Пользователь с логином Saule не найден.
22.01.2012
0
7818
0

Адамның жан сұлулығы

Год:2012

Предмет: Самопознание 

Страна: Казахстан

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Кусаинова Сауле Зикеновна
Ақмола облысы Көкшетау қаласы,(қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған
№3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты


Сабақтың тақырыбы: Адамның жан сұлулығы


Мақсаты: оқушылардың адам жанының сұлулығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: 
• Адамның «жан сұлулығы» ұғымының мәнін ашу;
• Адам жанының сұлулығын көрсететін жақсы қасиеттерін дамыту;
• Жан сұлулығына жеткізетін ізгі істерге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, интерактивті тақта, суреттер

Сабақтың әдіс-тәсілдері: шаттық шеңбері, жаңа ақпарат, дәйексөз, пікірлесу, 
сахналау, оқу


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. 

2. Шаттық шеңбері
• Ш.Қалдаяқовтың «Балдырғандар» әнін орындау

3. Әңгімелесу
1) Ойланайық, пікірлесейік
Сұрақтарға жауап алу
• Ал енді сендер әдемілік,сұлулық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
• Адамды тек сыртқы келбетіе байланысты сұлу деп айта аламыз ба? Неге?
• Жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?
• Жаны сұлу адамды қалай сипаттар едіңдер?
• Адам сұлулығын қандай ісінен байқауға болады?

4. Жаңа сабақты бекіту. Мәтінмен жұмыс
• А.Л. Бжисканың «Сұлулық сыры» әңгімесін мәнерлеп оқу;
• Сұрақтар арқылы талдау, қорытынды жасау (Жан сұлу адам болу әр адамның өз қолында)

5. Сахналау
• «Жан сұлулығы» диалогты сахналау
• Талдау. «Бұл қыздың сұлулығы соқыр адамға да айдан анық көрінеді. Өйткені оның сұлулығы жүректен тарайды» 
деген қарияның сөзін талдау арқылы жан сұлулығының мәнің ашу

6. Дәйексөз 
Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандану керек.     
Виктор Гюго

(Адалдық, мейірімділік, сезімталдық,сыйластық- адагершілік қасиеттер)

7. Тыныштық сәті
1 минут үзіліс жасау,көзді жауап аналадағы барлық тіршілік иесі өздерінің жүректерінен тараған сұлулыққа толы 
екенін сезінуге ұмтылады.

8. Жаңа ақпарат
Назар аудару «Әр адамның өзіндік сұлулығы бар. Бірақ ол сырт келбеті ғана емес жан сұлулығына байланысты»

9. Дәптермен жұмыс . Өзіндік жұмыс –үй жұмысы 12-14-бет (1-3 тапсырманы орындау)

10. Жүректен жүрекке
• Шеңберге тұрып, бір-біріне жүрекжарды тілектер айту
• Ж.Түрбековтің «Бақытты балалық шақ» әнін хормен орындау

Шеңбер бойымен тұрып, бір бірінің жақсы қасиеттерін тізбекпен (оң жақтан бастап өзіненкейінгі балаға) айтып шығу
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения