Ақпараттық технологияларды сабақта қолдану

  1. Оффлайн

    kaltaeva.gulnara

    Посетители

    Сообщений: 6

    Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беруде қолданылуы
    калтаева гульнара мухамедьяровна
    № 4 Булаево орта мектебі
    МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ

    Аннотация
    Баяндамада жаңа ғасырдың талабы ақпараттық білім алуда ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығы келтірілген.Білім беру ресурстарының ішіндегі ақпараттық технологияларды сабақта қолдану жолдары көсетілген.білім берудегі АКТ технологияның маңызы көрсетілген.Презентация технологиясын,қашықтықтан оқыту технологиясын,мультимедиялық технологияларды қолдану туралы айтылған.Өз сабақтарымда қандай ресурс қолданғаным туралы мысал.7 сынып математика бойынша электронды оқулықтың мазмұны. Е-learning жүйесін қолдану.



    ХХІ ғасыр — жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырғда өзгеруде. Ел өмірінің барлық саласы компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс.Қазақстан Республкасында қабылданған білім ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламалары еліміздің біртұтас дүниежүзілік білім кеңістігіне ену мүмкіндіктерімен байланысты білім беру сапасын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етудің жаңа сатылық жүйесін жасауға бағытталған.[1] Бағдарламаның жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес, білім беруді ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен тәжірибенің өзара тәрбиеленуі байланысуына да тәуелді. Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиялық, телекоммуника-циялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін толыққанды сапалы, нақты алғы шарттар болып табылады. Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайданалу оқушылардың білім сапасын арттыруға және болашақ мамандардың кәсіптік біліктілігін күшейтуге негізделген.Ақпараттық ресурс қазіргі замандағы өркениеттің басты құндылығына айналды. Компьютер оқушылардың белсенділігін арттыруға көмектеседі, әсіресе егер оған үйренуді емес, оны құрал ретінде пайдалануды игерсе,көп көмегін тигізеді.Осы орайда оны дұрыс қолданса, компьютер білімді жетілдіру құралы рөлін жақсы атқара алады. Оқушы компьютермен жұмыс жасағанды қызық көреді,сондықтан сабақ үстінде АКТ-ны тиімді пайдалану өзінің нәтижесін береді деп ойлаймын. Жаңа ақпараттық технологияларды сабақта барынша өнімді пайдалану заман талабы.Қазіргі кезде кез келген салада компьютерді жұмыс жасаудың негізгі құрал ретінде пайдаланады.Сондықтан да білім беру жүйесін де,компьютерсіз жұмыс істеуге болмайтындығын көріп отырмыз. Бірақ та АКТ енгізген кезде теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдану қажет екендігін білеміз.Сондықтан әр сабақта АКТ ны қолдану кезінде ол пайдалы болды ма? деген сұраққа жауап беру қажет деп ойлаймын.
    Жаңа компьютерлік технологияларды сабақта пайдалану түрлерін атап өтсек.
    Презентациялар технологиясы. Презентация бір жағынан, оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с.с) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді.
    Қашықтықтан оқыту – ақпараттық коммуникациялық технологиялық құралдар (компьютерлер, телекоммуникациялар, мультимедия құралдары) және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу .Бүгінгі таңда осы технология өте кең тараған. Қашықтықтан оқытудың тиімділігі:
    а) Компьютерлік телекоммуникациялар оқу материалдарын тыңдаушыға тез жеткізеді; ә) телеконференциялар арқылы нақты уақыт режимінде сұхбаттасуға болады б) ақпараттық коммуникациялық технологиялардың барлық уақытын оқытуға да, әрі оқушылармен кері байланыс жасауға да пайдалануға болады. Бұл технологияның біздің елімізде кең таралып кетті деп айтуға қиынырақ.Себебі байланыс арналарының да сапасы әзірше әлсіздеу . Әсіресе ауылдық жерлерде.
    Мультимедиялық технологиялар - әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы.
    Білім берудегі мультимедия – таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық ақпаратты-бағдарламалық құрал.
    Мультимедия – пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп ұсыну технологиясы. Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың 82%-ы, көру арқылы , көру-есту арқылы 50%-ы.Мультимедияның ажырамас бөлігі болып табылатын лазерлік дискілерде жазылған электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен сөздіктер оқыту процесінде ерекше орынға ие. Мысалы, электрондық сөздіктерде әрбір сөздің аудармасы ғана емес, сонымен бірге оның айтылу үлгісі де қамтылады.Мен де өз сабақтарымда мультимедиялық технологияна барынша көп қолданамын.Себебі тақырыпты түсіндіру барысында бейне арқылы суретінде көрсетіп дыбысын да естіп сабақтың мазмұны оқушылардың есінде қалады.Мысалға 5, 6 ,7 сыныптарда математикадан электронды оқулық қолданамын.Информатика сабағында барлық сыныптарда электронды оқулықты,бейне материалдарды жаңа сабақ түсіндіргенде қолайлы деп санаймын.Мысалға,жетінші сыныптағы ақпаратты кодтау тақырыбын қарастырғанда сөзбен айтып түсіндіру қиын,себебі оны оқушы көре алмайды,сондықтан да бұл жерде мультфильм түрінде көрсетілген анықтамаларды оқушы көз алдында сақтап қалады.Өз тәжірибемнен қанша сабақ өтсе де оқушылар бейнематериалды не?көргенін есте сақтап кез келген уақытта айтып бере алады. Электрондық басылым – бұл графикалық, мәтіндік, цифрлік, музыкалық, видео, фото және т.б. ақпараттар, сонымен қатар басылым мәліметтерінің жиынтығы. Электронды басылым магниттік (магниттік таспа, магниттік диск, т.б.), оптикалық (СD-ROM, DVD, CD-R, CD-I, CD+ және т.б.) электронды тасушыларда болуы және электронды компьютерлік желілерде жариялануы мүмкін.
    Электронды оқулық – оқу курсы мен оның тарауларының жүйелік мазмұнынан тұратын, мемлекеттік білім беру стандартына сәйкестеліп жасалған, өзінде қарапайым оқулықтың, анықтамалық, тапсырма-жаттығулардың және лабраториялық практикумдардың және т.б.-ң қасиеттерін қамтыған мемлекеттік органдармен нақты бекітіліп мәртебеге ие болған электронды оқу басылымы.
    Электронды оқу құралы (пособие) – толық және жартылай электронды оқулықты алмастыра алатын, мемлекеттік білім беру стандартымен нақты бекітілген басылым. Электронды оқу құралы болып, мамандықтар мен оқу бағыттарындағы аса маңызды мемлекеттік жалпы білім беру стандартындағы пәндер бөлімдері, типтік пәндер мен оқу жоспары бойынша жаттығулар мен тапсырмалар жинағы, сызбалар мен карталар альбомдары, атлас конструкциялары, пәндер хрестоматиясы және оқу жоспары, оқу жоспарын жүргізудегі нұсқау, практикумдарға байланысты нұсқаулар, кустық және дипломдық жұмыс жобалары, анықтама-энциклопедиялар, жаттықтырушылар (тренажеры) саналады.
    Электрондық курстың құрылымы
    Жалпы алғанда электронды оқулықтың құрылымы әр кітаптарда әр қалай беріледі. Мен солардың ішінен 7 сыныптың математика пәнінен ҚР білім беруді және ғылым министрлігі ұлттық ақпараттандырк орталығында жасалған электронды оқулықтың құрылымына қысқаша тоқталып кетсем.
    Электронды оқу басылымдарының құрылымы екі бөлімнен тұрады: алгебра және геометрия
    - Титульдік бет – бағдарлама,түсінік хат, авторлық ұжым,пайдаланушыға - нұсқау Тақырыбы – жасалып отырған оқу курсының және семантикалық оқу бірліктерінің тақырыптары (бөлім, параграф, т.б.) кіреді;
    - Бағыттауыш – электронды оқу басылымдарының элементтері арасындағы байланысты және электронды оқу басылымы бойынша жылжу мен бағдарлауға қажетті құралдарды көрсетеді. Бағыттауыш электронды оқу басылымының әрбір бетінде болуы керек;
    - Мазмұны - электронды оқу басылымының есептері мен мақсаттарына байланысты оқу материалдарының барлық көлемін қамтиды;
    - Тапсырмалар - өткен материлды меңгеру мақсатымен әртүрлі қиындық деңгейдегі тапсырмалар мен түрлі типтегі тапсырмалар берілуі керек. Дұрыс жауапты белгілегенде жай табу әдісі болмас үшін, сұрақтар мен жауаптар жеткілікті ойланып жасалуы керек. Дұрыс емес жауаптар мазмұны бойынша дұрыс жауаптарға өте жақын болуы тиіс. Тек қана терең білімі және жұмыстың барысын түсінгенде, оқу материалын тиянақты меңгергенде ғана, оқушы дұрыс жауабын таба алатындай жағдай жасалуы қажет;
    - пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
    - Дыбыс, видео, анимация элементтері
    - Және т.б. элементтер.
    Оқыту мақсаттарын жүзеге асыруда электрондық оқулық бірнеше қызмeт атқарады. Ол оқытуды дараландыруға, оқытудың тиімділігін артыруға және материалдық ресурстарға кететін шығындарды азайтуға да мүмкіндік береді. Электронды оқулық оқу әрекетінің өнімділігін, білім алушының оқуға деген ынтасын арттырумен қатар, тың оқу материалы жинақталған аса маңызды ақпарат көзі болып табылады. Яғни, электрондық түрде пән мазмұнын (мәтін, кесте, сызба, диаграмма, бейне) беру арқылы ақпараттық қызмет атқарады, танымдық әрекеттер үрдісін басқаруға мүмкіндік береді.
    Ақпараттық- комуникациялық технологияны қолданып оқытудың тағы бір түрі электронды оқыту жүйесі(e-learning ). Е-learning электронды оқыту бағдарламасы Елбасының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі 2010 жылдан бастап іске асырып келе жатқан Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.Орта білім беру үшін электрондық оқытудың бірыңғай жүйесінің мақсаты: Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.[2] Осы бағдарлама бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 2012 жылы 60 мектеп қосылған болатын оның ішінде біздің мектепте 2012 жылдың қаңтарынан бастап Е-learning жүйесінде жұмыс істеуде.Осы бағдарламаның аясында біздің мектепке әр мұғалімге моноблок,интерактивті тақта,жылжымалы интерактивті тақталар,жаңа кабинет,сымсыз интернет( WI-FI),мобильдік сынып,желілік интернет қосылды.Қазіргі уақытта оқушылар үшін де ,мұғалімдер үшін ақпараттық технологияны сабақта қолдану қолжетімді болып отыр.Электронды оқыту жүйесінің мазмұнына тоқталсам:электронды журнал,оқушылардың ,ата-аналарының тіркелуі жазбасы,LMS,SMS және т.б көптеген функциялар орналасқан.Мен де өз сабағымда интерактивті тақтаның барлық функцияларын қолдану барысында оқушылар еркін жазады.joi klass бағдарламасын сабақта барынша қолдану тиімді.Бұл бағдарламада сыныпта желі арқылы әр түрлі тапсырмаларды орындауға болады.
    Желі арқылы тапсырма беріп оны тексеруге мүмкіншілік береді.Тестер жинағын алдын ала осы бағдардамада жазып желі арқылы таратуға болады.
    Сонымен қорыта келе ақпараттық-комуникациялық технологияларда барынша білім алу құралы ретінде қолдану қажет деп ойлаймын.








    Қолданылған әдебиеттер тізімі.
    1 [url]http://adilet.zan.kz/[/url]
    2 [url]http://goo.kz/[/url]
    3 информатика авторы:Б.ҚСапарғалиева,Н.Е Масалимова
    4 января 2015 - 18:18 / #1
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения