link3264 link3265 link3266 link3267 link3268 link3269 link3270 link3271 link3272 link3273 link3274 link3275 link3276 link3277 link3278 link3279 link3280 link3281 link3282 link3283 link3284 link3285 link3286 link3287 link3288 link3289 link3290 link3291 link3292 link3293 link3294 link3295 link3296 link3297 link3298 link3299 link3300 link3301 link3302 link3303 link3304 link3305 link3306 link3307 link3308 link3309 link3310 link3311 link3312 link3313 link3314 link3315 link3316 link3317 link3318 link3319 link3320 link3321 link3322 link3323 link3324 link3325 link3326 link3327 link3328 link3329 link3330 link3331 link3332 link3333 link3334 link3335 link3336 link3337 link3338 link3339 link3340 link3341 link3342 link3343 link3344 link3345 link3346 link3347 link3348 link3349 link3350 link3351 link3352 link3353 link3354 link3355 link3356 link3357 link3358 link3359 link3360 link3361 link3362 link3363 link3364 link3365 link3366 link3367 link3368 link3369 link3370 link3371 link3372 link3373 link3374 link3375 link3376 link3377 link3378 link3379 link3380 link3381 link3382 link3383 link3384 link3385 link3386 link3387 link3388 link3389 link3390 link3391 link3392 link3393 link3394 link3395 link3396 link3397 link3398 link3399
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
Біз өз құқығымызды білеміз бе?

Ахметова Багила Серикбаевна
Қызылорда қаласы,Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті,
Жанқожа батыр атындағы №70 тарих және құқық пәнінің мұғалімі.

Тақырыбы:

«Біз өз құқығымызды білеміз бе?»

Мақсаты:1.Оқушылардың құқықтық білімін арттыру.

2.Заңды өмірде қолдана білуге үйрету.

3.Заң негізінде өз құқығын талап ете білуге тәрбиелеу.

Түрі: Пікір сайыс.

Пәнаралық байланыс:тарих,әдебиет

Көрнекілігі:Қанатты сөздер,суреттер т.б

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушыларды топқа бөлу

2.Әділқазылар алқасы мүшелерімен таныстыру

Мұғалім: Құрметті ұстаздар,оқушылар бүгінгі 9 А сыныбында өткізілгелі отырған «Біз өз құқығымызды білеміз бе?»атты пікір сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Біз демократиялық жолда дамып бара жатқан ҚР азаматтарымыз.Біздің конституциямыздың Iбабында ҚР өзін демократиялық,зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады;оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары деп айтылған, сондықтанда әрбір азамат өз құқығын білуі керек.

I кезең.Бәйге. Екі топқа сұрақтар оқылады.

1.ҚР Конституциясының 1- бабы 1-тармағы(ҚР өзін демократиялық зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі мен құқықтары мен бостандықтары)

2.Адам құқықтары туралы халықаралық билль атты әйгілі 5 құқықтық құжатты атап көрсетіңіз.(Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы 1948 ж,экономикалық-әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы факт,азаматтық-саяси құқықтар туралы халықаралық факт 1966жылы,соңғысына қатысты 2-і факультативті хаттама)

3.«Қарны жарылғанша м елтеңдеп тойып алған мың басы,

жүз басы,әскери кеңес келіп кекірік атып отыратын болса оның басы алынсын»бұл қандай дала заңында айтылған.(Шыңғысханның ұлы жарғысы)

4.Балалар құқығы туралы конвенция қашан қайда қабылданған?(1989ж 20қараша БҰҰ бас ассамблеясының 47 сессиясы)

5.ҚР Егемендігі мен тәуелсіздігіне байланысты аса маңызды үш құжатты атап көрсетіңіз.(Егемендік туралы Декларация Тәуелсіздік туралы Конституциялық заң,Конституция)

6.ҚР құрылымы жағынан қандай мемлекет?(Унитарлы)

7.Рәміздер туралы Конституцияның 9-шы бабында не айтылған?(ҚР мемлекеттік нышандары,Туы,Елтаңбасы,Ән ұраны бар.Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді)

8.Баланың маңызды құқықтарын атаңдар.(өмір сүру,тірі қалу өсу құқығыөзінің аты-жөні,азаматтығы болу,жеке тұлғалық ерекшелігін сақтау,өз пікірін білдіру бостандығы ,ата-анасынан айырылмау,ой-ождан дін бостандығы,білім алу,денсаулық сақтау т.б )

9.ҚР билік неше тармаққа бөлінеді?(заң шығарушы,атқарушы,сот билігі)

10.Заң шығарушы билікті кім жүзеге асырады?(парламент)

11.Атқарушы билікті кім жүргізеді?(Үкімет)

12.ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды?(1995жыл 30 тамыз)

13.Конституция қанша бөлімнен тұрады?(9 тарау 98 бап)

14.Конституциялық міндеттеріңді атаңдар.(конституцияны,заңды сақтау,салықтарды төлеу,мемлекеттік рәміздерді құрметтеу,әскери қызмет атқару,табиғатты сақтау,қорғау,ҚР қорғау,тарихи мәдени мұраларды сақтау,азаматтардың құқықтарын бостандықтарын ар-намысын құрметтеу)

15.Саяси құқықтарыңды атаңдар.(митинг,жиналыс,демонст өткізу,сайлауға қатысу,бірлестіктер құру,мемлекет ісін басқаруға қатысу,өкімет органдарына арыз айту,мемл орг мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлау және сайлануға қатысу)

16.Экономикалық, әлеуметтік құқықтарыңды атаңдар.

(еңбек ету,өмір сүру,жалақы ,зейнетақы алу,денсаулық сақтау,білім алу,тынығу тұрғын үй,еңбек дауларын шешу,жеке меншік)

II кезең Тіл өнері. Мақал айтылады ішінен бір сөз яғни құқықтық заң терминдері жасырылады,сол сөздің дұрыс айтылуына назар аударылады.

1.Бір қазаға екі жаза жоқ 2.Мен ұрлық қылған күні ай жарық болды.

3.Әр елдің заңы басқа,иттері қара қасқа. 4.Елшіге өлім жоқ.

5.Тақыр жерге су төксең жүруге тайғақ болар,Жаманға сырыңды айтсаң айғақ ,болар.

6.Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің,анық достың қадірін,жалалы болғанда білесің.

7.Әділ істің арты игі. 8.Жолға шықсаң сайлан,бес қару байлан.

9.У ішкен бір өледі,ант ішкен мың өледі. 10.Би екеу болса,дау төртеу.

III кезең Кім тапқыр?

Проблемалық тапсырмаларды шеш.

1.Тапсырма 9-шы сыныптың оқушылары Нұрланның туған күнін атап өтті.Оның пәтерінен түн ортасы ауғаннан кейін шықты. Аулаға шыққан жасөспірімдер магнитафон әуені мен би-билеп ойнақ салды.Айқай-шу музыка дауысынан оянып кеткен тұрғындар биді доғаруды талап етті.Ересектердің ескертуіне құлақ аспаған жасөспірімдер тек полицияның араласуынан кейін ғана билеуді тоқтатты.Топқа сұрақ бұл жерде қандай құқық бұзушылық жасалды?(бұл жерде әкімшілік құқық бұзушылық жасалды)

2. Тапсырма 8 сынып оқушысы Маржанға үнемі Думан телефон соғып тұрады.Бір күні Маржан келесі бір телефон диалогі кезінде апасының басқа бөлмеде екінші телефон тұтқасынан оның әңгімесін естіп тұрғанын көріп қалды.Апасына ренжіп еді, ол сенің құпияңды апама айтып қоямын деп қорқытты.Маржан үшін оның құпия болғаны керек еді.Бұл жерде қандай құқық бұзушылық жасалды?(бұл жерде жеке бастың құқығын сақтау құқығына қол сұғылды)

Пайымдау

Ереже ме,әлде адам құқығы ма?

Сабақта шулауға болмайды

ереже

Әрбір азамат тегін білім алады.

құқық

Велосипедпен тротуарда жүруге тыйым салынған

ереже

Сенбі күні тазалық күніне барлық сыныптар қатысады.

ереже

Әрбір адам қай дін ұстанса да өз еркі

құқық

Әрбір адам еңбек ете алады

құқық

IV Кезең Бес жолды өлең

1.Зат есім 2.Сын есім 3.Етістік4.Сөйлем5.Синоним (Тарих,Құқық)

Мұғалім :Егер де ел боламыз десек бірінші сыныпқа барған балаларымыздан бастап үлкендерімізге дейін Ата-заңымызды оқып үйренуге, мүлтіксіз орындауға тиіспіз.Азамат неғұрлым білімді болған сайын ,соғұрлым ол өз Отанына көбірек пайда әкелері сөзсіз.Аталған білімін ұрпақ пен қоғам игілігіне жұмсауы тиіс . «Бақыт қонса басшы да ,бай болуда оңай ,ал азамат болу бақыт қонса да қиын.»

Ендеше сол Азамат деген ардақты атқа лайық өмір сүрейік.

Қорытынды : Әр топтың жинаған ұпайын есептеп жеңімпаз топты анықтау.

Скачать урок

Скачать файл: synyptan-tys-zhmys.doc
Посмотреть онлайн файл:



Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности