link2016 link2017 link2018 link2019 link2020 link2021 link2022 link2023 link2024 link2025 link2026 link2027 link2028 link2029 link2030 link2031 link2032 link2033 link2034 link2035 link2036 link2037 link2038 link2039 link2040 link2041 link2042 link2043 link2044 link2045 link2046 link2047 link2048 link2049 link2050 link2051 link2052 link2053 link2054 link2055 link2056 link2057 link2058 link2059 link2060 link2061 link2062 link2063 link2064 link2065 link2066 link2067 link2068 link2069 link2070 link2071 link2072 link2073 link2074 link2075 link2076 link2077 link2078 link2079 link2080 link2081 link2082 link2083 link2084 link2085 link2086 link2087 link2088 link2089 link2090 link2091 link2092 link2093 link2094 link2095 link2096 link2097 link2098 link2099 link2100 link2101 link2102 link2103 link2104 link2105 link2106 link2107 link2108 link2109 link2110 link2111 link2112 link2113 link2114 link2115 link2116 link2117 link2118 link2119 link2120 link2121 link2122 link2123 link2124 link2125 link2126 link2127 link2128 link2129 link2130 link2131 link2132 link2133 link2134 link2135 link2136 link2137 link2138 link2139 link2140 link2141
Самиева Балкенже Онгарбековна
Должность:учительница начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Республика Казахстан, город Уральск, поселок Шынгырлау
Сыныптан тыс іс-шара «Әнші қарлығаштар»

Шыңғырлау ауданы балалар саз мектебінің

хор класының оқытушысы

Уразалина Айман Хасановна

Тақырыбы: «Әнші қарлығаштар»
Мақсаты:
Оқушылардың алған білімдері мен үйренген әндерін паш ету, ән айтуға қызығушылығын арттыру, дауыс диапазондарын дамыту, сахна мәдениетіне баулу.
Көрнекілігі: домбыра аспабы, нақыл сөздер, музыкалық аппаратура, ән авторларының суреті, өмірі, шығармалары туралы ақпараттар
Сабақ түрі: ән кеші
Барысы:

1) Ұйымдастыру (Мұғалімнің кіріспе сөзі)
2) Музыкалық термин сөздерге анықтама беру
3) Ән авторларымен таныстыру
4) Үйренген әндерді орындау
Жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Жердің сәні - жеміс, өнім, дақылы, Адам сәні - өнер, білім, ақылы, демекші мектебіміздің өнерпаз балаларының «Әнші қарлығаштар» кешіне қош келдіңіздер!
Мотивациялық оятушылық
Жүргізуші: Балалар, күн болмаса айнала қандай болар еді?
Балалар: Қараңғы, суық т. б.
Олай болса күнге ризашылығымызды білдірейік! Көңіл күйімізді көтеріп әсем әндерімізді шырқайық!
Балалар:(қолдарына гүл ұстаған балалар бәрі бірге) Қуанамын мен де, қуанасың сен де, қуанамыз бәріміз, арайлап атқан күнге!
(Жүргізуші оқушылардан гүлдерді жинап алып, қонақтарды топқа бөледі, кеш соңында әнші қарлығаштардың өнеріне ризашылықтарын білдіретінін айтады)

Оқушылар кезекпен:

1. Кел достар бастайық,
Бастайық, ән кешін,
Қызықтан бос қалып,
Еш бала жүрмесін

2. Құрметпен көп тосқан
Келіпті қонақтар
Келіңдер, кел достар
Қазір ән айтамыз!

3. Ал, тура қараңдар
Жақсы ән, күй келсін
Білмейтін балалар
Білгеннен үйренсін

4. Абай, Жамбыл, сал Біржан
Домбырамен ән салған
Жүрегіңді жандырған
Естіген ел тамсанған

5. Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй!

Жүргізуші:
Мектептің әдемі ғой, әр сабағы
Қызық - ау, әсіресе, ән сабағы
Шарипа Шара болып би билесе
Күлипа Күләш болып ән салады
Бәріміз бұл сабақта тамашамыз
Үкілі бөрік киіп жарасамыз
Апайға ән үйреткен риза болып,
Үйді - үйге өлең айтып тарасамыз

Жүргізуші: Жеке орындаушы - музыкалық шығарманы бір өзі орындайтын әнші
Ендеше алдарыңызда «Ана туралы жыр» әнімен Бекжанға қошеметтеріңіз!
ән орындап болған соң, « қай әншіге ұқсап жеке орындауда ән шырқағың келеді» деген сұраққа әнші өзі ойын айтады

Жүргізуші: Дуэт — толық үндестікпен орындайтын екі адамға арналған шығарма. Итальян тілінен аударғанда duetto және латынша duo - екі музыкалық шығарманы, екі адамның екі түрлі аспапта, немесе екі бірдей аспапта орындауы екі адамның қосылып екі дауыста орындауы. Олай болса, «Аруана» әнін екі әншіміздің орындауында тыңдап көрейік! Сымбат және Азизаны қарсы алайық! ән орындап болған соң, «эстрада жұлдыздары арасында қандай дуэтті топты білесіңдер» деген сұраққа әншілер өз ойларын айтады

Жүргізуші: Трио — үш орындаушыдан құралған әншілер тобы (итальян тілінен ауд. trio. tre - үш) М. Шахановтың сөзіне жазылған Ш. Қалдыаяқовтың «Арыс жағасында» әнін
Дамир, Әлішер, Әли орындап береді
ән орындап болған соң, « қай топтың орындауындағы әндерді көбірек тыңдайсыздар» деген сұраққа топтағы орындаушылар өз ойларын білдіреді
Жүргізуші: Квартет (итаquartetto - төртінші) төрт орындаушыдан құралған әншілер тобы
Абай атамыз қазақ халқының көзі ашылып, алдыңғы қатарлы мәдениетті елдер қатарына қосылуын, еңбекті, білім мен өнерді, татулық бірлікті жырлаған. Олай болса, «Көзімнің қарасы» әнін Аяулым, Аружан, Нұрболат, Мейіржан шырқап береді
ән орындап болған соң, « алдағы уақытта топ құратын болсаңыздар топқа қандай атау бересіздер» деген сұраққа ойларын айтады
Жүргізуші: Хор - (грек. choros) ежелгі грек театрларындағы комедия мен трагедияларда өнер көрсететін орындаушылар тобы
А. Шамкеновтың сөзіне жазылған Ә. Еспаевтың «Ұстазым менің» әнін орындауға хор ұжымын шақырамын. (хор орындалады)
Жүргізуші: Гүлдер бойынша топқа бөлінген қонақтар әр әншіге тілек ниеттерін білдірсе деймін, құрметті қонақтар, өз заманында ең көбірек айтылатын әндерді естеріне түсіріп жіберсеңіздер де болады.
Жүргізуші: 2 айда 3млн 28 мың адам тыңдап көрген ел арасында танымал әнге айналған «Алло, бұл кім?» әнін бәріміз жатқа білеміз, қыз балалар мен ер балалар тобына бөлініп бұл әнді бірге шырқайық! (әншілерге ең жаңа әндер топтамасы сыйға таратылады)
Жүргізуші: Өнер қарлығаштары ән аспанында қалықтай берсін!
Ән кешімізге келіп тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Жүздескенше!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности