link1353 link1354 link1355 link1356 link1357 link1358 link1359 link1360 link1361 link1362 link1363 link1364 link1365 link1366 link1367 link1368 link1369 link1370 link1371 link1372 link1373 link1374 link1375 link1376 link1377 link1378 link1379 link1380 link1381 link1382 link1383 link1384 link1385 link1386 link1387 link1388 link1389 link1390 link1391 link1392 link1393 link1394 link1395 link1396 link1397 link1398 link1399 link1400 link1401 link1402 link1403 link1404 link1405 link1406 link1407 link1408 link1409 link1410 link1411 link1412 link1413 link1414 link1415 link1416 link1417 link1418 link1419 link1420 link1421 link1422 link1423 link1424 link1425 link1426 link1427 link1428 link1429 link1430 link1431 link1432 link1433 link1434 link1435 link1436 link1437 link1438 link1439 link1440 link1441 link1442 link1443 link1444 link1445 link1446 link1447 link1448 link1449 link1450 link1451 link1452 link1453 link1454 link1455 link1456 link1457 link1458 link1459 link1460 link1461 link1462 link1463 link1464 link1465 link1466 link1467 link1468 link1469 link1470 link1471 link1472 link1473 link1474 link1475
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Күзгі бал

Буланова Асем Даданбековна
Тәрбиеші

«Алматы облысының білім басқармасы» ММ

«Талдықорған қаласының есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп-интернаты» КММ

Талдықорған қаласы,Алматы облысы,Қазақстан

Мақсаттары:

 Күз туралы білімдерін бекіту

 Оқушыларды мерекеге жауапкершілікпен дайыдалуға үйрету

 Аталған тақырып бойынша оқушылардың есту, логикалық ойлау және

шығармашылық қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын молайту

 Табиғатты, Отанын сүюге тәрбиелеу

Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Алтын күз» атты күзгі бал

кешіне қош келдіңіздер. Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз

мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-жазира даланың дархан

дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.

Күз ханшайымы кіреді

Диалог «Күз береке»

Жүргізуші:

Баршаға өнер сүйер жар саламыз

Үкілі үміттерді қарсы аламыз

Күйге енейік баршамыз ерекше бір

Сіздер үшін би билеп, ән саламыз

Би «Вальс»

Жүргізуші: Күзде жеміс-жидек, дәнді-дақылдар пісіп жетіледі. Олай болса бәріміз бірігіп

күздік сорпаны әзірлейік.

Жұмбақтар

Жүргізуші: Баршаға өнер сүйер жар саламыз

Үкілі үміттерді қарсы аламыз

Күйге енейік баршамыз ерекше бір

Сіздер үшін би билеп, ән саламыз

Би «Трости»

Жүргізуші: Күз айы мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі

ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ

мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай. Ендеше халайық келіп отырған Алтын күз

мерекесі әрбір жанға құт пен береке, ырыс пен табыс әкелсін демекпіз.

Жүргізуші:

Алтын,сары,қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақтар күлімдеп

Көз тартады жалтырап

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей

Жапырақтар жамырап

Сайға барып бекінді

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді

Жапырақтар биі

Ойын

Жүргізуші: Салқын сыз, дымқыл тұман соңына ерген,

Жылауық бұлттары бар қанат көрген.

Күз келді мезгілінде арқаланып,

Күн барма байлығын ол тегін берген!?

Біз оны күтіп жүр ек әуел баста-ақ,

Кеттік те қызу істі дереу бастап

Астық жеміс, мақтасын …. –бар байлығын

Алып қалдық еңбекке айырбастап. Нағыз сары алтындай сары күз-қыркүйек айы. Ол-

еңбек айы. Күз маусымының екінші айы — қазан. Бұл ай — мереке басы, өйткені дихандар

сабантой жасайды. Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс

сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай

селтиеді.

ұлдар биі

Жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз жанымен

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен

Сән үлгісі

Жүргізуші: Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,

Жер мен көк жалтыраған сап - сары алтын

Ағашта жапырақтар сылдырлайды,

Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.

Сары алтын батсайыдай дала мидай,

Үйілген мая - мая қызыл мидай

Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,

Жайнайды жаратылыс берген сыйдай

Тақпақтар айтылады

Ойын

Жүргізуші: Алтын күз сізбен бірге шуақ шашсын,

Көңілдің серіппелі күйін ашсын

Бақ пен шаттық бірге қатар қонып

Береке бірлікпенен ортақтассын

Би «Гандгамстайл»

Ойын

Жүргізуші: Қарсы алайық қол соға,

Өнерлі жас қаншама.

Мың бұралып билеген

Заманауи би ортада

Жүргізуші: Мың бұралған өнермен,

Тамсандырған халықты

Азиз шықса ортаға

Грузин халқы биімен

Жүргізуші: Кешіміз өтіп жатыр салтанатты

Төгілген күн нұрының шапағаты

Мың бұралып бишілер би билейді

Халайық қол соғыңыздыр мархаббатты

Жүргізуші: Сиқырлы күз ханшайымы сіздерге өз байлығын алып келіпті.

Күз ханшайымы.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности