жуансөзге) қара - ма, сыз - ба, айт–па;
(жіңішкесөзге) көтер–ме, кіргіз–бе, кет — пе

Болымсыз етістікке жұрнақтардың қосылу тәртібі
М, н, ң, ж, зба: жазба ,бе: сенбе
Қатаң дауыссыз дыбыстар па: айтпа, пе: кеспе
Дауысты дыбыстар, й, р, л ма: санама
барма, ме: жөндеме ,келме

Кейде «жоқ» немесе «емес» сөздерінің тіркесуі арқылы да жасалады.
Мысалы: кеткен жоқ, кеткен емес;
барған жоқ, барған емес;
айтқан жоқ, айтқан емес.

ІІІ. Сөздік жұмыс:
Жаңа сөздер:
қашу күзен

бағалы қарсақ
теріқара күрең
қарасұр тұқым

Дыбыстық жаттығулар жүргізу, талдаулар жасау. (Тән дыбыстармен)

Оқулықта берілген жаңа сөздерді мұғалім оқиды, балалар тізбектеп оқып, қайталайды.
( Мұғалім оқып таныстырады, оқушылар сөздерді қайталайды, содан соң кезекпен оқиды, аударады, жазады.)

ІҮ. Мәтін тыңдалады, балалар тақырыпты ашады.

Терісі бағалы аңдар.
Біздің ормандарымызды көптеген хайуанаттар мекендейді. Олардың ішінде терісі бағалы аңдар да аз емес. Олардың бірі–түлкі. Түлкінің бірнеше түрі болады. Қазақстанда қызыл және қаракүрең түлкі ғана кездеседі. Ал түлкінің асылы — қарасұр түлкі болып саналады. Бұл суық жақтағы ормандарда, Енисей өзені бойында тіршілік етеді.
Қарсақ — түлкінің бір тұқымы. Ол түлкіден кішірек, түсі сұрғылт. Қарсақтың құйрығы қысқа, құлағы тік, көзі дөңгелек болады. Қазақстанда қарсақ көп кездеседі.
Күзен–жыртқыш аң. Күзеннің аяқтары қысқа. Күзеннің терісі жылы болады. Оның тісі өте өткір. Біздің елімізде күзен де көп.

Тапсырмалар:
1-тапсырма. Ауызша жұмыс. Мәтіннің бірінші бөлігін тізбектеп оқып, аударамыз.

2-тапсырма. Жазбаша жұмыс. Барлық оқушымен. А) Мәтіннен етістіктердітеріп жазып, болымсыз түріне айналдырыңдар.
Б) Бір бала тақтаға шығады, берілген сөйлемдіжазып, синтаксистік талдаужасайды. Оқушылардың тапсырмалары тексеріледі.

3-тапсырма. Мәтіннен басқа аңдарды әңгімелеу. А) Оқушылар аңдарды сипаттап береді. (түлкі, піл, жолбарыс, қоян…) Б) Аңдарға байланысты жұмбақтар жасырады.

ЖҰМБАҚТАР:
Өзі айлакер, өзі бірқу,
Жүрген жері айқай да шу. (түлкі)

Қалқиып ұзын құлағы–
Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)

Өзі шөлде жүреді,
Суды жақсы көреді. (піл)

Жолақ-жолақ түсі бар,
Аузында өткіртісі бар. (жолбарыс)

Томпаңдап ол жүреді,
Балды жақсы көреді. (аю)

Ағашта өмір сүреді,
Жаңғақты жақсы көреді. (тиін)

Итке өзі ұқсаған,
Айтыңдаршы, ол ай аң? (қасқыр)

4- тапсырма. Топ бойынша тапсырма: Мәтіннен 1-топ-сын есімдерді, 2 –топ–есімдіктерді, 3 –топ–«күзен»сөзін септейді.

Тақтамен жұмыс. Бір бала тақтаға шығып, көпнүктенің орнына тиісті жұрнақтарды қояды.
Топ оқушыларының тапсырмалары тексеріліп болған соң, тақтадағы тапсырма қарастырылады.

Шығармашылық жұмыс: Бір баланың өзі үйде дайындап келген аңдарға байланысты екі жолдан тұратын ұйқастары тыңдалады.

Әрі оқу, әрі ойын…

Лиса — түлкі.
Смех — күлкі

Слон — піл,
Язык — тіл.

Заяц — қоян,
Проснись — оян.

Медведь — аю,
Орнамент — ою.

Волк — қасқыр,
Находчивый — тапқыр.

Белка — тиін,
Трудно — қиын.

Лев — арыстан,
Небо — аспан.

Тест тапсырмалары орындалады. (тексеріліп, бағаланады.)

Сабақты қорыту: Сабақта алған білімдерін сынау мақсатында жетекші сұрақтар қойылады, жауаптарына байланысты бағалары да қойылады. Мақтап–мадақталады.

Үйге тапсырма: 53 беттегі 2-тапсырма. Мәтіннің 2 –ші бөлігі бойынша жұмыс беріледі.

Скачать

Скачать файл: 7-synyp.docx1.docx
Посмотреть онлайн файл:



Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности