Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
15.04.2014
0
1596
0

Бақыт деген не?





Казахстан, Северо-Казахстанская область, район Шал акына, с. Социал

Социальская основная школа

Учитель и библиотекарь

Шокатова Ш.У.

Мақсаты: «Бақыт» деген не екенін оқушыларға түсіндіру,сынып сағатында әр оқушыға бақыт деген не екен түсінуге көмектесу және өз өмірлерінде қолдана білуге көмектесу.       

Мұғалім: Бақытты болу дегеніміз- рақат сезімде жүру. Адам өмірінің басым көпшілігін жұмыспен өтеді, сондықтан алдымен істеген жұмысыңнан рақат ал. Өзіңді-өзің қадағала. Біреуге жәрдем беру рақатын сезін. Бүгінгі 8- сынып оқушыларымен дайындаған «Бақыт деген не ?» атты ашық тәрбие сағатымызға қош кедіңіздер.

 

                                                          Ән: «Бақыт деген» (Жанна, Айғаным)

 

     Айғаным: Біз әртүрліміз. Сыртқы пішін, жан-дүниеміз де ұқсамайды. Түр-сипатымыз тәрізді түсінігіміз де бөлек. Десек те бәрімізге ортақ бір нәрсе бар. Ол- бақытты болғымыз келетіндігі. Бірақ бақыт жайлы түсінігіміз де, оған жетуге ұмтылысымыз да әр қилы.

    Айдана: Адам қағынан жаралғанда –ақ бақытты туылады десе, екіншісі: Адамның бақытты болмағаны- Алланың пешенесіне жазған жазуына байланысты дегенге иланады. Үшіншісі: Бақыт әр адамның жұлдызының әсерімен келетін құбылыс дегенге малданады. Бұл шындық болуы мүмкін. Дегенмен, ғасырлар бой адамдар қалай бақытты болуды болуға болады деген сұраққа жауап іздеумен келеді. 

 

     Медет: Бармақтай бақты бармақтай құсқа теңеген,

Қазағым жүрек, қаңсыған кеуде аумайды

Қазығұрттың басында қалған кемеден

Осы бір сөзді күмбірлей жеткен көшеден

Қуанғанмен қанша ұстай алмай-ақ келем мен

Бақытты болып, бақытты тағы аңсаймыз

Тойымсыз еді көңіл шіркінің не деген

Уыстап тұрып ұстап қолға сенер ем,

Не құдіреті барлығын ашып көрер ем

Қажырынбасты бақытты іздеп табасың

Құс болып ұшып шыққанша жаның денеден!

     Әсемгүл:Бақыт іздеп мал бақ мейлі тас қала

Бірақ балам мынаны естен тастама

Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң

Бақытты боп сорлап жүрсең масқара.

   

              Айғаным:: Ойын: Мақалды дұрыс құрастырып, мағынасын ашу.

1.«Бақытты қолда... (ұстай алмайсың)»

2.«(Бақыт)... байлықтан қымбат»

3.«Өзін-өзі білген ер бақытты,..(Өзін-өзі билеген ел бақытты)».

4.«Бақыт кілті... (еңбекте)»

5. «Ақыл қонбаған жігітке ... (Бақытты қонбайды)

6. «Ел алғысына бөленген ... (Ең бақытқа кенелер)

  

      Айдана:Бақыт дегеніміз- өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Біреу бақытты оттан, біреу судан табады. Күйем-ау, тереңге батып кетем-ау деп қорықпастан барады. Ар-намысты қорғау- бақыттың шыңы. Қиыншылықтармен санаспастан, азаматтық міндетті орындап шығу-ол да бақыттың шыңы. Жеңсең- бақыт.

       Айғаным: Әр адам өз өмірін бақытты болуын арман етеді. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылады. Бағы жанған адам таусылмас дәулетке, зор байлыққа кенеліп, сәнді де мәнді ғұмыр кешеді. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толады. Қасында жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа кенеледі. Әрбір атқан таң мен әрбір батқан күннен бақыт тілеген адам мұратына жетеді.  

 

Жанна: Бақыт жайлы өмірде

Талайлар пікір таласқан.

Шын бақыт, ол адамның

Рухымен ішкі санасқан

Бақыт деген- денсаулық,

Тіршілігін жарасқан.

Бақыт деген- уақыт

Тағдырыңмен санасқан.

Бақыт деген адал жар

Көңілге қаяу салмайтын.

Бақыт деген-ұрпағың

Өміріңді жалғайтын. 

 

Есен: Бақыт деген-қуаныш

Көңілің көкке жететін.

Бақыт деген-жұбаныш

Барға шүкір ететін.

Бақыт деген-арманың

Қиял қуып өтетін.

Бақыт деген-ақиқат

Иманды жан ететін.

Бақыт деген тазалық

Тән рақатын табатын.

Бақыт деген-байлығың

Жоқшылықты жабатын.

Бақыт деген-бақ құсы

Сан санаққа салатын.

Қонғанын да ұшқанын

Білмей өзі қалатын.


               Айдана: ойын « Сұрақтарға жауап беру»

1. Өмірді не үшін жақсы көресіз?

2. Егер миллион ұтып алсаңыз онымен не істер едіңіз?

3. Бос уақытыңызда не істегенді ұнатасыз?

4. Адам бойындағы қандай қасиеттерді бағалайсыз?

5.Қандай тарихи тұлға ең атақты болды деп ойлайсыз?

6. Өміріңіздегі қандай сәтті ең бақытты дер едіңіз?

 

              Қойылым «Бақыт іздеген қыз»

Басты рөлдерде:

Данагүл-бақыт іздеген қыз.

Данияр-әкесі(балықшы)

Жанна-анасы(жақсы ана)

Ақмарал-әжесі.

Құрбысы-Әсемгүл.

 

        Айғаным: Әрбір адам өмір сүруге талпынғаннан бастап бақытты болуға ұмтылады. Бірақ сол бақыттың бағасын білмей, кейде қолымызға қонған бақ құсымызды ұшырып алатынымыз тағы бар.
Адамдар арасында бақыттың алар орны әртүрлі, әрине, ол әрбір адамның бақыт туралы түсінігіне байланысты.
Ал, менің бақыт туралы түсінігім ше? әлемнің қай түпкірінде болмасын, ел бақыты, ер бақыты, бала бақыты, ана бақыты ұғымдары бар. Міне, осы ұғымдар нағыз бақытты құраушылар дер едім.

       Айдана: Ер бақыты дегеніміз қиналғанда қол ұшын берер қаумалаған қалың елі, достары келгенде де, дұшпаны келгенде де ер атын ез атына айналдырмай сыйлай білетін адал жары, әке атын ертеңге адалдықпен, кәусарлықпен жеткізетін ұл-қыздары.
Бала бақыты дегеніміз көз жасын төкпей, қайғы көрмей, жетімдіктің, жоқтықтың зарын тартпай өткізетін балғын балалық шағы, жел жағынан пана, жаңбыр жаусы таса, өмір-өзен қыспағында қалса, араша бола білетін асқар таудай әкесі мен мөлдір бұлақтай аяулы анасы.
         Айғаным: Ана бақыты дегеніміз тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібіткен, жүрек жылуы, көз қуанышы, бауыр еті баласы, кейде досы, кейде жанашыры кей-кейде арқа сүйер панасы бола білетін сүйген ері.
Міне, осы төрт ұғым тек қана ұғым болып қалмай, шынайылықпен жүзеге асса, онда бақыт шырағданы мәңгі өшпес өмір шырағданына айналар еді. Өмір көгінде нағыз бақыт қанат жайып, әлемді өз нұрына бөлер еді. Менің ойымша, бақыт деген осы.

 

                  Ән:  «Үш бақытым»(Айдана,Айғаным)

 

       Айғаным:  Ал енді сіздерге атақты ғалым, жазушылардың айтқан даналық сөздерін ұсынамыз.

 

1)    «Өзің ғана ойлайтын адам, бақытты бола алмайды. Өзің үшін өмір сүргің келсе, басқалар үшін өмір сүр»(Сенеке).

2)    «Адам бақытты, егер өзін бақытты санаса»(Г.Рулдинг).

3)    «Сау кедей, ауру патшадан бақытты»(Шопенгауэр)

4)    «Маған сен – бақыт бізді жақсы көретін және сенетін жерде» (Лермонтов)

5)    «Өзін-өзі білген ер бақытты,

Өзін-өзі билеген ел бақытты» (Халық даналығы)

      6) «Кішкене ғылым, кішкене денсаулық, кішкене күш-жігер міне осылар бізді бақытты етуге  

          жеткілікті» (С.Шарп)

      7) «Адамның өмірі аяқталмайынша оны тағдыр бақытты етті деп айту қиын» (Софокл)

 

Медет: Минут сайын сезінем бақыт дәмін,
Қуанышқа толады уақыттарым.
Айналаның бәрінен бақыт көрем,
Арайланып тұрғанда атып таңым.

Күні-түні шүкір деп шаттанамын
Сәбидеймін, көңілім аппақ әлі!
Көзім – шырақ, санам – сау, ғалам – ғажап,
Бұдан артық бола ма бақ бағалы?

Данияр: Бақыт!
Ол не?
Қонғаны ма мансап бақ?
Байлық па, әлде машина ма, ақша ма?
Расында да, бақыт деген не нәрсе?
Маңсап жетпес бар адамға үлістіріп алғанда,
Үміт үзбей іздейтіндер, таңдап сол бір жақұтты,
Оңы алыстан іздемегін, жүректен тап - бақытты....

    Айдана:Байлық- тіршілік етуге ғана қажетті қаражаттың молдығы. Байлық бақыт емес. Ынсап пен адамдыққа жат ниетке тыйым болмаса, байлықтың өзі адамды аздырады. Пиғылын бұзады. Мұратсыз бақыт та жоқ. Көксеген мұратың көптің мүддесімен қабысса, сол жолдағы әрекетің мұратыңның орындалуындағы діңгек болар. Бақытқа жеткенің- мұратыңның орындалғаны. Бақыт қолға ұстата салатын зат емес, ол ой мен қиялдың мақсатқа жеткізетін, мұратты орындауға жол ашатын түйін.

        Айғаным:Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында.

      Айдана: Енді біздің сыныбымыздағы Бағрамова Айғанымның өз шығармашылығынан «Бақыт» тақырыбына шығарған өлеңі.

             Бақыт деген...


       Бақыт деген өмір гүлі шынын да,

       Бақыт десе көркейеді жырың да.

       Бақыт,бақыт жүрегіңнің дүрсілі

       Кернеп тұрсын бақыт оты жаныңда.

       Бақыт деген қазіргі атар таңын

       Бақыт деген өмір сүріп жатқаның.

       Әр күніңді қуанышпен қарсы алып,

       Рақм етіп,әр күніңе айтқаның.

       Бақыт сенің бал-бұл күлген күндерің

       Бақыт сенің жымиған мөлдір кездерің.

       Бақыт сенің күнәдан таза жүздерің,

     «Бақыт»менің жүректен шыққан сөздерім

       Бақыт сенің биіктегі арманың,

       Бақыт сенің қасыңдағы достарың.

       Бақыт сенің өмірдегі мақсатың,

       Бақыт  сенің мәңгілік өшпейтұғын ән-жырың.

       Бақыт сенің өз қолыңда бүгінде,

       Шаттана жүр осы нұрлы күніңде.

       Бақыт сенің мәңгі өшпес асылың,

       Тоғыса біл бақыттың жарқын үнінде.


          Айғаным: Біздің сыныбымыздағы Сағындықова Айдананың өз шығармашылығынан «Бақыт» тақырыбына шығарған өлеңі.

 

                      Бақыт мына өмірде...

Бақыт!!!

Деген не өзі?

Кей-кездері ойланам,

Бақыт мына өмірде?

Осы жайлы толғанам.

Бақыт жайлы өмірде,

Көп адам пікір алысқан.

Бірі бақыт –байлық десе,

Екіншісі мынадай бір ой айтқан –

Бақыт деген-бір арман

Жүректерде сақталған.

Бақыт деген- мақсатын

Орындала бастаған.

Бақыт деген-ата-анаң

Әрқашанда қолдаған.

Бақыт деген-достарың

Қиын сәтте жаныңнан,

Алыс кетпей табылған.

Бақыт деген-денсаулық

Бойға қуат сыйлаған.

Бақыт деген-туған жер

Жаныңа жылу сыйлаған.

Бақыт,бақыт мен үшін

Осының бәрі дер едім.

Байлық-бақыт емес екені

Осы менің білерім.

Бақыттымыз бұл өмірде бәріміз,

Тек қуаныш біздің өмір нәріміз.

Қанша қиын болсадағы бұл өмір

Басымызды тік ұстаймыз бәріміз.

 

Бақыт құсы қонсын әрбір адамға,

Орындалсын мақсат, үміт,арманда.

Бақыт, бақыт сыйласа бізге қуаныш,

Бақытыңмен бөлісуді ұмытпа!!!


 Айдана:ойын « Бақыт деген не?»

Ойынның шарты бойынша ортада «Бақыт» деген сөз жазулы тұрады. Әр ата-анаға гүлдің күлтелері беріледі, олар өздерін осы өмірде не бақытты етеді соны жазулары керек. Сосын оны «Бақыт» деген сөздерге қосады. Және оны түсіндіруі керек. Соңында «Бақыт гүлін» құрайды.

 

Би:«Қазақ биі»

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения