link0 link1 link2 link3 link4 link5 link6 link7 link8 link9 link10 link11 link12 link13 link14 link15 link16 link17 link18 link19 link20 link21 link22 link23 link24 link25 link26 link27 link28 link29 link30 link31 link32 link33 link34 link35 link36 link37 link38 link39 link40 link41 link42 link43 link44 link45 link46 link47 link48 link49 link50 link51 link52 link53 link54 link55 link56 link57 link58 link59 link60 link61 link62 link63 link64 link65 link66 link67 link68 link69 link70 link71 link72 link73 link74 link75 link76 link77 link78 link79 link80 link81 link82 link83 link84 link85 link86 link87 link88 link89 link90 link91 link92 link93 link94 link95 link96 link97 link98 link99 link100 link101 link102 link103 link104 link105 link106 link107 link108 link109 link110 link111 link112 link113 link114 link115 link116 link117 link118 link119 link120 link121 link122 link123 link124 link125
Худжанова Алия Заркешевна
Должность:методист (старший воспитатель)
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область, г.Павлодар
Білім беру саласы: Таным, қатынас, шығармашылық Оку іс-әрекеті:: Экология, тіл дамыту, сурет салу Тақырыбы: «Еңбекшіл құмырсқа» - ТРИЗ технологиялар бойынша интегралдық сабақ.

Білім беру саласы: Таным, қатынас, шығармашылық

Оку іс-әрекеті:: Экология, тіл дамыту, сурет салу

Тақырыбы: «Еңбекшіл құмырсқа» - ТРИЗ технологиялар бойынша интегралдық сабақ.

Мақсаты:

1. Танымдылық; жәндіктер жүйесінің қоршаған әлемдегі орнын көрсету; құмырсқаның тіршілігімен таныстыру арқылы жәндіктердің ерекшеліктері туралы түсінік беру; «сиқырлы экранның» әйнектерін толтыру арқылы құмырсқаның дамуын көрсету, жәндіктерді ажыратуға, сыртқы бейнесінен тани білуге үйрету.

2. Дамытушылық: Балалардың ой-қиялдарын дамыту; өзін басқа заттың немесе тірі жаннын орнына қойып сезіну іскерліктерін дамыту.Дұрыс сұрақ қоюға және сұрақтарға толық жауап беруге, байланыстырып сөйлеуге машықтандыру. Түрлі тірек — сызбалар бойынша қиял- ғажайыптарды елестетіп, суретті өзіне жалғастыру іскерліктерін дамыту, дұрыс болуды бекіту.

3. Тәрбиелік: Табиғат мекендеушілердің өміріне қызығушылыққа тәрбиелеу; заттардың «қос құпиясын» көруге дағдыландыру; табиғатқа қамқорлық сезімге тәрбиелеу.

Алдын ала жұмыс: Серуенде жәндіктерді бақылау, жәндіктер туралы көркем сөздерді жаттау, әңгімелесу.

Көрнекіліктер: Айналаны қоршаған әлемнің үлгісі, «Сиқырлы экран» (9 әйнекке бөлінген ватман); жәндіктердің суреттері, «Ақ және қара» дидактикалық ойынға арналған құралдар, әр балаға тірек- сызбалар суреттелген қағаздар, түрлі-түсті қарындаштар, «табиғат әуендері».

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

1 Мотива-циялық қозғаушы-лық

2. Ұйымдас-тыру — іздестіру

«Табиғат әуендері» музыка қойылады, психожаттығу жасалады

2 — бөлім сурет салу

3. Рефлекса-ция коррекциялау

Көркем сөз:

Шаттық шеңбері: Біз қандаймыз,

қандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз,

күлімдеген күндейміз

Еш уайымды білмейміз,

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, апайлар!

Дид. ойын: «Көңіл күй»

Тәрбиеші: Сендердің де көңіл-күйлерін бүгін қуанышты, жақсы болсың!

Балалардың назарын тақтадағы қоршаған әлемнің моделіне аударып:

Бүгін біз не туралы әңгімелесеміз ойын арқылы білеміз.

«Ия - жоқ» ойынның ұйымдастыру арқылы балаларға сабақ тақырыбын айту «Еңбекшіл құмырсқа».

Дұрыс, балалар, бүгін біз құмырсқа туралы әңгімелесеміз. Құмырсқаның суретін «сиқырлы экранның» ортаңғы әйнегіне қойып, сұрақтар қою:

- Құмырсқа тірі табиғаттың қай жүйесіне жатады

- Құмырсқа қандай? Денесі қандай? Түсі ше? Аяқтары неше?

Мұртшалары бар ма?

- Қазір қандай жыл мезгілі?

- Құрт — құмырсқалар көктемде не істейді?

- Көктемге дейін қандай жыл мезгілі болды?

- Сонда құмырсқалар болды ма?

- Олар қайда болды? Қандай болды? қалай ойлайсыңдар?

Құмырсқаның пайда болуын түсіндіріп, «сиқырлы экранның» әйнектерін қою.

- Ал көктемнен кейін қандай жыл мезгілі болады:

- Сонда құмырсқалар не істейді?

Илеу — құмырсқаның жерде жасаған үйі — балаларға түсіндіру.

- Сонда олар илеуінен шығып, не істеп жүреді жаз бойы?

- Құмырсқалар немен қоректенеді?

- Құмырсқалар адамға зиян келтіре ме?

- Олардың илеуін бұзуға болады ма?

- Қандай тағы да жәндіктерді білесіңдер?

- Барлық жәндіктердің қандай ұқсастығы бар?

- Жәндіктер қайда өмір сүреді?

- Жәндіктер шөптің, гүлдердің арасында жүреді, сондықтан мен сендерді «Гүл мен көбелек» жаттығуға шақырамын, шеңбер құрып тұрайық.

- Біз қазір балалар емес, біз кішкентай гүлдер боламыз. Жаңа ғана жылы жұмсақ жерге отырғызылған гүлміз, өте нәзік, әлсіз. Мейірімді қолдар гүлге су құяды. Кішкентай гүл ақырын өсе бастайды, жапырақтарын күнге созады, гүлдерін ашады. Кішкентай, әдемі көбелек гүлге қонады. Гүл қуанып, көбелекпен ойнайды.

- Ал енді мен сендерді «Ақ пен қара» деген ойынға шақырамын. Әр нәрсенің ақ және қара жағы болады, жақсы және жаман қасиеттері болады. Қазір сендер кезекпен шығып, өздерін тандаған жәндіктін суретін алып, ақ үйдің қасына тұрып ол жәндіктің жақсылығын айтасыңдар, қара үйдің қасында - жаман қасиеттерін айтасыңдар.

- Менде бір таныс суретші адам бар.

- Ол біздің көмек сұрайды. Суретші жәндіктердің суреттерін салғысы келіп, суреттерді бастады, бірақ аяқтаған жоқ. Біз ол суретшіге көмектесейік. Ұнатқан ішіннің суретін алып жалғастырып, жәндіктің суретін салайық, әдемі бояп, жәндіктің түсін, пішінің келтіру керек.

Жұмыстарын аяқтаған соң, не салдың деп, сұрақ қойып, әңгімелету.

- Балалар, бүгін біз қызықты не білдік?

- Қоршаған әлемдегі заттар қандай болады?

- «Сиқырлы экран» арқылы біз не білдік?

- Қандай ойын ойнадық!

- Жәндіктер туралы тағы не білесіңдер?

1 бала: Кіп — кішкентай құмырсқа

Бейім барлық жұмысқа

Еңбекшіл, жоқ зияны,

Қиянат етпе сен босқа

2 бала: Денесіне қарамай,

Жүк салмағын талғамай,

Көтергені ауыр бөрене,

Алып емей, немене?

3 бала: Ара, ара, аралар,

Бұл қауызын жағалар.

Оны баққан ағалар

Шелек-шелек бал алар.

4 бала: Көбелек-ау, көбелек,

Әдемісін керемет!

Гүлге келіп қрна ғой,

Өзің де гүл бола ғой.

Шеңберде тұрып, қайталайды, қимылымен көрсетеді.

Суреттегі кейіпкерлердің көңіл-күйлерін атайды.

Балалар модельге қарап сұрақтар қояды.

Жәндіктерге

Құмырсқаға сипаттама береді

Көктем

Шыға бастайды.

Қыс болады

Жаз мезгілі

Көп болады, барлығы илеуден шығады

Азық жинайды

Жидектермен, тәтті мен, басқа ұсақ жәндіктермен

Білетін жәндіктерді атайды

денелері кішкентай, аяқтары көп, көздері өте көреген, мұртшалары бар.

Шеңбер құрып, кішкентай гүлді көрсетіп отырады.

Ақырын көтеріліп қолдарын жоғарыға созады, теңселіп, қимыл жасайды.

Орындарына отырады

Кезекпен ортаға шығып ұнатқан жәндіктің суретін алып, оның жақсы және жаман қасиеттерін туралы әңгімелейді.

Үстел басындағы пішіндердің суреттерінен ұнатқанын алып, жалғастырып, жәндіктерді салады салып болған соң, не салғанын әңгімелейді.

Сұрақтарға жауап беріп, жаттаған жәндіктер туралы тақпақтарын айтады.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности