link10080 link10081 link10082 link10083 link10084 link10085 link10086 link10087 link10088 link10089 link10090 link10091 link10092 link10093 link10094 link10095 link10096 link10097 link10098 link10099 link10100 link10101 link10102 link10103 link10104 link10105 link10106 link10107 link10108 link10109 link10110 link10111 link10112 link10113 link10114 link10115 link10116 link10117 link10118 link10119 link10120 link10121 link10122 link10123 link10124 link10125 link10126 link10127 link10128 link10129 link10130 link10131 link10132 link10133 link10134 link10135 link10136 link10137 link10138 link10139 link10140 link10141 link10142 link10143 link10144 link10145 link10146 link10147 link10148 link10149 link10150 link10151 link10152 link10153 link10154 link10155 link10156 link10157 link10158 link10159 link10160 link10161 link10162 link10163 link10164 link10165 link10166 link10167 link10168 link10169 link10170 link10171 link10172 link10173 link10174 link10175 link10176 link10177 link10178 link10179 link10180 link10181 link10182 link10183 link10184 link10185 link10186 link10187 link10188 link10189 link10190 link10191 link10192 link10193 link10194 link10195 link10196 link10197 link10198 link10199 link10200 link10201 link10202 link10203 link10204 link10205
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде.

Казахстан, пос. Заводской

Средняя школа

Учитель биологии

Каримова Г.К.

Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде.

Сабақтың мақсаты:

Білім беру:

Қазір адамзат ұрпағына төніп тұрған экологиялық проблеманың түйінін ашу, ЖҚТБ (СПИД), нашақорлық, ішімдік, шылым шегу сияқты зиянды аурулардың пайда болуын, оның қоғамға, адамдарға тигізетін зардаптарын түсіндіру, ашып көрсету.

Тәрбие беру:

Экологиялық, эстетикалық, құқықтық , адамгершілік тәрбие беру.

Дамыту:

Оқушылардың өмірге әсіресе, адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын алуды үйрету. Жаман әдеттен бойларын аулақ салуын оқушылардың санитарлық гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту

Көрнекілік:

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Бүгін 1 желтоқсан дүние жүзілік ЖИТС (жұқтырылған қорғаныш тапшылығын белгісі)-мен күресу күні.

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын» деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтірілетін әдеттерге қарсы күрестің маңызын ашып айтқан.

«Жаман әдеп-жұқпалы аурудай» сол жаман әдет-қылықтарды бойымызға жұқтырмау үшін күресе білуміз керек. Үнді халқының тамаша бір мақалы бар «Жақсы мен жаманның айырмасы сиыр мен жыланның айырмасындай, бірі-шөпті сүтке айналдырса, ал екіншісі — шөпті уға айналдырады» деген. Осы мақалда келтірілген мысалдың растығына көз жеткізу үшін темекі, ішімдік, есірткі, ЖИТС , олардың химиялық құрамы, ағзаға тигізетін әсері және одан туындайтын ауру түрлері, кей қылықтардың шаралары туралы білімімізді дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде» тақырыбында дөңгелек үстел сабағын сендермен өткізгелі отырмын.

Ол үшін сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөлу. Әр топтың аты және топ басшысын таңдату.

- Балалар көңіл күйлерің қалай? Алдарыңда үлестірме суреттері тұр, әр қайсысыларың көңіл күйлеріңе байланысты суреттерді таңдап мына жерге бекітіңдер.

Әр топтың аты.

1-топ- «Есірткі»

2-топ-«Ішімдік»

3-топ-«Темекі»

1тапсырма. Адам ағзасына зиян келтіретін қандай заттарды білесіздер?

Енді балалар тақырып бойынша толық мағлұмат алу үшін мындай ББҮ кестесін толтыруымыз керек. Яғни әр топ өзінің топ атына байланысты толтырады үшінші бағанды сабақтың соңында толтырамыз.

Білемін

Білгім келеді

Үйренемін

Зиянды заттар

Есірткі Темекі Ішімдік

Ақылдан айырылады Өкпеге зиянды Жүйке жүйесіне әсер етеді

2-тапсырма. Әр топ өздерінің топ аттарына байланысты үй тапсырмасын көрсетеді.

3-тапсырма. «Жарнама газеттер шығару»

Есірткі Ішімдік Темекі

Жарнама газеттері шағарғанға дейін топ басшыларына сұрақтарын қою.

1) Топ басшыларына берілетін жағдаяттар

1) Таныс баланың күнде сыра қолданбай тұра алмайтын білесің, не істейсің?

2) Достарың, сыра іш, ішпесең бізге жолама-десе, сенің қайтарар жауабын қандай?

3) Сен ақшадан қысылған сәтте қолыңа есірткі беріп: «Осыны сатсаң көп ақшы береміз» - десе не істер едің?

Жарнама газеттерін қорғау

Сахналық қойылым

1) «Темекі» тобы шылым шегудің пайдасы

2) «Әусек пен сәусек (сынақ)

Ғасыр кеселі

ЖҚТБ (жұқтырылған қорғаныш топшылығын белгісі)-ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Вирус әр түрлі жолдар арқылы жұқтырылып, адамның қорғаныш қабілетін төмендейді.

  1. ЖҚТБ-ның шығу тарихы
  2. Вирустың жұғу жолдары
  3. Вирус туралы не білеміз?
  4. Вирусты өлтіруге бола ма?
  5. Аурудың алғашқы белгілері.
  6. Вирус мына жағдайларда берілмейді?
    1. 1. Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖҚТБ ең алғаш XX ғасырдың 70-жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген.
      1979-81 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес дәрігерлері, адамдардан иммунитетің нашарлағанын байқаған. Олар қан тамырының ісігі (саркома Капоши) және пневмонияның сирек формасымен ауыратын адамдар.
      1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖҚТБ-ны тіркеді.
      1983 жылы француз Люком Монтанье мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғышы туралы мәліметтер айтты
    2. 2. Вирустың жұғу жолдары
    3. 3. Вирус туралы не білеміз?
      1983 жылы францз ғалымы, вирусолог л. Монтанье тапты.
      Ал 1984 жылы американдық ғалым р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады.
      Адам организміне енген вирус қанның лимфоцит жасушасының ішіне кіріп, жасушаның генетикалық аппаратына жабысып, тез көбейе бастайды.Оның әсерінен жасуша жарылып өледі де, вирустар жаңа жасушаға жабысады.
    4. 4. Вирусты өлтіруге бола ма?Вирусты 56°С қыздырса, спирт, ацетон, эфир, гидрохлорид, т.б. дезинфекциялық заттар әсерінен өледі. Өкінішке орай АҚТҚ вирусын өлтіретін заттар адам жасушасына да зиян тигізеді. ЖҚТБ ауруын емдейтін тиімді дәрілерді жасаудың қиындығы осында.
    5. 5. Вирус мына жағдайларда берілмейді

1. Жөтеліп, түшкіргендегі ауа тамшылары арқылы;

2. құшақтасқанда, қол алысқанда, жуынғанда, бассейінде, яғни тұрмыстық жолымен;

3. Қан сорушы жәндіктер шаққанда;

Сабақты бекітуге арналған тест

  1. Зиянды әдеттерге нелер жатады?

А) темекі шегі, ішімдік ішу

Ә) спортпен шұғылдану

Б) ән айту

2. Темекінің құрамында кездесетін улы зат

А) анаша

Ә) алкоголь

Б) никотин

3. Түтін болып кіреді,

Күркіл болып шығады

А) алкоголь Ә) темекі Б) насыбай

4. Мұрынға тақасаң түшкіре бересің,

Ерніңе тақасаң түкіре бересің

А) темекі Ә) алкоголь Б) насыбай

5. Оңға қарай оқысаң

Әзәзіл деп білерсің

Солға қарай оқысаң

Жаға салар күйесін

А) арақ Ә) темекі Б) насыбай

6. Өз-өзімен отырып,

Сықылықтап күледі.

Ұрмай-соқпай өкіріп,

Жылай салар бұл өзі.

А) нашақор Ә) темекі шеккіш Б) маскүнімдік

7. ЖҚТБ қандай жағдайда жұғады?

А) қолынан ұстағанда

Ә) қан құйғанда

Б) бір ыдыспен тамақтанғанда

8. ЖҚТБ вирусы қай ағзаның жасушасында өмір сүреді?

А) өсімдік Ә) жануар Б) адам

ББҮ кестесінің үшінші бағанды толтыру

Кестесі бар картаны жинап алу

«Зиянды әдеттер» өлеңімен сабақты аяқтау

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности