link6950 link6951 link6952 link6953 link6954 link6955 link6956 link6957 link6958 link6959 link6960 link6961 link6962 link6963 link6964 link6965 link6966 link6967 link6968 link6969 link6970 link6971 link6972 link6973 link6974 link6975 link6976 link6977 link6978 link6979 link6980 link6981 link6982 link6983 link6984 link6985 link6986 link6987 link6988 link6989 link6990 link6991 link6992 link6993 link6994 link6995 link6996 link6997 link6998 link6999 link7000 link7001 link7002 link7003 link7004 link7005 link7006 link7007 link7008 link7009 link7010 link7011 link7012 link7013 link7014 link7015 link7016 link7017 link7018 link7019 link7020 link7021 link7022 link7023 link7024 link7025 link7026 link7027 link7028 link7029 link7030 link7031 link7032 link7033 link7034 link7035 link7036 link7037 link7038 link7039 link7040 link7041 link7042 link7043 link7044 link7045 link7046 link7047 link7048 link7049 link7050 link7051 link7052 link7053 link7054 link7055 link7056 link7057 link7058 link7059 link7060 link7061 link7062 link7063 link7064 link7065 link7066 link7067 link7068 link7069 link7070 link7071 link7072 link7073 link7074 link7075 link7076 link7077 link7078 link7079 link7080 link7081 link7082 link7083 link7084 link7085 link7086 link7087 link7088
Нургожина Анар Амандыковна
Должность:Заместитель директора по учебной работе, учитель казахского языка и литературы, дефектолог
Группа:Посетители
Страна:Республика Казахстан
Регион:Северо-Казахстанская область, г.Петропавловск
«Жаңа жылдық букет» шоу-бағдарламасының сценарийі

«Жаңа жылдық букет» шоу-бағдарламасының сценарийі

Нургожина Анар Амандыковна

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, дефектолог

«Жаңа жылдық букет» атты шоу-бағдарламаның мақсаты:

Кеш барысында Жаңа жыл мерекесі туралы толық мағлұматтар бере отырып, оқушылар бойында еліне, халқына деген сүйіспеншілік сезімдерін, өмірге деген сенімдік көзқарастарын тудыру, танымдық іс-әрекеттерін дамыту.

Шоу-бағдарлама міндеттері: мерекелік көңіл-күй тудыру, Жаңа жыл мерекесі туралы толық мағлұматтар беру, ойындар өткізу, байқау өткізу, жаңа жылды жақсы, көңілді қарсы алу үшін кеңестер беру, презентация көрсету.

Бағдарламаның жас ерекшелігі: 8-10 сынып оқушыларына арналған

Өткізілу орны: даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнайы (түзету) мектеп-интернатының акт залы.

Реквизиттері: акт залының ортасында әсем безендірілген шырша тұр, шыршаның алдында ақ дастархан жабылған бес үстел тұр, үстелдерді жағалай бес-бестен орындықтар қойылған. Үстелдің үстінде шырын құйылған стакандар, түрлі кәмпит, тәтті тоқаштар, жемістер, әсем безендірілген майлықтар, дәл үстелдің ортасына шырша бұтақтарынан жасалп, кәмпиттермен безендірілген гүл шоғы қойылған. Зал қабырғасы әр түрлі ою, шарлар, құттықтау сөздер, қыс, жаңа жыл туралы салынған суреттер ілінген. Оқушылардың барлығы көздеріне маска тағып, сәнді кеш киімдерін киіп, мойындарына түрлі жылтыр мишураларды тағып, әр үстел басында жайғасып отыр. Зал ішінде жаңа жылдық жақсы көңіл күй сылайтын қазақша поп музыка ойнап тұр. Залда отырған оқушыларға қарсы бетте проэктор, экран, компьютер орналасқан.

Қатысушылар: Аяз ата, Ақшақар, 2 жүргізуші, аңшы, 2 оқушы, Алдар көсе, бай, «Жаңа жыл»

«Жаңа жылдық букет» атты шоу-бағдарламасының өткізілу барысы

Ақырын музыка ойнап тұр. Қысқы табиғат бейнеленген презентация (қысқы орман, өзен, далада жүрген жылқылар, құр, түлкі, қарғалар, қысқы жолдағы көліктер суреттері) жүріп тұр. Осы презентациямен бірге Марал Зейнел-Ғабиқызының «Қыс көрінісі» атты өлеңі сыртта оқылады.

Қыс көрінісі

Аппақ дала, қандай пәктік, тазалық!

Табиғаттың сыйы осы бір ғажайып.

Аспан мен жер аппақ болып тұтасып,

Көрінбейді көкжиегі қарайып.

Қар астында орман, тоғай, өзендер.

Мұз құрсанды жарқыраған терең көл.

Тіршіліктің білінбейді тынысы,

Қымтап алған ақ көрпесін белеңдер.

Қар жамылған кең далаға қарасаң,

Тіршіліксіз өлі екен деп қаласың.

Бақыласаң, бажайласаң, үңілсең,

Қайнап жатқан тіршілікті табасың…

Тебіндеген жылқылар жүр жайылып,

Пысқырынып қарамайды қайырылып.

Жоталары қырауланып, бусанып,

Шүйгін шөптен қалардай бір айырылып.

Қар астынан ұшып шықты бір топ құр.

Пыр-пыр етіп, доп-домалақ, қоп-қоңыр.

Анадайда жосып барад түлкішек,

Айналада бір адам жоқ, ит түгіл.

Қарғалар да топ-топ болып ұшады.

Мұнарланып күн де асығып батады.

Жол бойында бірлі-жарым көліктер,

Бұрқыратып, борандатып барады…

Осы кезде «Жұлдыз» би тобы баяу ойнаған музыка әуеніне «Қыс бейнесі» биін билейді де, олар би соңына қарай әр түрлі қимылдар жасай отырып, залға қолына сыйлықтар салынған қапшығы бар Аяз ата мен Ақшақарды алып ортаға шығарады. Оларды кеш киімін киген, маска таққан ұл мен қыз бастарын иіп қарсы алды.

Аяз ата:

Армысыздар, ханымдар мен мырзалар!
Алыс-алыс белдерден
Орман, тоғай, көлдерден
Асып өтіп келемін.
Ақшақар:

Армысыздар, оқушылар, ата-ана, ұстаздар
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын,
Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын!

1-жүргізуші: Қош, келіпсіздер, бір жыл сағына күткен аяулы атамыз бен сүйкімді бикешіміз!

2-жүргізуші: Сіздердің бізді ұмытпай, құттықтау үшін келіп қалғандарыңызға сондай қуаныштымыз.

Аяз ата: Мені, күткендеріңді көріп тұрмын. Шыршаларың да сәнді, көңіл-күйлерің де жақсы. Осы мекемеде «Жаңа жылдық букет» атты шоу-бағдарламакеші өтеді дегесін немерем Ақшақарды жетектеп алып келдім. Ал, енді, «Жаңа жылдық букеттерің» қайда, көрсетіңдер?

1-жүргізуші:Аяз ата, сіздер алыс жолдан шаршап келдіңіздер, енді отырып дем алыңыздар, жылыныңыздар, асықпаңыздар. Біз сіздерге «Жаңа жылдық букетімізді» кеш соңына қарай көрсетеміз. Оған дейін сіздерге, басқа да қонақтарымызға арнап дайындаған, жаңа жылдық шашуларымызды қарсы алыңыздар (Аяз ата мен Ақшақарға күні бұрын дайындап қойған 1-інші үстел жанындағы отыратын орындарын көрсетеді. Олар орындарына жайғасады).

2-жүргізуші: Кешіміздің бірінші шашуы — «Қош келдің, Жаңа жыл» атты ән шашу. Орындайтын 9 «а» сынып оқушысы Ағатаева Данара.

1-жүргізуші:Жаңа жыл — қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мереке. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды.

2-жүргізуші: Бүгінгі Жаңа жылдық кешіміздің сыйлы қонақтары — біздің ата-аналарымыз бен ұстаздарымыз. Сіздерге, Жаңа жыл мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер және татулық әкелсін!
Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін!
Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке үлесе берсін! - дей отыра, құттықтау сөзді мектеп-интернатымыздың директоры, аяулы ұстаз Айгүл Амангелдіқызына береміз.

Айгүл Амангелдіқызының құттықтау сөзі:

Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер, жасөспірімдер! Баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. Халқымызда “Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп” деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз. 2014 жыл біз үшін берекелі де, жемісті болды деп айтуымызға болады. Себебі бұл жылы біз, ең үлкен сыннан өттік. Ол — мемлекеттік аттестация. Мемлекеттік аттестация тек біздің мектебіміз үшін ғана емес, барлық білім беру мекемелері үшін - үлкен сынақ. Сол алдымыздағы сыннан мүдірмей, бір кісідей, өтуге ата-аналар, ұстаздар, оқушылар қауымының зор еңбегі, білімі мен іс-тәжірибесі, заманауи ойшылдығы мен іс-әрекеттері, ұжымдық, отаншылдық, алға ұмтылушылық қасиеттері көмектесті. Құрметті қауым, сіздерге көптен-көп рахмет айта отырып, келер 2015 жыл толағай табыстар әкеліп, халқымыз игілікке, мемлекетіміз молшылыққа, әр шаңырақ береке,бақыт пен шаттыққа кенеле берсін демекпін!

1 - жүргізуші: Балалар, мектеп-интернат директоры Айгүл Амангелдіқызынан шырша шамын жағуды сұрасақ қайтеді?
Барлығы орындарынан тұрып: Шырша шамы жағылсын! — деп 3 — рет қайталайды.
(Айгүл Амангелдіқызы шырша шамын жағады. Сол кезде барлық оқушылар жүргізушілермен бірге өлең жолдарын қайталайды).

Барлығы: Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат! (3 рет қайталау).

(Шамдар жанғаннан кейін барлығы қолдарын шапалақтайды, орындарына отырады).
1-жүргізуші:Әкем, анам! Аяулы асылдарым! Сүйенсем, тірегім, құласам, сүйеуім сендерсіңдер. Тамырын тереңге жайған бәйтеректей бәрімізге сая бола білген ата-анамызды жаңа жылмен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, бақытты ғұмыр тілейміз. Өмірдің шапағаты мен шуағына кенеліп, арамызда аман-сау жүре беріңіздер!

2-жүргізуші: Құттықтау сөз ата-аналар комитетінің мүшесі Есенбергенов Мәдидің атасына беріледі.

Мәдидің атасы: Құрметті, халайық!

Мынау, өтіп бара жатқан жылқы жылы, қазақстандықтар үшін жаман болған жоқ, керісінше, есте қаларлық жағымды сәттер көп болды. Келе жатқан 2015-інші жыл, қой жылы. Халқымыз қой жылын қашан да құтты жыл деп есептеген. Мәселен, осы жыл белгісінде, 1991 жылы еліміз егемендігін алды. Төрт түліктің ішінде семіздікті қой ғана көтереді — деген, мақал бар. Қой әрі сабырлы жануар, бабаларымыз қой жылы халыққа жайлы, елде молшылық болады дейтін. Сондықтан 2015 жыл - халық үшін жайлы, молшылық жылы болсын. Жаңа жылда халықтың әл-ауқаты жақсы болсын. Жастарымыз абыройлы, ақ жүзді болсын! Ұстаздар қауымына жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін. Бұл жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін.

1-жүргізуші: Құрметті ата-аналарымыз бен ұстаздарымыз, келесі «» атты би шашуын қабыл алыңыздар.

«Жұлдыз» би тобының орындауында «Қобыз бен домбыра» биі.

2-жүргізуші:Қошемет, құрметті халайық!

1-жүргізуші:

Жаңа жыл құтты болсын, замандастар!

Ұлағатты үлкендер, балғын жастар.

Жаңа жыл алып келсін құт-береке,

Жақсылық бола берсін алға бастар.

2-жүргізуші:

Жаңа жыл құтты болсын бәрімізге,

Қыдыр ата қонсын келіп төрімізге.

Бейбіт өмір орнасын бар әлемге,

Бақыт оты жарқылдасын көзімізде.

1-жүргізуші: Манадан бері Жаңа жыл деп айтып жатырмыз. Жаңа жыл мерекесінің шығу тарихы жайлы не білеміз?

2-жүргізуші: Жаңа Жыл мерекесі әр елде әр түрлі мезгілде, әртүрлі тойлайды. Мұсылмандар жаңа жылды қашан қарсы алды. (Балалардың жауабы: наурыздың 22-сінде). Дұрыс, жаңа жыл наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталған.

1-жүргізуші:

Жаңа жыл тұңғыш рет Месопотамияда тойланған. Ғалымдардың айтуынша, адам баласы алғашқы жаңа жылды біздің заманымыздан бұрынғы үшінші мыңжылдықта атап өткен. Жаңа жылды тойлау межесі Тигр мен Евфрат өзендеріне су толып, егін шаруашылығының басталған кезіне тура келеді. Уақыт өте келе, мереке Бабыл тұтқындары арқылы гректерге, ал гректерден Еуропаға тарай бастаған. Рим императоры Юлий Цезарь жаңа күнтізбе енгізген кезде, Жаңа Жылдың алғашқы күні 1 қаңтар болып есептелінген. Римдіктер Жаңа Жылды сәтті өткізу үшін бірінші күнді қуанышқа толы етіп қарсы алатын болған.
2-жүргізуші:

Сондай-ақ, Жаңа Жыл көне Мысыр елінде де тойланып келген екен. Ондаған ғасырлар бұрын шаруашылықта жаңа маусымға септік болатын Ніл өзені суының толассуының өмірлік маңызы бар болыпты. Сондықтан сол күннен бастап жаңа күнді тойлау дәстүрге айналып келеді.

1-жүргізуші:

Біз, Жаңа жыл мерекесін дәстүр болып қалыптасып қалған нышандар арқылы қарсы аламыз. Ол қандай нышандар? (шырша, Аяз ата, Ақшақар, сәнді, жаңа киім кию, мол дастархан жасау, сыйлық беру, көңілді ойындар өткізу, би билеп, ән айту).

2-жүргізуші:

Түрлі тарихи басылымдарда Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың 1-інде I Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, I Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрамның таңға дейін созылғаны жазылып жүр. Бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтардың шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың — көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады.

1-жүргізуші:

Мұрат Әджінің «Қыпшақтар» атты кітабында «Шыршалар мерекесі» деген тарау бар. Оның жазуынша, мереке ең басында құдайлар мен аруақтар мекені — жер шарының тура кіндігінде тіршілік еткен Жер — Судың (Иерсу) құрметіне арналыпты. Жер — Судың жанында ақ сақалды Үлкен (Ульген) есімді шал жүрсе керек. Түркілер оны үнемі әдемі қызыл шекпен киіп жүрген қалпында көріпті. Мұрат Әджінің дәлелдеуінше, ежелгі алтайлықтар шыршалар мерекесін 25 желтоқсанда, Күннің Түнді «жеңген» кезінен бастап, түркілер Күннің қайта оралғанына қуанып, Үлкенге (Ульген) алғыстарын жаудырыпты, оған тәу етіпті. Дұғаларымыз Тәңірінің құлағына шалынса деген үміт-арманмен Үлкеннің сүйікті ағашы — шыршаны үйлеріне әкеліпті. Бұтақтарына неше түрлі әсем шүберектер байлапты. Сонан соң дөңгелене қол ұстасқан қалпы шыршаны айналып: «Түн кетіп, Күн келсін», деп ән салған. Осылайша Мұрат Әджі бауырымыз Жаңа жыл түніндегі «үлде мен бүлдеге» бөленген шырша мерекесінің І Петр патшадан да әріде болғанын баяндап, ол түркілер дәуірінде сол халықта тойланған деп дәлелдейді.

2-жүргізуші:

Сонымен, Жаңа жылды тойлағанда бұл мерекенің де көшпелілер пайымымен байланысты екендігін ескеру керек. Өкінішке орай, бұл деректер бүкіл халықтың жадының игілігі бола алмай келе жатыр. Дегенмен, В.В.Цибульскийдің «Луно-солнечный календарь стран Восточный Азий», М.Ысқақовтың «Халық календары», Х. Әбішевтің «Аспан сыры» атты кітаптарында осы деректер қызықты баяндалады. Сол деректер бойынша Жаңа жыл таза көшпелілердің мейрамы екенін мойындаймыз. Бірақ Еуропа бұл мейрамға Аяз ата, шырша, шырақ жағу деген сияқты Еуропа елдері өздерінің этнографиялық реңктерін беріп, байытты. Содан бүгінгі күні мүлдем танымастай өзгеріп, Еуропалық мейрам болып шыға келді.

1-жүргізуші:

Ал, енді, құрметті достар, келесі шашуымызды жоғарыда аталған тарих беттеріне үңіле отырып, «Жаңа жылдық бал» шашуы деп атаймыз.Оны дайындап келген Ақшақар екен. Ортаға Ақшақарды шақырамыз.

Ақшақар ортаға шығып:

Құрметті, достар, біз ерте кездерде кештерде бал өткізіліп, сол балда түрлі билер биленетінін білеміз. Бүгін біз сол балға жаңа жылдық рең беріп түрлендіріп, ойын түрінде өткіземіз. Ол үшін ортаға барлықтарыңызды шақырамыз. Барлықтарыңыз шыршаны жағалай, бір-бірлеріңіздің қолдарыңыздан ұстап тұра қойыңыздар. (Барлығы шыршаны жағалай, қолдарынан ұстап тұрады).

Ақшақар:

Сонымен, бірінші би элементі «Шеңбер». Барлығымыз қолдарымыздан ұстап, шыршаны айнала оңға қарай, солға қарай жүреміз. Бағытымызды музыка тоқтағанда өзгертіп отырамыз. (Қимыл жасап жүру).

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности