link11592 link11593 link11594 link11595 link11596 link11597 link11598 link11599 link11600 link11601 link11602 link11603 link11604 link11605 link11606 link11607 link11608 link11609 link11610 link11611 link11612 link11613 link11614 link11615 link11616 link11617 link11618 link11619 link11620 link11621 link11622 link11623 link11624 link11625 link11626 link11627 link11628 link11629 link11630 link11631 link11632 link11633 link11634 link11635 link11636 link11637 link11638 link11639 link11640 link11641 link11642 link11643 link11644 link11645 link11646 link11647 link11648 link11649 link11650 link11651 link11652 link11653 link11654 link11655 link11656 link11657 link11658 link11659 link11660 link11661 link11662 link11663 link11664 link11665 link11666 link11667 link11668 link11669 link11670 link11671 link11672 link11673 link11674 link11675 link11676 link11677 link11678 link11679 link11680 link11681 link11682 link11683 link11684 link11685 link11686 link11687 link11688 link11689 link11690 link11691 link11692 link11693 link11694 link11695 link11696 link11697 link11698 link11699 link11700 link11701 link11702 link11703 link11704 link11705 link11706 link11707 link11708 link11709 link11710 link11711 link11712 link11713 link11714 link11715 link11716 link11717
Абикенова Сауле
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Қызылорда облыстық мұражайларының құрылуы мен қызметі

Қызылордаоблыстықмұражайларыныңқұрылуы мен қызметі

Әбікенова Сауле- №79 негізгі мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

Қоғамның белгілі бір даму кезеңдерінде ғылыми іздену, халық-ағарту, мәдени мұраларды сақтау жұмысының жүйесі - бұл мемлекеттік маңызы зор мұражай мекемелерінің жұмысы болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың: «Егемен еліміздің мәдени өмірінде музейлердің орны айрықша. Тарихымызды терең зерттеп, оның тәжірибесінен тағлым алу–Қазақстанда патриотизмді қалыптастырудың, Отанның лайықты азаматтарын тәрбиелеудің басты шарттарының бірі…»–деген сөздері музей қызметінің басты ұстанымы болуға тиіс.

Мұражай-тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Мұражай гректің «museіon» сөзінен алынған, «муза сарайы» деген мағынаны береді. Мұражай алғашқыда аса бағалы бұйымдар мен мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. Уақыт өте келе ол әдістемелік қызметі жетілген функционалдық институттарға дейін дамып жетілді. Жаңа мыңжылдықта адамзаттың жаһандану дәуіріне аяқ басу кезеңінде мұражай қызметіне жаңа ақпараттық құрал-жабдықтар мен интеграциялық үрдістер дендеп енуде.

Мұражай ерекшелігі — оның қызметінің негізгі табиғаты материалдық және рухани өмірдің ескерткіштері болуымен анықталады. Мұражайлық заттар — табиғаттағы және қоғамдық өмірдегі процестер мен оқиғалардың, құбылыстардың түпнұсқалық айғақтық жәдігерлері. Заттың мұражайлық маңызы әлеуметтік, ғылыми, мәдени, тарихи құндылығымен бағаланады.[1]

Қызылорда облыстық тарихи өлкетану мұражайы халқымыздың рухани қазыналарын жинақтап, өлкеміздің өткені мен бүгінгі тарихын жалғап отырған ғылыми-мәдени, рухани орда. Қызылорда облыстық тарихи- өлкетану мұражайы 1939 жылы құрылған. Облыста 8 мұражай халыққа қызмет көрсетеді. Олар — облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, 4 аудандық тарихи-өлкетану мұражайы, Қазалы ауданындағы Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық мұражайы, Шиелі ауданындағы Н.Бекежановтың мемориалдық өнер мұражайы және Ы.Жахаев атындағы күріш өсіру тарихы мұражайы.

Облыстық мұражайдың жанынан 2 филиал жұмыс жасайды. Облыс мұражайларының қорында - 112495 жәдігерлер сақталуда тұр, оның — 67607 негізгі қорға, 44845 - көмекші қорға жатады. Оның ішінде облыстық мұражай қоры — 644 экспонатпен толықтырылса, 2012 жылдың 6 айында жинақталған экспонаттар саны 1222 болса, 2013 жылдың 6 айында облыс мұражайлары бойынша — 1411 экспонат жинақталды. Облыс мұражайларында 3881 экскурсия жүргізіліп, 235 көрме ұйымдастырылған. Оған қамтылған көрермен саны — 52365 адам.

Облыстық тарихи өлкетану мұражайы 1939 жылы ескі шіркеу үйінің орнына шаңырақ көтерген. Мұражайдың алғашқы экспозициясы 1890-1896 жылдары салынған Перовск Қазан-Богородтық шіркеуі орналасқан ғимаратта болған. мұражайда алғашқы жылдары тек екі экспозициялық зал ғана жұмыс жасап, батыр киетін дулыға, сауыт, найзаның ұшы, 1853 жылы Ақмешіт бекінісін алуда пайдаланылған зеңбіректің ұңғымасы және ақшаның түрлері сияқты санаулы экспонаттары болған.[2]

1980 жылы облыстық атқару комитетінің шешімі бойынша мұражайға екі қабатты ғимарат беріліп, жаңа экспозиция 1985 жылы 7 мамырда ашылған. Мұражай орналасқан бұл ғимараттың өзі 1953 жылы салынған қаламызды көркейтіп тұрған архитектуралық ескерткіштердің бірі.

Облыстық мұражай конференция, презентация, брифингтер өткізуге мүмкіншілігі бар жақсы жабдықталған мәдени орын болып табылады. Мұнда мұражай экспозициясы мен көрмелері бойынша жалпы және тақырыптық экскурсиялар жүргізіледі, халықтың әртүрлі топтарына облыстың тарихы жайлы кеңестер береді. Мекемелерде, оқу орындарында өлке тарихы жайлы жылжымалы көрмелер мен лекциялар ұйымдастырылады.

Мұражай қоры археологиялық, этнографиялық, ою-өрнек әшекей коллекциялары мен сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбаларға бай. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорында 50408 экспонат сақталуда, оның 28420-ы негізгі қорға, 21988-і көмекші қорға жатады.

Мұражайдың ғажайып үлгісі ретінде 1729-1920 жылдары ертедегі түрік, парсы, араб тілдеріндегі Санкт–Петербург, Москва, Ташкентте басылып шыққан кітап үлгілерін айтуға болады. Оған дәлел сатып алынған Қорқыт–Ата кітаптарының көшірмелері (Қорқыт Ата: оғыз тілінде: оғыз этикалық поэмасы туралы әңгіме. Ватикан мен Дрездендегі қолжазбалар түп-нұсқаларынан түрікшеден тәржіме) және Хусамадин-Әл Сығанакидің Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасынан электрондық жеткізгіш жолымен алынған кітап үлгілері.

Мұражай құндылықтарын есепке алу мен қорларды сақтау, базаларды қалыптастыру қызметтерін жетілдіру мақсаттарында қолданбалы өнер туындыларының электронды каталогы жасалған.

Облыстық өлкетану мұражайында Интернет жүйесіне қосылған мультимедиялық кабинет жабдықталған. Мұражай қорларын есептеу мен оларды сақтау жұмыстарын жетілдіру мақсатында және республиканың ақпарат жүйесіндегі комьпютерге қосу, алыс және жақын шетелдермен байланыстарды нығайтуға байланысты облыстық өлкетану мұражайында жаңа «Музеолог» комьпютер бағдарламасы енгізілген.[3]

1078,9 шаршы метрді алып жатқан мұражай экспозициясы 14 залға орналастырылған: өлке табиғаты — 2, археология мен этнография — 4, қазіргі заманның дамуы — 8. Мұнда археология мен этнография, нумизматика, сәулет, қолданбалы өнер бұйымдары, суреттер мен құжаттар, сирек кездесетін кітаптар коллекциясы, өлкенің өсімдік және жануарлар дүниесі қойылған.

Кіріспе залы облыстың физикалық картасынан бастау алып, Қызылорда жері астынан табылып жатқан қазба байлықтар, Қызылорда облысының жер бедері, климатымен жалғасын табады. Кіріспе залында жалпы жер бетінің даму эволюциясы көрінісі орын алған. Ең бастысы, әлем мойындаған глобалды мәселе — Арал теңізінің өткені мен бүгінін салыстыра көрсеткен көрініс және 1848-1849 жылдары ең алғаш теңізді зерттеген Бутаков экспедициясының Арал теңізінің физикалық географиясына қатысты, зоогеографиялық және геоботаникалық, ихтиологиялық байқаулар жүргізілгендігінен мол деректер келтірілген.

Жалпы облыстық мұражай мынадай бөлімдерден тұрады: «Қызылорда облысының өсімдіктері мен жануарлар дүниесі» зал экспозициясы, «Археология» экспозиция залы, «Сыр өлкесінің әлеуметтік-экономикалық дамуы (ХҮ-ХХ ғ.ғ.)», «Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар» экспозициясы, «Өлкеде Кеңес өкіметінің орнауы» зал экспозициясы, «Қызылорда — Республика астанасы» залы, «Қызылорда облысы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында» атты экспозициясы, «Тәуелсіз Қазақстан» зал экспозициясы, «Облыстың ауыл шаруашылығы» экспозициясы, «Облыстың әлеуметтік саласының дамуы» экспозициясы, «Мәдениет және өнер» экспозициясы, «Этнография» залы, «Облыс экономикасының дамуы» залы орналасқан.

1925-1929 жылдарыҚызылордаҚазақстанныңастанасыболды. 2005 жылыҚызылорданың республика астанасыболғанына 80 жылтолды. Осындай мерекені тойлау қарсаңында қалада Ақмешіт мұражайы ұйымдастырылды. Мұражайға ХХ ғасырдың басында соғылған ғимарат берілген. Бұл архитектуралық ескерткіштің әдемілігі өткен ғасырдағы өлкеміздегі сәулет өнерінің даму деңгейін көрсетеді. Ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп, мұражай экспозициясы жасалған. Оған Орынбор-Қызылорда-Алматы-Астана жайлы экспонаттар қойылған. Экспозициялық залдарда «Ақмешіт-Перовск» қаласының тарихы, «Қызылорда Қазақ АКСР-нің астанасы» тақырыптарын бейнелейді. Қазақ Орталық Атқару комитеті төрағасының жұмыс кабинеті жасақталған. 2006 жылы мұражай реэкспозициядан өтті.

Мұражай өзінің әлеуметтік қызметін мұражай жәдігерлерін жинау, сақтау, зерттеу және қолдану арқылы жүзеге асырады. Әрбір жәдігердің қоғамдық мәнін, мұражайлық құндылығын көрсетеді. Мұражайқоры баға жетпес жәдігерлерден құралған.[4]

Мұражайда жоспарға сәйкес тақырыптық көрмелер, танымдық лекциялар мен экскурсияларжүргізіліп келеді. Қор сатып алу комиссиясыарқылы 110 дана мұражайлық құндылығы бар экспонаттар сатып алынған.

Аудандық мұражайлар тарихына тоқталсақ, Арал аудандық тарихи-өлкетану мұражайы 1988 жылдың 25 маусымы күні құрылған. Бүгінгі таңда мұражайда 8 мыңғатарта жәдігерлер бар, олардың екі жарым мыңы көрме залдарына орналасқан. Мұражай негізінен көптеген көрме залынан тұрады: «Этнография және археология залы», «Өлке тарихы залы», «Әдебиет пен өнер залы», «Әр түрлі тақырыптар залы», «Ауданның тарихы залы».

Жалағаш аудандық тарихи-өлкетану мұражайы аудан әкімінің 1999 жылғы 10 қарашадағы № 144 –ші шешімімен құрылған. Мұражайдың жалпы алаңы 449,5 ш.м. Қазіргі таңда мұражай қорында барлығы 4621 экспонат жинақталған. Оның ішінде; негізгі қорда — 2510, көмекші қорда — 2111 экспонат тіркелген.

Ауданның ерте тарихынан бастап қазіргі заманғы тарихы, мәдениеті мен өнерінен сыр шертетін 2 зал мен көркемсурет галереясы жұмыс істейді.

2009 жылы мұражайда реэкспозициялық жұмыстар жүргізіліп, мұражай экспозициясы толық жаңартылған. Аудандық мұражайда барлығы 10 адам жұмыс атқарады.

Сырдария аудандық тарихи-өлкетану мұражайы 1992 жылдан бастап аудан халқына қызмет көрсетіп келеді. Бүгінде мұражай қорында 7632 экспонат бар, оның 4845-і негізгі қорға, 2787-і көмекші қорға тіркелген. Мұражай экспозициясы 5 залға орналастырылған. Мұражай материалдары ауданның қалыптасу және даму тарихы, даңқты істері, өндірістік және мәдени өсуі туралы көп мәліметтер береді.

Мұнда археологиялық және этнографиялық заттар, фотосуреттер мен документтер, газеттер мен кітаптар, өлкенің өсімдік, хайуанаттар дүниесінің экспонаттары бар. Қазіргі заман талабына сай мұражайдың материалдық-техникалық жағдайы жақсарып келеді. 2008 жылы мұражайдың «Аудан тарихы» залына қайта реэкспозиция жұмыстары жүргізілсе, 2009 жылы мұражайға 5740,0 теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.[5]

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ыбырай Жақаев аулында Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы мұражайы 1978 жылдан 1982 жылға дейін облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Шиелі ауданындағы филиалы негізінде құрылған. Қазақ КСР Министрлер кеңесінің № 150-р қаулысымен 30.04.1982 жылғы жарлығымен, Қазақ КСР Мәдениет Министрінің 13 мамыр 1982 жылғы № 167 бұйрығына сәйкес Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы мұражайы болып ашылып, 1982 жылдан бастап халыққа қызмет көрсетіп келеді. 2008 жылы ауыл орталығындағы бұрынғы екі қабатты шаруашылық кеңсесі мұражай есебіне қайтарымсыз беріліп, мұражай экспозициясы осы ғимаратқа көшірілген және қазіргі заман талабына сай реэкспозиция жұмыстары жүргізілген. Мұражайда 6,5 штат бар. Бүгінгі күнге мұражай қорында 9472 дана экспонат бар, оның 5911 данасы негізгі қорды құраса, 3561 данасы қосымша қорды құрайды. Қазіргі таңда мұражай қорында жалпы саны 9724 дана экспонат сақтаулы.

Мұражай 3 залдан тұрады. І — зал ХІХ ғасырдың аяғында Сыр бойында тұрақты күріш өсіру Шиеліде басталып, кейіннен Шіркейлі, Қуандария бойында тарағанын, күріш жерін дайындау, суғару, орып жинаудан бастап, қапқа түскенге дейінгі еңбегін бейнелейді.

Екінші залда Ы.Жахаевтың қоғам қайраткері, халқының қалаулысы болғандығы және шет елдерге сапары, өмірінің соңына дейнгі еңбек жолдары, 1964 жылғы облыс жастарына жазған Үндеу хаты, осы хат негізінде жахаевшылар қозғалысының басталу кезеңдері экспозицияланған.

Үшінші залда Ы.Жахаевтың облыс көлеміндегі ізбасарлары мен аудан, елді мекендерінің еңбек майталмандарының еңбек жетістіктері, Жахаевшы жастардың екпінді еңбегі экспозицияланған.

Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану мұражайы халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған мәдени ошақтардың бірі. Қазақстан мәдениет министрлігінің 1992 жыл 2 мамырдағы №144 қаулысымен режиссер, драматург Әмір Мәжитовтың басшылығымен Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану мұражайы құрылды. Мұражай 4 залдан тұрады.

Мұражай қорында 6161 ден астам экспонат сақтаулы, оның 5426 негізгі қорға, 735 көмекші қорға жатады. 736 экспонат экспозицияға қойылған. Бірінші археология этнография залының Екінші залда ауданның Қазан революциясына дейінгі кезеңі және кеңес үкіметінің орнауы туралы мәліметтер берілген. Үшінші залда мәдениет, әдебиет, білім, денсаулық қызметкерлерінің тұтынған затарынан, орден медальдары экспозицияға қойылған.

Төртінші залда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жеткен жетістіктері, Қазақстан Республикасының Рәміздері, төл теңгелеріміз, Конституциямыз, Жаңақорған ауданының ХХ ғасыр адамдары, Жаңақорған ауданының Одақ көлеміне танылған санаторий шипажайы, Шалқия қорғасын-мырыш кеніші жайлы мағлұматтар берілген.

Жалпы облысымыздың рухани және материалдық мәдени ескерткіштері-тарихи мұраның сақталуы, яғни өткен тарихты қайта жаңғырту басты парызымыз екені ақиқат. Тарихи мұражайлардың бүгінгі күндегі басты ролі халықтың біліми-тәрбиелік процесін жетілдіру үшін басты құрал.

Мұражайлардың алдына қойған мақсаты, олардың жүргізілетін іс-шаралары, ғылыми-ағарту, тәрбиелік бағытының дұрыс айқындалуы маңызды мәселе болып табылады. Мұражай беретін мәліметтің шынайылығы келушінің алған білімін бекіте түседі. Ал мұндай мәлімет әсіресе,жастар үшін өте бағалы. Мұражай олардың саяси, кәсіби тәрбиесінің, көркемдік және эстетикалық талғамдарының дамуына,өз бетімен жұмыс жасау қабілетінің шыңдалуына әсерін тигізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Музеи занимают особое место в культурной жизни страны. Поздравление Президента РК Н.А. Назарбаева работников музеев Казахстана с Международным днем музеев//Казахстанская правда.-1998.-19 мая.-С. 1.

2.Қазақстан. Ұлттық энциклопедия.-6 том. Алматы: қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы,2004 жыл-696 б

3.Кайназарова А.Е. Музейное дело в Казахстане (1831-1925 гг.): Автореф. канд. дис. истор. наук.-А., 1995.-25 с.;

4.Санақұлова Б.Қ. Қазақстан Республикасындағы музей құрылысы мен қызметі (1991-2004 жж.): Тар. ғыл-ң. канд. дис. автореф.-Орал, 2006.-30 б.;

5.Т.Е.Картаева Әлемдік музейлер кеңістігіндегі қазіргі мәселелер. Оқу құралы. -Алматы «Қазақ университеті», 2013 ж.-150бет.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности