Ұстаз жолы ұлы жол. Ұстаздық деген өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау деп түсінемін. Әр баланың шырағын жаға білу біз үшін бақыт, біз үшін шаттық. Бірақ ұстаздың жолы өте ауыр жол дер едім, кейде еңбегің аталып бақытқа кенелесің, кейде ақталмаған еңбек үшін тұңғиыққа батып кеткендей боласың.