link7865 link7866 link7867 link7868 link7869 link7870 link7871 link7872 link7873 link7874 link7875 link7876 link7877 link7878 link7879 link7880 link7881 link7882 link7883 link7884 link7885 link7886 link7887 link7888 link7889 link7890 link7891 link7892 link7893 link7894 link7895 link7896 link7897 link7898 link7899 link7900 link7901 link7902 link7903 link7904 link7905 link7906 link7907 link7908 link7909 link7910 link7911 link7912 link7913 link7914 link7915 link7916 link7917 link7918 link7919 link7920 link7921 link7922 link7923 link7924 link7925 link7926 link7927 link7928 link7929 link7930 link7931 link7932 link7933 link7934 link7935 link7936 link7937 link7938 link7939 link7940 link7941 link7942 link7943 link7944 link7945 link7946 link7947 link7948 link7949 link7950 link7951 link7952 link7953 link7954 link7955 link7956 link7957 link7958 link7959 link7960 link7961 link7962 link7963 link7964 link7965 link7966 link7967 link7968 link7969 link7970 link7971 link7972 link7973 link7974 link7975 link7976 link7977 link7978 link7979 link7980 link7981 link7982 link7983 link7984 link7985 link7986 link7987 link7988 link7989 link7990 link7991 link7992 link7993 link7994 link7995 link7996 link7997 link7998 link7999 link8000 link8001 link8002 link8003 link8004 link8005 link8006 link8007
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Ағылшын тілі пәнінен орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауына арналған оқу-әдістемелік құралы

Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Ақсу қаласы

"1 қазақ орта мектебі" КММ

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Турумтаева А.С.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Сарсенбаева А.А.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Жампетова К.Е.

КІРІСПЕ

Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады.

Оқыту сапасын арттыруда білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету; оқушылардың алған білімдері тез өзгеретін әлемде табысқа жеткізетіндігінен қанағаттану; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру қажет.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2015 жылы оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (одан әрі — ОЖСБ) аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ барысында қолданылды.

Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.

Оқу сауаттылығы — оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері.

Оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың мағынасы

Мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) 2004 жылы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты енгізілді. Бұл рәсім мемлекеттік бақылаудың бір түрі болып табылды және республикамыздың орта білім беру ұйымдарының 4 пен 9 - сыныптарында, жоғары оқу орындарының 2 (3) курстарында өткізілді. Министрлік белгілеген төменгі шекті деңгейден өте алмаған білім беру ұйымдары кезектен тыс аттестаттауға жататын. Бақылаудың бұл түрі өзінің оң рөлін және өзіне жүктелген міндеттерді атқарды деуге болады.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына білім беру ұйымдарына тәуелсіз оқыту сапасына мониторинг жүргізу үшін сәйкес 2011 - 2012 оқу жылында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) рәсімі енгізілді.

ОЖСБ - ны уәкілетті орган жүзеге асырады және білім беру қызметінің сапасын бағалау және білім алушыларды жалпыға міндетті білім беру стандарттарын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында негізгі мектепте (9 (10) сыныптан кейін), жоғары оқу орындарында (4 - курста) - оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруді мониторингілеу мақсатында іске асырылады.

ОЖСБ негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушылар білім алып жатқан білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.

ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында қағаз тасымалдағышта және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып өткізіледі.

Тапсырмалар жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді,олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберінен шықпауы керек.

9 (10) сыныптарда ОЖСБ рәсіміне міндетті түрде қазақ тілі пәні және уәкілетті органмен жыл сайын белгіленетін, өткізудің алдында ғана белгілі болатын 3 пән енгізіледі. Мұндай шара білім беру ұйымдарында бағдарлама талапқа сай меңгеріліп, оқушылар белгіленген пәндер бойынша ғана емес, барлық пәндерден бірдей дайындалу үшін қажет.

Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 20.

Тестілеуге 4 пән бойынша 120 минут (2 сағат) беріледі.

Оқыту бағыттары бойынша жоғары білім мамандықтарының және ОЖСБ өткізілетін жоғары оқу орындарының тізбесін жыл сайын уәкілетті орган белгілейді. ОЖСБ - ны өткізу үшін ММББС - ның базалық және бейіндік пәндерінің циклдары бойынша әзірленген тест тапсырмалары пайдаланылады.

ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында 4 пән бойынша, уәкілетті орган белгілеген мерзімде өткізіледі.

ОЖСБ - ны өткізудің белгіленген тәртібінің және оның ережелерінің сақталуына бақылауды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім саласындағы бақылау департаменттері мен Министрліктің уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.

Тестілеуді өткізуге дайындық кезінде оқушылармен тестілеу материалдарын ресімдеу және тестілеу барысында тәртіп сақтау ережесі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

МАБ пен ОЖСБ - ның арасындағы ерекше айырмашылық білім беру ұйымдарына қатысты құқықтық салдарлардың болмауы болып табылады. ОЖСБ нәтижелері әрбір білім беру ұйымдарындағы көрсетілетін білім беру қызметінің сапасы туралы оқушыларды, студенттерді, ата - аналар жұртшылығын кең көлемде хабардар ету үшін пайдаланылатын болады. Бұл ретте, жеткілікті даярлау деңгейін қамтамасыз етпеген білім беру ұйымдары жағдайды өзгерту үшін шұғыл шаралар қабылдайтын болады.

Түсініктеме хат

Ағылшын тілі пәнінен 9-сыныпқа арналған оқу жетістіктерін сырттай бағалауоқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

Күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім беру деңгейінің «Тіл және әдебиет» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламасын (5-9 сыныптар) басшылыққа ала отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы,

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы;

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу жөніндегі нұсқаулық;

2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы негізінде құрастырылды.

Бұл бағдарлама оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға және коммуникативтік құзыреттерін кеңейтуге, сөйлеу дағдыларын және әлеуметтік-мәдени біліктерін толықтырып жетілдіруге көптілді тұлға қалыптастыруға бағытталған.

Оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

Бағдарламаның мақсаты: Оқушының қарым-қатынас мәдениетін дамытуға жағдай туғызу, грамматикалық ережелерді ескере отырып, еркін таза сөйлеуге бейімдеу, үйрету.

Міндеттері:

  • сөздік қорын молайту арқылы сөйлете білу;
  • оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;
  • шығармашылық қабілеттерді дамыту;
  • оқушылардың логикалық ойлауының бірізді болуын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер

  • мәтінге сүйене отырып оның негізгі мазмұнын айта алуы;
  • маған ұнайды/ұнамайды деген сияқты сөздерді қолдана отырып оқығанына өз пікірін айта алуы;
  • сұрақ-жауап түрінде сөйлеу;
  • танысу, өзін таныстыру және жауап бере алуы;
  • естіген ақпарат хабарды өз тәжірибесімен салыстыру, ой елегінен өткізу, оларды бағалай білуі;
  • жаңа сөздердің мағынасын пайымдай білу.

Оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымы

9-сынып курсы үшін әлеуметтік-техникалық, оқу-еңбек және әлеуметтік-мәдениеттік салалары қамтылған оқу бағдарламасына төмендегі оқу тақырыптары енгізілген:

Лексикалық минимумның орфографиясы.Мысалы exemplifying-especially, particularly, for example, such as, reason: because, due to, since, as. Предлогтар:from, to, at, in, by, into, on, off, out, out of.

Сонымен қатар грамматикалық құрылымдарды меңгеру жалғастырылады: Present Continuous Passive, Past Continuous Passive Tense, Past Future Perfect Continuous Active, First, Second Conditional; Participle One, Direct and indirect speech; Past Perfect Continuous Active, Past/Future Perfect Continuous Active; Present Continuous Passive, Past Continuous Passive, Gerund

Оқу-тақырыптық жоспар

Тақырып

Сағат

1

Article/ Артиклдер

1

2

“to be» етістігінің осы шақтың формалары

1

3

“to be» етістігінің өткен шақтың формалары

1

4

«to do» етістігінің формалары

1

5

«to have» етістігінің формалары

1

6

The Plurals of The Nouns/ Затесімдердіңкөпшетүрі

1

7

The Degrees of Comparison of Adjective/ Сың есімнің шырайлары

1

8

World formation/ Сөз жасау

1

9

The Numerals / Сан есім

1

10

The Pronouns /Eсімдіктері

1

11

The Possessive Case / Тәуелді септік

1

12

The Prepositions/ Қосымшалар

1

13

There +be орамы

1

14

The Present Simple Tense/Жалпы осы шақ

1

15

The Future Simple Tense/ Жалпы келер шақ

1

16

The Past Simple Tense/ Жалпы өткен шақ

1

17

The Present Continuous / Жалғаспалы осы шақ

1

18

The Past Continuous Tense / Жалғаспалы өткен шақ

1

19

The Future Continuous Tense/ Жалғаспалы келер шақ

1

20

The Present Perfect Tense/ Осы шақтың аяқталған түрі

1

21

The Past Perfect Tense /Өткен шақтын аяқталған түрі

1

22

The Future Perfect Tense / Келер шақтын аяқталған түрі

1

23

The Passive Voice / Ырықсыз етіс

1

24

The Modal Verbs/ Модаль етістіктер

1

25

The Gerund /Герундий

1

26

The Infinitive / Инфинитив

1

27

The Participle / Есімше

1

28

Мany, much, (a) little, (a) few есімдіктері

1

29

The Conditionals/ Шартты сөйлемдер

1

30

Direct and indirect speech / Төл және төлеу сөз

1

31

Used to do құрылымы

1

32

Types of the questions /Сұрақтардың түрлері

1

33

Country studying/ Елтану

1

34

Proverbs / Мақалдар

1

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности