Казахстан, Акмолинская область, Целиноградский район, с. Новоишимка
Средняя школа № 32
Учитель истории
Кульмагамбетов Т.М.
Эпиграф: Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 27 жылдығына арналады.
3-деңгейлі тапсырмалары бар карточкалар, тақтадағы жұмбақ сөздер жасырынған анаграмма.
- Сынып журналын толтырғанға дейін оқушыларға үй тапсырмасын қайталауға уақыт беремін.
- Сабақтың мақсатымен таныстыру.
‑ Үй тапсырмасын тексеру үшін тақырыпты екі бөлімге бөліп сұраймын.
а) Қазақ әдебиетіндегі тоқырау жылдарының көріністері.
б) Ұлттық өнер.
‑ Оқушылардың білімдерін жанжақты тексеру үшін қойылатын тестік сұрақтар:
а) Ж. Молдағалиев б) Ә. Нүрпейсов
ә) Ғ. Мүсірепов в) Б. Момышұлы
а) Ғ. Мүсірепов б) І. Есемберлин
ә) О. Сүлейменов в) Ә. Әлімжанов
а) 6 млн 51 мың б) 6 млн
ә) 5 млн 77 мың в) 6 млн 75 мың
а) 37,81 % б) 37,95 %
ә) 36,12 % в) 36,92 %
а) К. Күмүсбеков б) Н. Тілендиев
ә) Ғ. Жұбанов в) Е. Рахмадиев
а) 12 мың б) 21 мың
ә) 16 мың в) 19 мың
Әр деңгейлі карточкалар:
1 карточка.
Ғ. Мүсіреповтың Социолистік Еңбек Ері атағына ие болуы.
2 карточка.
«Ұстаздың оралуы» туралы роман.
3 карточка.
«Қазақкітап бірлестігінің қазақ тілінде жазуы…»
4 карточка.
Қазақ әншілерінің шетелге танылуы.
5 карточка.
«Атаманның ақыры», «Қыз Жібек» сынды фильмдерді халықтың ілтипатпен қабылдауы.
6 карточка.
Повестер мен романдардың сахнада қойылуы.
Жоспар:
- Қазақ жастарының ұлттық санасының қалыптасуы.
- КСРО‑да қайта құрудың басталуы және оның Қазақстанға әсері.
- 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының барысы және қорытындылары.
Баяндау әдісімен қазақ зиялыларының портреттерін қолдана отыра Алаш — Орда үкіметінің еліміздің егемендігін, мемлекеттігін қалпына келтіруге ат салысқанын түсіндіремін.
Қорғай алмадық…
1937 жыл тарихымызда қуғын‑сүргінге ұшыраған адамдарды жаппай қырған қанды жылға айналды. Осы жылдары қазақ халқының ең жарқын зиялылары тұтқынға түсіп, атылды.
Олар: Алихан Бөкейханов,
Ахмет Байтұрсынов,
Сәкен Сейфуллин,
Бейімбет Майлин,
Жүсіпбек Аймауытов,
Тұрар Рысқұлов,
Ілияс Жансүгіров,
Мыржақып Дулатов,
Мағжан Жұмабаев,
Ораз Жандосов.
Осы ағаларымыздың аруағына тағызым етіп бір минут еске алайық.
1954 — 1956 жылдары Қазақстанда тың және тынайған жерлерді игеру науқаны бастады. Тың игерудін желеуімен 1960 жылдардың басына дейін Қазақстанға 2 млн‑ға жуық адам қоныс аударды. Олардың басым көпшілігі славян тектілер еді. Соны пайдаланып Республикамыздың 5 солтүстік облыстары «Целинный край» болып, Ресей федерациясының құрамына кетіп қала жаздады. Олар: Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Қостанай, Павлодар және Целиноград облыстары еді. Осы жылдары қазақ халқының патриоттық рухын көтерген «Менін Қазақстаным» әні шығып, Радиодан 2-3 рет күніне беріліп жатты 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына ұйтқы болған, қазақ халқының ұлттық санасының қалыптасуына себепші болған 1979 жылы болған Целиноград оқиғасы. (Қысқаша баяндау)
1985 жылы наурызда КОКП‑басшылығына М.С. Горбачев келіп, елде қайта құру басталды. (Қысқаша баяндау)
- Демократияшыл жастар қозғалысының себептері мен басталуы.
- КОКП‑ның нұсқауымен 1986 жылғы 16 желтоқсандағы КазКП ОК‑нің пленумы.
- Д.А. Қонаевтың орнына орталық өкілінің ұсынысы бойынша Г.В.Колбинды тағайындау.
- Желтоқсан оқиғаларының сипаты.
17 — желтоқсанда Брежнев атындағы алаңдағы қазақ жастарының бейбіт шеруі. 18 — желтоқсанда әскери училищенің курсанттарының жастарға көрсеткен озбырлығы мен қатыгездігі.
- Жапай жазалау. (Саханалық көрініс, «Желтоқсан жаңғырығы»)
Интербелсенді тақтаның,компютердің көмегімен бейне роликтер көрсету.
1 — ші оқушы.
– Желтоқсанда.
Алматыда, Ақ қарда.
Алма бақтар ақ қырауға батқанда,
Күнірене күн күркіреп тау жатқан.
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
Көрініс: Жастардың алаңға шығуы.
«Әрбір ұлттың өз көсемі болсын»
«Ешбір ұлтқа артықшылық берілмесін»
«Жасасың ҚАЗАҚСТАН» транспоранттары.
2 — ші оқушы.
Қазағым‑ау! Қашанғы қор болып қой сияқты жүре бермекпіз?
Не тілімізді, не жерімізді жаттан қорғай алмай мүсәпір күнге түстік қой,
Абылайдай ер бармысын, қайдасын?
3 — ші оқушы.
‑ Кім көріпті о заманда, бұл заман,
Найзағайды көк аязға құлаған.
Кеуделерде үрей бәрі ұялады,
Болсайшы аман, мына ғалам, дін аман.
‑Бұрын көктем көкірегін тілгілеп,
Найзағайлар от билігін тұр билеп,
Ақ боранда құтырады ит деушеді.
Алматының иттері ұлып, үрді кеп.
Бауыржан Үсенов «Ерге салған жыр гүлі» мәтінен үзінді
Қайратты тергеуге әкелді
ҚАЙРАТ:
Таспа тілегендей тәнімнен тозақ ұштырдым,
Балағаттайсың маған, бір түйінін түсіндім.
Жазықты емеспін, қайталай берем несіне
Оқып көр міне өленге түнде түсірдім.
ТЕРГЕУШІ:
Түкірдім мен жырларыңа
Ит, не деген өткір едін,
Ине сұқтым тырнағыңа,
Өлердей ғып тепкіледім.
Алдап арбау тәсілімен,
Мойындата алмадым.
ҚАЙРАТ:
Мойындата алмайсын,
ТЕРГЕУШІ:
Байқа, 87-бұл бүлікі көп,
Отырысың ғой қылмыстын дүбүрі боп,
Тілінді безеп, өлен айт, маған десең
Совецкиді өлтірдің алаңда сен.
ҚАЙРАТ:
Бітер екен осы бір «кенес» қашан
Өлтіргем жоқ, көргем жоқ мен ешқашан,
Сенбесеңіз құдай менен достар куә.
ТЕРГЕУШІ:
Жылап бүркіт болмас 10 мың қарға
Үкіметті мұқатпақ болдындарма?
Бәрібір іске аспады амалдарың,
Қарағайдай қаңқылдаған қадамдарың.
Жарық дүниеге сені енді қайтармаймыз,
Паспортыңды атуға даярлаймыз.
ҚАЙРАТ:
Күнәдән таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Бозторғайдай жаным бар,
Алм десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық.
Атам десең атыңдар.
80 — ші жылдардың II жартысында ұлттық тәуелсіздік және егемендік мәселелері алдыңғы қатарға қойылды. 1988 жылы қазақтың ұлтжанды зиялары: Шәкәрім Құдаберді ұлы, Алихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мыржақып Дулатов ақталды.
4 — ші оқушы.
Ең бірінші бақытым — халқым менін,
Саған берем ойымның алтын кенін,
Ол бар болса мен бармын қор болмаймын
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің
Ал екінші бақытым — тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім
Кей — кейде дүниеде түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім,
Бақытым бар үшінші — Отан деген,
Құдай деген кім десе?
Отан дер ем!
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай — кел дағы от ал менен.
Үш бірдей бақытты бар алақандай,
Мені мұндай бақытты жаратар ма!
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан!
Атырау, Алтай, Арқа, алатауға.
Үйге тапсырма беру: Сабақты қорыта келе, оқушылардың білімдерін бағалап, сынып журналына бағаларын қоямын. Бағалармен таныстырамын. Үйге оқып келуге §32 беріледі.