link9240 link9241 link9242 link9243 link9244 link9245 link9246 link9247 link9248 link9249 link9250 link9251 link9252 link9253 link9254 link9255 link9256 link9257 link9258 link9259 link9260 link9261 link9262 link9263 link9264 link9265 link9266 link9267 link9268 link9269 link9270 link9271 link9272 link9273 link9274 link9275 link9276 link9277 link9278 link9279 link9280 link9281 link9282 link9283 link9284 link9285 link9286 link9287 link9288 link9289 link9290 link9291 link9292 link9293 link9294 link9295 link9296 link9297 link9298 link9299 link9300 link9301 link9302 link9303 link9304 link9305 link9306 link9307 link9308 link9309 link9310 link9311 link9312 link9313 link9314 link9315 link9316 link9317 link9318 link9319 link9320 link9321 link9322 link9323 link9324 link9325 link9326 link9327 link9328 link9329 link9330 link9331 link9332 link9333 link9334 link9335 link9336 link9337 link9338 link9339 link9340 link9341 link9342 link9343 link9344 link9345 link9346 link9347 link9348 link9349 link9350 link9351 link9352 link9353 link9354 link9355 link9356 link9357 link9358 link9359
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
«Жігіт сұлтаны» байқауының сценарийі

Год: 2012

Страна: Казахстан

Қызылорда облысы ,Қазалы ауданы ,
Басықара ауылы,№ 182 школа ,старшая вожатая

Жаппасбаева Гаухар Нурмухамедовна

«Жігіт сұлтаны»

байқауының сценарийі

Мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!

Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!

Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғалық.

Біздерде ойын-сауық басталады,

Тамаша күй тартылып ән салады.

Қошеметтеп қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.

Бағына бақытты елдің туған ұлан,

Бойына бар асылды жиған ұлан.

Қазақтың қасиетті жігіттері,

Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.

Дария ой, даналардан бата алғандар,

Айнымас алмас қылыш атанғандар.

Қазақтың қасиетті жігіттері,

Халқына қалқан болған қаһармандар- деп, Махмұтбай Әмірұлы ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.

«Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған.

Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең.

Олай болса жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдығын тамашалайық.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың 110жылдық мерейтойына арналған мектепішілік «Жігіт сұлтаны» байқауына жиналып отырмыз.Байқауымызды ашық деп жариялап, жігіттерімізді ортаға шақырамыз.

Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,

Мектепте өнерімен болған сыйлы.

Бітіруші сыныптың ер жігіті,

Шақырайық ортамызға Арман ұлды-

11-сынып оқушысы Иса Арман

Спортпенен білім жағын бір қосқан

Кем қалмаған талантпенен табысқан

Қараңыздар Мұқамедқали ортада

Тауды бұзар шын кіріссе намыстан-

10-сынып оқушысы Дүйсенбаев Мұқамедқали

Біледі ол жақсы менен жаманды

Өнерменен тамсандырған адамды

Қошеметтеп шақырайық ортаға

Жарбол атты жігіт болған сабазды-

9-сынып оқушысы Жұбайдулла Жарбол.

Еңбексүйгіш, таудай талап бойында,

Барлық істі тыңдау бар ойында.

Болатұлы Мақсаттай жігітті,

Шақыралық қошеметпен ортаға-

8-сынып оқушысы Алмас Мақсат.

Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтсем:

  1. 1. «Таныстырсам өзімді» - таныстыру
  2. 2. «Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету
  3. 3. «Күш атасын танымас» - кір тасын көтеру
  4. 4. «Құралайды көзге атқан» - нысана көздеу
  5. 5. Шебердің қолы ортақ»- қолөнер бұйымдарының шеберлігі
  6. 6. «Ескірмейтін есті сөз» - танымдық сұрақтар

Бүгінгі байқауға қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік:

1Тәрбие ісінің меңгерушісі Баспаев Алып ағай

2Кәсіподақ төрағасы Дүйіс Абдол

3Әлеуметтанушы педагог Кемал Роза апай

Енді сайыскерлеріміз әділ қазы алқасынан жеребе алсын.

Сәттілік тілейміз.

І.Ей, тәкәппар дүние,

Маған да бір қарашы

Танимысың сен мені

Мен қазақтың баласы- деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың І-ші кезеңі «Таныстырсам өзімді»-деп аталады. Сонымен 1-ші талапкерімізді шақырамыз.

2-ші,3-ші,4-ші.

ІІ. «Еңбек ердің-санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл- парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?

Қазақта жігіттерді былай деп атаған!

«Көсем жігіт» - ел басқаратын жігіт,

«Шешен жігіт» - дау шешетін жігіт,

«Батыр жігіт» - еліне қамқор жігіт,

«Сері жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. Олай болса сері жігіттеріміздің өнерін тамашаласақ.

Келесі шартымыз «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталады. Бұл шартта жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетеді. Ортаға 1-ші талапкерімізді шақырамыз. 2-ші, 3-ші, 4-ші.

Әділ қазылар алқасы «Таныстырсам өзімді» шартының бағасын берсеңіздер.

ІІІ. Ер өнері білінбес,

Қоян қолтық алыспай.

Күш өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай- дегендей сайысымыздың келесі шарты «Күш атасын танымас» деп аталады. Бұл кезеңде жігіттеріміз 16 кг кір тасын көтереді. Ортаға 1-ші номерлі жігітімізді шақырамыз. 2-ші, 3-ші, 4-ші.

Әділ қазы алқасы «Сегіз қырлы, бір сырлы» шартының бағасын берсеңіздер.

ІҮ.Би болатын жігіттің,

Төбеде болар жұмысы.

Мерген болар жігіттің,

Мергендік болар жұмысы- дегендей ендігі кезекті жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Құралайды көзге атқан» нысана көздеу шартына береміз. Ортаға 1-ші номерлі жігітімізді шақырамыз. 2- ші, 3-ші, 4-ші.

Әділ қазы алқасы «Күш атасын танымас» шартының бағасын берсеңіздер.

Ү.Жігіттің көркі өнері,

Талап — кісі мұраты.

Өнер қалмақ артында,

Дүниенің өшпес шырағы.

Өнердің қадірін білген, бабаларымыздан қалған бұл сөздердің қасиеті бүгінгі күнге дейін жалған емес. Соның айғағы ретінде сайыскерлерімізге берілетін келесі шарт «Шебердің қолы ортақ» деп аталады. Ортаға қатысушы талапкерлерімізді шақырамыз. Әділ қазы алқасы уақытты белгілесе.

Әділқазылар алқасы «Құралайды көзге атқан» шартының бағасын берсеңіздер.

ҮІ. Ей, жігіттер!

Сендерге биік ата-салтын құрметтеп,

Ақтай білсең ата-баба үмітін,

Әрбір сөзі — тәлімі мол бір мектеп.

Жігіттеріміздің өнерлерін, мергендіктерін тамашаладық. Енді ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салатын да кез келген сияқты. Олай болса келесі шартымыз «Ескірмейтін есті сөз» деп аталады. Бұл шартта жігіттеріміз сұраққа жауап береді.

Әділқазылар алқасы «Шебердің қолы ортақ» шартының бағасын берсеңіздер.

«Ескірмейтін есті сөз» шартының бағасын берсеңіздер.

ӘН.

Ортаға жігіттерімізді шақырамыз. Сайысымызды қорытындылау үшін тәрбие ісінің меңгерушісі Алып ағайға береміз.

Сау саламатта болыңыздар!

Скачать урок

Скачать файл: zhgt-sltany.doc
Посмотреть онлайн файл:


Комментарии пользователей /4/
  1. Бота
    саламатсыздарма!маган мектепте ажемен немере деген сайысына озимди таныстырум керек, соган таныстыру жолын жазып берсендер
  2. Санди
    керекті өлең жолдарын алдым рахмет!
  3. Назира
    Рахметик коп-коп!
  4. Асел
    РАХМЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕТ!
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности