Білім беру саласы: «Денсаулық, Коммуникация»
Оқу қызметі: « Қауіпсіз мінез құлық негіздері»
Тақырыбы: «Мен кіммін?»
Мақсаты: Балаларды адам денесінің құрылысымен таныстыру, сезім
мүшелері,олардың қызметі туралы мағлұмат беру.
Адам денесінің құрылымы, бүтін оның жұмысы туралы білімдерін
қалыптастыру.Қимыл қозғалыстың адам денсаулығына пайдасы туралы түсіндіру
жаттығулар жасауға тәрбиелеу сөздік қорларын кеңейту
Міндеттері: Жаттығулар жасауға тәрбиелеу,сөздік қорларын молайту,дене мүшелері
туралы білімдерін тереңдету
Полингвальді компоненттері: көз-глаза-eyes, құлақ-уши-ears, мұрын-нос-nose,
волосы-шаш –hair, рот- ауыз-mouth
Керекті құралдар : Адам денесінің суреті үлгі қағаз түрлітүсті карандаш суреттер.
Оқу қызметінің барысы:
Шаттық шеңбер: Қара айнаға, көресің,
Өзіңді адам денесін,
Қол- аяғың, басың бар,
Бұған кеуде қосылар,
Құрылысың бұл сыртқы,
Көрінбейді жүрегің,
Өкпе миың, бүйрегің.
Құрылысың бұл ішкі,
Ғажайып сәт: Бейне хат.
Тәрбиеші: «Мен кіммін » деген суретпен балалар танысайық. (Полингвальді
компоненттерді айтып, балаларға қайталату.)
-Балалар «Ғажайып түс» ертегісін оқыдық, енді бүгін ертегіні сахналап көрейікші.
Бірде Арман түс көреді,түсінде оның дене мүшелері дауласады. Бас бірінші болып
былай дейді:
-Мен бәрін басқарамын, менде көз ,ауыз, мұрын, құлақ бар. Мен болмасам адам
ештеңе көрмейді естімейді,иісті де сезбейді,сөйлей де алмайды.
- Егер мен болмасам сені ары-бері , жан-жаққа кім бұратын еді-деді мойын. Осы кезде
қызу таласқа қол арласады.
- Егер мен болмасам, жүк тасу ,тамақ дайындау,кір жуу, үтіктеу, жазу, сурет салу,
әртүрлі аспапта ойнау да қиынға соғар еді.Бір кезде кеуденің де шыдамы таусылып:
-Мен ше? Егер мен болмасам, адам болар ма,едің ? Мойын сен қайда қалар едің? Қол
–аяқ,сендер ше?-деді.
- Ал сендер біздің арқамызда мектепке, дүкенге , киноға барасыңдар. Күні бойы
жүгіреміз сонда да рахмет айтпайсыңдар-деді аяқ. Бұл айтыстың қалай аяқталғаны
Арманды қатты қызықтырады, бірақ ең шиеленіскен жерінде ол оянып кетті.
- Ал сендер қалай ойлайсындар ? Адамға ең керегі қай мүшесі? ( Балалардың жауабы )
Сергіту сәті.
I have a head!
It’s very well!
I have two eyes!
So, I can see!
I have a nose!
I can smell!
I have two ears!
So, I can hear!
I have a mouth!
So I can talk!
2.Тәрбиеші балаларға адамның дене мүшелері туралы слайд көрсетеді.
Әңгімелесу : Адамның дене құрылысы- сүйектен тұрады, ол негізгі роль атқарады.
Олар негізгі тірек функциясын атқарып және ағзаларды қорғайды. Денедегі барлық
сүйектер қаңқа деп аталады. Егер адамда бұлшықет болмаса , жүре де , жүгіре де ,тұра
да, отыра да, алмайды. Барлық қозғалысты буын мен бұлшықеттің көмегімен
орындайды.Адамның барлық денесін тері жауып тұр. Адамның денесінде мүшелері де
болады. Олардың әрқайсысының өз атауы бар:бас, мойын,қол, аяқ кеудеден жоғары
және төмен бөліктерден тұрады, және де сезім мүшелері де болады.
«Адамның сезім мүшелері» слайд көрсетіледі.
Дидактикалық ойын «Адамның сезім мүшелерін ата.»
Шарты .Балалар жұмбақ шешу арқылы сезім мүшелерін атайды,суреттейді.
Күмбір-күмбір қарағым,
Қартайғанша жарадың ( Құлақ )
Ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді, ( Ерін )
Екі ағайынды,
екеуі де бір үйде,
бірін-бірі көрмейді. ( Көз )
Әңгімелесу:
Балалар көз көру мүшесі.Адам затты көзбен көріп, оның түрін, түсін, көлемін, пішінін
және неден жасалғанын ажырата алады.Мысалы: Раушан гүлін алайық.Көз арқылы
оның сары түс, әдемі екенін көре аламыз.
Көз адамның айнасы деп айта аламыз.Өйткені біз қоршаған ортаны көзімізбен
көреміз. Ал құлақ есту мүшесі, құлағымызбен әртүрлі дыбыстарды естиміз.
Мұрын арқылы иісті сеземіз. Ауыз арқылы астың дәмін татып, біле аламыз
«Адам дене мүшелерін толықтыру» сурет салып, жұмыс жасау.
Дидактикалық ойын «Дене мүшелерін сезім мүшелерінен ажырат».
Шарты:Ойынды соңында бір бала толық сұрақ –жауаппен қорытындылайды.
-Екі көзің не үшін керек ?
Жақсыларды көру үшін
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін
Екі құлағың не үшін?
Ақыл кеңес тыңдау үшін
Тілмен жағың не үшін керек ?
Ақиқатты айту үшін
Аяғың не үшін керек ?
Шет жүрсем туған жерге қайту үшін.
Тәрбиеші. Балалар адамның дене мүшелерінен басқа адамның ішкі ағзасы туралы да
білуіміз керек, сол үшін де сендермен «Адам анатомиясы» туралы слайд
тамашалайық. ( слайд көрсетіледі.)
Қорытынды: Тәрбиеші: Адам табиғаттың ең керемет жаратылысы. Адам өз өмірін
қорғап , мықты болу үшін дене тәрбиесімен шұғылдану керек.Таза ұқыпты және
дәрумендерді жеп отыру керек.Дене сымбаты дегеніміз- адам денесінің дұрыс
қалыптасуы.Дене сымбаты дұрыс қалыптасса,қаңқа сүйектері де жақсы
жетіледі.Сондықтан жүрген кезде, партада отырғанда денені тік ұстау керек.