link7200 link7201 link7202 link7203 link7204 link7205 link7206 link7207 link7208 link7209 link7210 link7211 link7212 link7213 link7214 link7215 link7216 link7217 link7218 link7219 link7220 link7221 link7222 link7223 link7224 link7225 link7226 link7227 link7228 link7229 link7230 link7231 link7232 link7233 link7234 link7235 link7236 link7237 link7238 link7239 link7240 link7241 link7242 link7243 link7244 link7245 link7246 link7247 link7248 link7249 link7250 link7251 link7252 link7253 link7254 link7255 link7256 link7257 link7258 link7259 link7260 link7261 link7262 link7263 link7264 link7265 link7266 link7267 link7268 link7269 link7270 link7271 link7272 link7273 link7274 link7275 link7276 link7277 link7278 link7279 link7280 link7281 link7282 link7283 link7284 link7285 link7286 link7287 link7288 link7289 link7290 link7291 link7292 link7293 link7294 link7295 link7296 link7297 link7298 link7299 link7300 link7301 link7302 link7303 link7304 link7305 link7306 link7307 link7308 link7309 link7310 link7311 link7312 link7313 link7314 link7315 link7316 link7317 link7318 link7319
МАТЕНОВА ГУЛЬНАРА ДИЛДАШОВНА
Должность:қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:Қарағанды облысы, Абай ауданы, Қарабас кенті
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстандағы оқу орындары. ҚарМТУ.» (9-сынып)

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі МАТЕНОВА ГУЛЬНАРА ДИЛДАШОВНА

Қарағанды облысы, Абай ауданы,Қарабас кенті, №15 жалпы білім беретін орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстандағы оқу орындары. ҚарМТУ.» (9-сынып)

Пән: қазақ тілі

Мақсаты:

Білімділік: ҚарМУ туралы оқушыларға мәлімет беру. Зат есім туралы алған білімдерін жинақтау және жүйелеу.

Дамытушылық: оқушылардың қазақ тілінде ауызекі сөйлей білулерін және әлеуметтік коммуникативті дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Кәсіпке бағдарлау, жеке тұлғаны қоршаған ортаға бейімдеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Қолданылатын әдістер: тақырыптың сипатына қарай баяндау, практикалық жаттығулар, , Блумның токсономиясы, INSERT стратегиясы.

Тәсілдері: оқу-техникалық құралдар, көрнекілік, мәтін, слайд, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

*Оқушыларды түгендеу;

*Сабаққа дайындықтарын бақылау;

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

*тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі» (оқулық)

· ҚР «Білім беру туралы» Заңы қашан қабылданған? (1999 жылы, 7 маусымда).

· Республиканың білім беру жүйесі өзара тығыз байланысты қандай баспалдақтан тұрады?

(балабақша, ЖББОМектептер,кәсіби-техникалық училищелер, арнаулы орта және жоғары оқу орындары, мектептен тыс мекемелер, дипломнан кейінгі білім (магистратура, докторантура), әр түрлі мамандықтар бойынша жетілдіру курстары).

· ЖББМ деңгейіндегі баспалдақтар қандай? бастауыш (1-4 сыныптар), толық емес орта (5- 9сыныптар), және орта (10-11 сыныптар).

· Қай сатылы білім міндетті? (бірінші және екінші)

· Үшінші сатылы деңгейдегі білімді қайда жалғастыруға болады? (күндізгі немесе кешкі мектептерде, кәсіби-техникалық, арнаулы орта білім беретін оқу орындарында жалғастыруға болады).

· Қазіргі білім беру мақсаты қандай? (бәсекеге қабілетті тұлға дайындау)

· Қазіргі білім беру міндеттері қандай? (жеке адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін насихаттау, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу, т.б.).

- Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің елеулі оқу орындарының бірі болып Қарағанды Мемлекеттік техникалық университеті саналады.

- Бүгінгі біздің тақырыбымыз осы мәселеге арналған: ҚарМТУ және Зат есімнің грамматикалық, морфологиялық белгілерін қайталау.

Сабаққа мақсат қою:

-Бүгінгі сабақтан не күтесіңдер?

-Бүгінгі сабаққа өздерің үшін қандай мақсат қоясыңдар?

-Ал енді ойланып, сұрақ қойыңдар: ҚарМТУ туралы сендерді не қызықтырады, не білгілерің келеді?

(ҚарМТУ туралы оқушылардың 3-4 сұрақтарын тыңдау)

1-тапсырма. Қазір оқылатын мәтінді тыңдап, түсінуге тырысыңдар. Өз сұрақтарыңа жауап іздей отырыңдар. (түсініп тыңдау, жоғары оқу орны туралы слайдтар).

Қарағанды Мемлекеттік техникалық университеті отыздан астам мамандық бойынша мамандар даярлайды. Мұнда оқытудың іштей, сырттай, кешкі түрлері бар. Әсіресе, Қазақстан зкономикасы үшін аса қажетті металлургия, кен ісі, геология, құрылыс, сәулет, дизайн, жол қозғалысын ұйымдастыру, экономика сияқты мамандықтар жоғары деңгейде оқытылады. Университетте 500- жуық оқытушылар қызмет істейді. Оқытушылардың ішінде академиктер, ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттері бар. Университет базасында дәрісханалар, зертханалар, INTERNET жүйесіне қосылған 45 компьютер сыныптары, жабдықталған жатақханасы мен асханасы, 1,6 млн.дана кітапқоры, үлкен кітапханасы, оқу залы, спорт кешені, шағын стадион, демалыс орындары ,7 оқу ғимараты бар.

Университеттің әскери кафедрасы 4 әскери мамандық бойынша запастағы офицерлер дайындайды. Түлектер офицер атағын алғаннан кейін ҰҚК(Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті), ІІМ (Ішкі Істер Министрлігі) органдарында, кеден қызметі бөлімшелерінде, төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікте және тағы басқа жерлерде жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Бұл университет - Қазақстандағы техникалық білім берудің лидері. Университет ұжымы Отанымыздың өркендеуіне және дамуына қызмет етуде.

-Тыңдалған мәтіннен не түсіндіңдер? Қойылған сұрақтарға кім жауап тапты?

-Жақсы, балалар, жауаптарыңа рахмет.

-Зейіндеріңді тексеріп көрейік: «Дұрыс па, әлде бұрыс па?», тек өз жауаптарыңды айтарда мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланыңдар:

· меніңше, …

· иә, мен келісемін, себебі …

· жоқ, мен келіспеймін, себебі …

· мәтін бойынша, …

· ....деп ойлаймын.

2-тапсырма. Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтаңдар.

дұрыс

бұрыс

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетте дәрігер мамандығына даярлайды.

Университеттің әскери кафедрасы жоқ.

Университетте 1000-ға жуық оқытушылар жұмыс істейді.

Техникалық университет отыздан астам мамандық бойынша мамандар даярлайды.

Осы оқу орнында ғылыми зертхана және INTERNET жүйесіне қосылған компьютер сыныптары жоқ.

Бұл университет - Қазақстандағы техникалық білім берудің лидері.

3-тапсырма. КЕЙС тапсырмасын орындау (мониторға берілген ақпараттың ішінен ҚарМТУ қатысты ақпараттарды таңдап алу).

· Шыңғыстай мектебінің өзіндік тарихы бар. Мектепті салдырған Ережепов Әбдікірім деген кісі. Ол өте сауатты, орыс тілін жетік білетін, әрі шешен, әрі ақын адам болған.Бұл мектеп 1907 жылы салынып біткен.

· Бұл оқу орнына түсу үшін бес пән бойынша тест тапсырылады: математика, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі, орыс мектептері үшін-қазақ тілі, бесінші пән-таңдау бойынша (көбінесе физика және география).

· Мына оқу орнында мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, музыкалық білім, дене шынықтыру және спорт, қазақ тілі мен әдебиеті, екі шет тілі, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлеуметтік жұмыс, тағы басқа көптеген мамандар даярлайды.

· Машина жасау және жол-көлік факультетінің түлектері еліміздің көп салаларында еңбек етіп жүр.

· Бұл университеттің күндізгі бөліміне түскен жігіттер әскери кафедрада оқып, қосымша лейтенант әскери атағын алуға мүмкіншіліктері бар.

· Бұл оқу орнына түсу үшін керекті құжаттар: комиссия атына жазылған өтініш, толық орта білім туралы құжат, 3*4 алты фотосурет, медициналық анықтама , ҰБТ сертификаты.

Тапсырманы орындағаннан кейін университет туралы қандай ақпарат тапқандарын оқыту.

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңдар.

(ауызекі сөйлеулерін дамыту).

1.Университет … даярлайды. 2. Оқытудың …,..., … түрлері бар. 3. Қазақстан зкономикасы үшін аса қажетті … оқытылады.. 4.Оқытушылардың ішінде …, …, … . бар. 5. Университет базасында . .., …, …, …, .... бар . 6. Бұл университет- … лидері. 7. Университет ұжымы .... қызмет етуде.

Оқушыларға мәтіннің қысқаша мазмұнын айтқызу.

-Қазір әрқайсың өздерің үшін шешулерің керек: осы университет туралы білімдеріңді толтыра алдыңдар ма? Қазақ тілінде берілген ақпаратпен жұмыс істеу үшін білімдерің жеткілікті ме? Қандай мәселелер пайда болды?

-Бүгінгі сабақта сендер «Зат есім» грамматикалық тақырып бойынша білімдеріңді тексере аласыңдар. Ол үшін, алдымен, тақырыпты қысқаша қайталап өтейік те, жаттығулар жасайық.

ЗАТ ЕСІМ

сұрақтары

кім? кімдер? не? нелер?

жалпылай, жекелей атауына қарай

тұлғасына қарай

құрамына қарай

мағынасына қарай

· жалпы

· жалқы

· негізгі

· туынды

· дара

· күрделі

· деректі

· дерексіз

5-тапсырма. Сөйлемдердегі «мамандықтарды», «оқытушыларының» сөздеріне морфологиялық талдау жасаңдар.

-Қазір осы грамматикалық тақырып бойынша өз білімдеріңді тексере аласыңдар, тақырыпты меңгеруде осал жерлеріңді байқай аласыңдар. Енді өздеріңді ҚарМТУ-ға түсіп жатырмын деп елестетіңдер.Қысқаша ғана тестілеу сендердің бәсекеге қабілетті екендеріңді анықтайды.

Тестілеуге нұсқаулық.

Алдарыңда «Зат есім» тақырыбына арналған 10 сұрақтан тұратын тест. Бұл тапсырманы 3 минут ішінде орындап, өздеріңді баға

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности