link2400 link2401 link2402 link2403 link2404 link2405 link2406 link2407 link2408 link2409 link2410 link2411 link2412 link2413 link2414 link2415 link2416 link2417 link2418 link2419 link2420 link2421 link2422 link2423 link2424 link2425 link2426 link2427 link2428 link2429 link2430 link2431 link2432 link2433 link2434 link2435 link2436 link2437 link2438 link2439 link2440 link2441 link2442 link2443 link2444 link2445 link2446 link2447 link2448 link2449 link2450 link2451 link2452 link2453 link2454 link2455 link2456 link2457 link2458 link2459 link2460 link2461 link2462 link2463 link2464 link2465 link2466 link2467 link2468 link2469 link2470 link2471 link2472 link2473 link2474 link2475 link2476 link2477 link2478 link2479 link2480 link2481 link2482 link2483 link2484 link2485 link2486 link2487 link2488 link2489 link2490 link2491 link2492 link2493 link2494 link2495 link2496 link2497 link2498 link2499 link2500 link2501 link2502 link2503 link2504 link2505 link2506 link2507 link2508 link2509 link2510 link2511 link2512 link2513 link2514 link2515 link2516 link2517 link2518 link2519
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
Ісімізбен ілгері басайық!

Регион: Казахстан, Кызылординская область, г.Аральск

Арал көпсалалы колледжінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Гүлхан Шарапатқызы Тілепова

Ісімізбен ілгері басайық!


«Қилы-қилы заман болар,қарағай басын шортан шалар»-деген екен ұлы Бұқар жырау атамыз. Тәуелсіздік алдық дегенмен,әлі де арып,тоны тозып жүрген сала-оқу-тәрбие.

Сондықтан бүкіл оқу-тәрбие жұмысының мазмұны ұлттық сананы қалыптастырудан басталу керек. Өз халқының тарихын,әдебиетін,мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрін жете меңгермеген ұрпақ шала туған төл сияқты.

Сондықтан «Біздің идеологиямыздың мазмұны мен мақсаты,халқымыздың ауыз бірлігі мен ынтымағына негізделеді»-деген президент нұсқауын басшылыққа алу керек. Олай болса,бізде енді бір 20-25 жылдан кейін қазіргі жас ұрпақ қазақ елі деп аталатын ортақ үйіміздің қара шаңырағына уық боп шаншылып,мемлекетті басқарудың тұтқасын қолына алады деп қарауымыз керек. Кескін-келбеті мен болмыс-бітімі сан құбылып,қилы өзгерістерді басынан кешіріп отырған осынау қиын заманда көш соңында қалып қоймай,өзгелермен терезесі тең,іргелі ел болуы үшін білімді де білікті әрі іскер жастардың бірнеше ұрпағы өсіп жетілсе,солар ғана еліміздің елдігін сақтай алады.

Ел үшін еңіреп туып,халық қамын ойлайтын болашақтың кемеңгер ойшылдары да осылардың арасынан шығары сөзсіз. Кемелденген қуатты қоғам орнатамыз десек,ең алдымен сол қоғамның басты байлығы,ұлттық мәйегі- жас ұрпақ тәрбиесін бір сәтте естен шығармауға тиіс екенімізді сезінуіміз керек.

Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаев саясаты кемел ұрпақ үшін жарқын болашақ бастауының даңғыл жолы екендігін түсіндіру әрбір ұстаздың міндеті деп түсінемін.

Тәуелсіз елдің әрбір ұрпағы ұлтар мен ұлтарды бір-бірімен ерекшелеп тұратын қасиет ұлттық өнеріміз дей отырып өзімнің шәкіртімнің мына бір өлең жолдарын келтіргім келді:

Бостандықты бағалай біл, жас ұлан!

Бостандықты бағалай біл, жас ұлан!

Келген жоқ ол оңайлықпен тосыннан.

Тәуелсіздік сенің ұлы қазынаң.

Қадірлей біл,дұшпаннан сен жасымнан.

Басынан бұл қазақтың нелер өтті,

Жамандық пен жақсылық бәрі кетті,

Жиырмасыншы ғасырды шыңдаған соң,

Аңсаған еркіндікке қолы жетті.

Мехнат,Зардап,жамандық жақсылық та,

Қолын бұлғап қалсын өткен ғасырда.

Ол бір тарих,сырғып өткен сағымдар,

Еске аламыз қазіргі өмір ағымда.

Заманы өтті он алтының біздің бастан,

Азап көрдік,аштықтан да,сұм соғыстан,

Соның бәрін жеңіп шықтық бір тілекпен,

Ұлтым азат,болсын еркін Қазақстан!

Заман өтті сексен алты қатал қыста

Дауылда да, дабылды сұм желтоқсан,

Сонда да оны жеңдік сол тілекпен,

Ұлтым азат, болсын еркін Қазақстан.

Сол бір жылы тоқсан бірдің қысында,

Елім менің еркіндікке қадам басқан,

Сол қазағымның Қайратының арқасында

Ұлтым азат,болды еркін Қазақстан.

Тәуелсіздік туы көкке желбіреді .

Халқым менің шаттық үнге кенелді.

Содан бері бүгін міне,он жыл бопты

Еркіндіктің еңсесін тіктегелі.

Егемен еліміздің жарқын болашағы үшін,оны болашақ жеткіншегін тәрбиелеу оқу -тәрбие саласының ең жауапты саласының бірі.Оның жанды дәлелі ретінде ,өзімнің өткізген тәрбие сағатымды оқушымның шығармасын алға тарта отырып , шәкірттерімді тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы екендігін түсіндірдім.Оқушымның бұл шығармасы Тәуесіздігіміздің 10 жылдығында Менің Қазақстаным .Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған жалпы білім беретін кәсіптік мектеп пен колледж олқушыларының таңдаулы шығармалар топтамасында жарық көрді.

Астана: Алматы кітап , 2001 — 240 бет.

Қазақтың салт-дәстүрін төрт түлік мал қасиетін сезіндіретін «Ата кәсібі — бала нәсібі» деген тақырыпта ата-аналарды қатыстыра отырып дөңгелек стол өткіздім.Мұндағы мақсатым ,жас ұрпақты адал еңбегімен өмір сүруге бейім ,іскер адам тәрбиелеу.Болашақ ана, қазіргі қазақ қыздарына тән ісмерлік істер ,ұлттық тағамдар туралы күнделікті айта жүріп «Сүт және онан өндірілетін тағамдар»деген тақырыпта ашық сабақ өттім.Ауыл шаруашылығын дамыту тәуелсіз еліміздің жарқын болашағына үлкен үлес екенін сезіндіре отырып «Азаматтың жақсысы әкенің ақылымен,жаманы ақшасымен күн көреді» деген тақырыпта оларды өз-өзіне сын көзбен қарап әрбір іс әрекетіне есеп беруін ұғындыру барысында топтар арасында жарыс өткізіп , пікір талас кешін өткіздім. «Тілім- тірегім» деген тақырыпта тәуелсіздігіміздің 21 жылдығына сәйкес аудандық қазақ тілі қоғамының төрағасы А.Трахановпен бірлесіп оқушылар арасында кездесу ұйымдастырып тіл туралы мағұлымат бердік. «Жақсы іске бастаса да,әбүйір бастайды.Жаман істен сақтаса да,әбүйір сақтайды» демекші қазіргі жартылай жалаңаштанған қыз- жігіттердің әрекетіне сәйкес ,ұлттық киім оның жарасымы ,ұят деген түсінікті қалыптастыру мақсатында өзара пікір алысамыз.Отанға деген сүйіспеншілік ,туған жер тақырыптарына оқушылар шығармашылығын ұйымдастырып отырамыз.Негізінен , мұғалімдер мен ата-аналардың міндеті –жастарды өнер-білімге ,адамгершілікке тәрбиелеу. «Халық айтса , қалт айтпайды»,демекші жас ұрпақ бойына халықтық педагогиканың айтар бар заңдылықтарын егу ұстаз деген ұлы есімге міндет.Ол өзінің бойындағы қазынасын шәкіртері үшін жұмсайды. Өмір үлкенге де, кішіге де ұстаз.Сондықтан бұл іске баса назар аударған жөн.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности