Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
10.05.2014
0
1330
1

Түрлі түсті қарындаштармен сурет салу

Казахстан, Восточно-Казахстанская область, Курчумский район, с. Курчум
Курчумская средняя школа №4 им. Н. Островского
Учитель изобразительного искусства
Сманжина Жадыра Нурлановна

Түрлі түст қарындаштармен жұмыс

Сабақтың мақсаты: Түрлі түсті қарындаштармен натюрморт салып үйрену.

Сабақтың тәсілі: Жеке, топтық, жұмыс

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекіліктер: Кітап, А3 қағазы, ресурстар

Р/с

Уақыт

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

1

2 мин

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

-          Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-          Сыныпта кім кезекші? Оқушылар түгел ме?

-          Сабаққа деген көңіл-күйлерің  қалай?

 

Оқушылар сәлемдесті. Кезекші оқушылрдың түгел екенін баяндады, балалар сабаққа деген көңіл-күйлерінің жақсы екені айтты.

2

2 мин

Топқа бөлу

-          Балалар, мен сендерге қазір қағаздар таратамын, сол қағаздарда әртүрлі суреттер берілген, сол суреттер арқылы тобымызды табамыз, сөйтіп топқа бөлінеміз.

Оқушыларға әртүрлі суреттері бар қағаздар тараттым.

-          Үш топқа бөліндік пе?

-          Орындарың өздеріңе ыңғайлы ма?

Балалар өз топтарын тауып отырды.

3

4 мин

Сергіту сәті

Оқушыларды ортаға шақырамын да, шеңбер құрып тұрамыз.

-          Енді бір-бірімізбен дене мүшелеріміз арқылы амандасамыз.

Шаттық шеңберіне келіп тұрып, дене мүшелері арқылы бір-бірімен амандасты. Бұл жаттығуды қызыға орындады.

4

10 мин

Жаңа сабақ

Стратегиялар

Оқушыларға оқулықта 72 бетте натюрморт туралы берілген түсініктерді оқуға беру.Олар соны оқып шығып, топ болып талқылай отырып, түсінуге тырысады, соған постер жасап қорғайды, түсінгендерін айтып береді.

Оқушылар алдымен оқулықта берілген түсініктерді окып шыгып, топ болып постер жасады, жасап болған соң, ортаға шығып түсінгендерін айтып беріп, орындаған жұмыстарына түсінік бере кетті.

5

3 мин

Сергіту сәті

«Көңілді жаттығу» атты сергіту сәтін өткіземін.

Сергіту сәтін көңілді орындады.

6

15 мин

Бекіту

Оқушылар жеке-жеке  сурет дәптерлеріне түрлі түсті қарындаштармен  натюрморт  салуға кіріседі.

Балалар өз қалаулары бойынша таңдап алған натюрморт түрлерін салды. Талантты және дарынды оқушыларға күрделі натрморт салуға берілсе, төмен деңгейлі оқушыларға 2 заттан тұратын натюрморт салуға берілді. Оқушылар өз деңгейлерінде орындап шыкты.

7

4 мин

Қорытындылау

Оқушыларға сұрақ қою арқылы алған білімдерін тексеремін.

-          Бүгін сабақта біз нені үйрендік?

-          Натюрморт дегеніміз не?

-          Натюрмортты түрлі түсті қарындаштармен салуда қандай қиындықтар болды?

Оқушылар натюрморт туралы түсінік алғандарын айтты. Түрлі түсті қарындаштармен бұрыннан қолданып келе жатқаннан сурет салуда ешқандай қиыншылық болмағанын йтты.

8

1 мин

Үйге тапсырма

Түрлі түсті қарындашпен пейзаж салып келу.

Тапсырманы күнделіктеріне жазып алды.

9

4 мин

Бағалау

Оқушылардың сабақ барысында салған суреттерін топ басшысы берілген бағалау парағы бойынша бағалайды. Сабаққа кері байланыс жасау.

Бағалау парағына бағалады,кері байланыс жасады.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения