Худжанова Алия Заркешевна
Должность:методист (старший воспитатель)
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область, г.Павлодар
Білім беру саласы: шығармашылық Оқу іс-әрекеті: Сурет салу Тақырыбы: «Түрлі — түсті көбелектер»

Білім беру саласы: шығармашылық

Оқу іс-әрекеті: Сурет салу

Тақырыбы: «Түрлі — түсті көбелектер»

Бағдарламалық мазмұны:

Дәстүрлі және дәстүрден тыс техника арқылы балаларда бейнелеу өнерін қызығушылықтарын арттыру;

Өз талғамымен бояуларды таңдауға дағдыларын қалыптастыру;

Қарындаш, акварельмен жұмыс істеу тәртібімен қолдана білуге, қол-саусақ қимылдарын қалыптастыру.

Құралдар: қағаз, қағаздан қиылған көбелектер, бояу, қарындаштар, поролон, ұшталмаған қарындаштар (әр балаға) суланған сүлгілер, қылқаламдар.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар:

- шағын өлендерді жаттау;

- жәндіктер туралы шығармаларды оқу.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдас-тырушы ізденуші.

Қорытынды

Шаттық шеңбері:

- Армысың алтын күн!

- Армысың ашық аспан!

- Армысың достарым!

- Міне саған менің қолым!

Қысқаша жыл мезгілі туралы әңгімелеседі:

- Қазір қай жылдың мезгілі?

- Көктемнің қай айы?

- Көктемнен кейін қай мезгілі басталады?

- Балалар, жаз мезгілін қандай бояумен бейнелеуге болады?

- Балалар, сендер қандай жәндіктерді білесіңдер?

- Мына жұмбақты шешіп көріңдерші:

Үстіндегі көйлегі түрлі-түсті

не керек, қызықтырар көргенді

мұның аты....?

- Дұрыс, балалар.

- Балалар, біз қазір көздерімізді жұмып, жазғытұры жасыл бір алаңды елестейікші, алаңда жап-жасыл шөп, көп түрлі-түсті әдемі гүлдер өсіп тұр, шөптің үстінде қаңқыздар, көп түрлі-түсті көбелектер ұшып жұр.

- Ал, енді көзімізді ашамыз. Қараңдаршы, біздің үстелімізде де көп әдемі көбелектер жатыр.

- Сендер оларды суретке салуға қалайсыңдар ма?

- Олай болса, жұмбақ шешеміз:

Аяғы біреу қолы жоқ

Шиыр-шиыр жолы көп

өзі сөйлей білмейді салған ізі

сөйлейді.

- Дұрыс, балалар! Айтыңдаршы тағы сурет салуға немен болады?

- Бұл заттармен сурет салуға қандай дене мүшесі көмектеседі?

- Жарайсыңдар!

- Балалар, ұзақ күнге дайын болу үшін біз таңертең не жасаймыз?

- Дұрыс, міне сурет салу үшін біздің саусағымызға да жаттығу керек. Олай болса олармен ойнайық:

Кел санайық санамақ,

Саусақтарды даралап.

Бас бармағым алғашқы,

Балан үйрек жалғасы.

Ортан терек атасы,

Шылдыр шүмек анасы.

Шынашағым балапан,

Бәріне ортақ алақан.

- Жарайсыңдар, енді, алақанның

арасына қарындаш салып,

айналдырайықшы. Оң сол

құлағымен естіп көрейік.

Не естеп отырсыңдар? Қандай дыбыс шығып тұр?

- Ал, енді қарындашты қойып, қолдарын ұстап көрейік, маңдайына, жағына салайық.

Енді, міне, біздің қолымыз сурет салуға дайын.

- Бүгін біз көбелектерді әр-түрлі әдіспен саламыз, қарындаш, қылқалам + бояу, саусақпен.

Қарындаштармен 1 үстелдегі отырған балалар салады. Қылқалам, бояумен 2 үстелдегі.

Ал, 3 және 4 үстелдегі балаларға мен ерекше әдіспен салуға ұсынамын.

(Барлық балаға үлгі мен әдісті көрсету)

Жұмыс барысында балаларды мадақтау.

«Көбелектер» сергіту сәті.

Таңертең көбелек

оянды, тартылды

қанаттарын бұлғады

терең тыныс алды,

Азғана айналып,

барлығына күліп,

қайта гүліне оралды.

- Міне, балалар біз демалғанша, біздің көбелектер де демалып, кеуіп қалды енді көрсетейік біздің көбелектерімізді.

- Балалар, біз бүгін не істедік сабақта?

- Кімнің көбелегі сендерге ең әдемі көрінеді?

- Бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

Балалар шеңберде тұрып, сәлемдеме сөздерін қайталап қимылдарын жасайды.

- қазір жылдың мезгілі — көктем.

- көктемнің мамыр айы.

- көктемнен кейін жаз мезгілі басталады.

- жасыл, сары, көк, қызғылт, тоқсары т.с.с.

- құмырсқа, өрмекші, көбелектер т.с.

- көбелек

- балалар, көздерін жұмып, елестетіп тұрады.

балалар көздерін ашып,

қарайды

- иә

- қарындаш

бояу, қылқалам, бор, қарындаш....

(саусақтар, қол)

- жаттығу

қимылдарын жасайды

шыр-шыр етеді

жылы болды

балалар мұқият тыңдайды

жұмысқа

кірі

сергіту жаттығуларын жасайды, сөздерін қайталайды.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности