link4032 link4033 link4034 link4035 link4036 link4037 link4038 link4039 link4040 link4041 link4042 link4043 link4044 link4045 link4046 link4047 link4048 link4049 link4050 link4051 link4052 link4053 link4054 link4055 link4056 link4057 link4058 link4059 link4060 link4061 link4062 link4063 link4064 link4065 link4066 link4067 link4068 link4069 link4070 link4071 link4072 link4073 link4074 link4075 link4076 link4077 link4078 link4079 link4080 link4081 link4082 link4083 link4084 link4085 link4086 link4087 link4088 link4089 link4090 link4091 link4092 link4093 link4094 link4095 link4096 link4097 link4098 link4099 link4100 link4101 link4102 link4103 link4104 link4105 link4106 link4107 link4108 link4109 link4110 link4111 link4112 link4113 link4114 link4115 link4116 link4117 link4118 link4119 link4120 link4121 link4122 link4123 link4124 link4125 link4126 link4127 link4128 link4129 link4130 link4131 link4132 link4133 link4134 link4135 link4136 link4137 link4138 link4139 link4140 link4141 link4142 link4143 link4144 link4145 link4146 link4147 link4148 link4149 link4150 link4151 link4152 link4153 link4154 link4155 link4156 link4157
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
Ақпараттық технологиялар — тұлғаның әлеуметтенуі мен тәрбие құралы

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Қожабақы ауылы

№25 мектеп мұғалімі Ундреева Нургуль

Тақырыбы :

Ақпараттық технологиялар — тұлғаның әлеуметтенуі мен тәрбие құралы.

Тұлға — адамдар арасындағы өзінің ұстаным орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын қоғамның өкілі ретіндегі адам. Әлеуметтену процессінде тұлға болып шығады

Өскелең ұрпақтың азамат болып қалыптасуы және оның шығармашылықпен дамуының негізі тәрбиеден бастау алады. Еліміздің ертеңі мен ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылығын талдағанда тәрбие проблемалары ерекше назар аударуды қажет етеді.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш — білім және білімді ұрпақ.

Адамның адам болуға лайықты және өмір сүре білуіне керекті басты қажеттіліктер:

1. Денсаулық қажеттілігі

2. Өзін қорғай алу және қауіпсіздік қажеттілігі

3. Ұжымда өзгелердің құрметіне ие болу және әлеуметтік ортада болу қажеттілігі

4. Өмірдің мәнін түсіну қажеттілігі

5. Өз мүмкіндігін іске асыра білу және өзіндік келбеті болу қажеттілігі

6. Даму үшін шығармашылық қажеттілігі

7. Атқаратын ісінен қанағат сезімін алу, ішкі талпынысын іске асыру, көңіл — күйін көтеріңкі ұстау қажеттілігі.

Қажеттілік баланың қызғушылығынан пайда болады. Осы қажеттіліктерді іске асыру кезінде адамның әлеуметтену процессі жүреді.

Тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам. Тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді:

● Адам ● Дос

●Ұл (қыз) ● Құқық қорғаушы

● Аға (қарындас) ● Патриот

● Немере (немере қыз) ● Азамат

● Туыс ● Қорғаушы

● Оқушы ● Ұлттық мәдениетті

● Ұжым, топ мүшесі қорғаушы және жасаушы

● Көш басшы ● Еңбекші

● Иегер ● Әлем азаматы

● Қалалық (ауылдық) ● Бейбітшілік орнықтырушы

● Көрші ● Эколог

● Бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі

1. Мемлекеттің білімді, адамгершілікті, тапқыр, кез-келген жағдайда дербес шешім жасай алатын, ынтымақтасуға және өзара іс-қимылға қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие тұлға тәрбиелеу мәселесі жөніндегі әлеуметтік сұранысына жыл сайынғы Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттыққа тәрбиелеу Мемлекеттік бағдарламасынан және т.б. аса маңызды құжаттардан орын алуда. Тәрбие үдерісіне тікелей қатысты негізгі құқықтар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін ақпараттық технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім мекемелеріне енуде. Жаңа технологияны меңгерту оқушының интеллектуалдық,кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

2. Білім беру саласын ақпараттандыру жағдайында кез — келген тұлғаға ақпараттық білім негіздерін игерту, ақпараттық — комуникациялық технология құралдарын білім алуда қолдану мен оның мүмкіндіктерін пайдалану дағдыларын қалыптастыру қажет.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттары болса, білім беру саласындағы педагогтардың басты міндеттері оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу.

ХХІ — ғасыр — білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Орта білім беру жүйесінде ақпараттандыруды дамытып, АКТ құралдарының жыл сайын динамикалық түрде ауысатынын, жеке тұлғаның компьютерлік сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеттілігі ілгерлейтіндігін, яғни әрбір оқушы ақпараттық технологияларды үйреніп қана қоймай, оны пайдалана білуі, интернет, электронды почта, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана білуі тиіс. Кез — келген пәндік әдістеме оқушыларға сол пәнді тереңдетіп игеруге, алған білімді практика жүзінде қолдануы мен проблемалық жағдайлардан шыға алуымен айқындалады.

Педагогтың сабақта АКТ-ны қолдану, ақпараттық тәрбие беру барысында оқушы бойына төмендегі дағдыларды қалыптастыра білуі қажет:

Ø Оқушы АКТ-ның мүмкіндіктерін жете түсінуі;

Ø Білімді қабылдап, сыни ойлау қабілеттерінің дамуы;

Ø Оқушының үздіксіз ізденушілікте АКТ-ны қолдану;

Ø Инновациялық қағидаларды үйреніп, оны практикалық тұрғыда қолдана білуі;

Ø Жаңа ғасыр ағымына бейімделе білуімен айқындалады.

Кез — келген педагог тұлғаны тәрбиелеуде сыныпта өзара ақпарат алмасу, оларды бір — бірімен бірлесе отырып, білімдер мен дағдыларын қалыптастыруға және өз ойларын еркін жеткізіп, ортаға салып, талдап, нәтиже шығара білуге бейімдеу үшін ақпараттық орта құруы қажет.

Жасөспірім тұлғасының дамуы мен қалыптасуы қашанда қоршаған ортамен қарым — қатынаста болудың жемісі. Өскелең ұрпақты тәрбилеуде ақпараттық бақылау қажеттілігі туындайды.Бұл мәселенің күрделілігі соншалық, дамуы жағынан артта қалған мемлекеттер үшін көкейкесті болмағанымен, батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдерінде педагогиканың басты міндеттеріне жатады. Бұл мәселе бізді, яғни педагогтар қауымы мен білім — тәрбие саласында жүрген мамандарды ойландыруы қажет. Қазіргі таңда ақпараттық технологияның жоғары жетістіктерге қол жеткізіп отырған заманда оқушылардың көпшілігі теледидар көру,ұялы телефонды пайдалану, видеоны пайдалану мүмкіндігімен қатар, көптеген балалар компьютерлік ойындарды ойнауға бейім. Ал БАҚ-ның бағдарламаларының көбісі бала дамуына кері әсер етеді.

Педагогика және психология түсіндірме сөздігінде: «Адамгершілік тәрбиесі тұлғаның сана — сезімін, іс — әрекетін қалыптастырып, құндылық бағдарын айқындайтын тәрбие түрі. Адамгершілік тәрбиесі білім, білік, дағдыларды игертумен бірге, тұлғаның ар — ұжданын, танымдық қызығушылығын кешенді түрде дамытады» деген түсінік берілген. Осы тұрғыда ақпараттық технологиялар осы талаптардан шыға ала ма? Деген сұрақ туындайды. Теледидар, ұялы телефон, видеоларда, компьютерлік ойындардағы атыс, шабыс, су тасқыны, қар көшкіні т.с.с жан түршігерлік көріністерден кейін тұлғаның психологиясы мен танымдыққызығушылығы артады деп айту қиын. Осы мәселелердің бүгінгі таңға дейін дұрыс жолға қойылмағандығына барлығымыз куәгерміз.

ҚОРЫТЫНДЫ

«Мектеп — жеткіншекұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана, егер болашақты қолдан шығарып алғың келмесе, оны берік ұстау керек», — дейді француз философы Анри Барбюс. Қазіргі педагогтарға қойылатын талап, ол оқушыға сапалы білім, жүйелі тәрбие және де саналы ойлау мен қабілет, түйсігін дамыту. ХХІ ғасырда оқушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратын ақпараттық техникалық құралдар екені бәрімізге мәлім. Қорыта айтқанда, баланы рухани дамытуда айналамен таныстыру, яғни ақпараттық құралдардың жақсы жағын тиімді пайдаланып, күрделі, қыр сыры көп әлеуметтік ортаға оқушыны бейімдеп тәрбиелеу психолог — педагог қауымының еншісінде екенін назарда ұстауымыз керек. Оқушы ақпараттың жақсы жетістіктерін бойына сіңіріп, рухани бай Тұлға ретінде әлеуметтенуі заман талабы.

Скачать

Скачать файл: undreeva-nurgul.docx
Посмотреть онлайн файл:



Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности