Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
28.02.2013
2
3320
3

БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ҮЙІНІҢ 2013-2015 ЖЫЛДАРЫ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Казахстан .ЗКО. Теректинский район с. Федоровка

Теректинский  районный  Дома детского творчества

Методист

Жалгелдеева Жанлай Каиргалиевна

БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ҮЙІНІҢ

2013-2015 ЖЫЛДАРЫ ДАМУ

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Атауы

«Теректі аудандық Балалар шығармашылығы үйі» МКҚК даму бағдарламасы

Негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы №957 Жарлығы.

Негізгі дайындаушылар

Аудандық Балаллар шығармашылығы үйі

Мақсат

Тәрбие беру мен қосымша білім беру салаларын білім беру саясатының басты бағыттары деп айқындау, тәрбие беру ісін ҚР «Білім туралы» Заңының негізінде ұйымдастыру, оны еркін және жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағыттау, әр балаға тәрбие мен қосымша білім беруге дербес бағытталуды қамтамсыз ету

Міндеттер

- Балаларға қосымша білім беруді ұйымдастыру түрлері, әдістемелері мен технологиялары мазмұнын жетілдіру, инновациялық қызметтер, ақпараттық технологияларды дамытуға бағытталған жаңа сатыдағы бағдарламаларды жасақтау

- Қосымша білім беру қолжетімділігін қамтамсыз ету

- Балалар мен ата-аналардың сұраныстарына қарай білім беру саласында қызмет көрсету аясын кеңейту

- Девиантты мінез-құлықты балалар үшін шығармашылық орта қалыптастыру

- Балалардың жеке дамуы, денсаулығын нығайтуы, кәсіби таңдау жасауы мен шығармашылық еңбегіне қажетті жағдай туғызуды қамтамсыз ету

- Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру түрін өзгерту, білім беру үрдісіне қатысушыларды әдістемелік және психологиялық қолдауды қамтамсыз ету және олардың қызметіне қажетті жағдайлар туғызу

- мекемені басқару нәтижелілігін арттыру

«Балалар шығармашылығы үйінің» нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру

-Білім беру жүйесін дамытудағы ведомствоаралық серіктестікті қамтамсыз ету, отбасы мен аудан қоғамдастығымен әлеуметтік серіктестікті белсендіру

-Мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайту

Қаржыландыру көздері

Жергілікті бюджет қаржысы

Болжамды нәтижелер

Баланың жеке тұлғасының шығармашылық даму үшін мүмкіндіктер аясы кеңейеді (жаңадан «Радиоспорт», «Робототехника» техникалық бағыттарын ашу)

Қажетті материалдық база жасақталып, ақылы негізде көрсетілетін қызметтер саны өседі

Педагогтар мен оқушылардың шығармашылық жетістіктерімен айқындалған дербес дамуы

Байқаулар мен жарыстарға және т.б табысты қатысу

Аудан орталығы мен ауылдарда тұратын балалардың қосымша білім беруге тең қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Балалар бірлестігі желісі сақталады.

Мекемені басқару нәтижелілігі көтеріледі

Балалар шығармашылығы үйі кадрларының сапалық құрамы жақсарады. Бірінші және жоғары біліктілік санатты педагогтар пайызы артады.

Балалар шығармашылығы үйінің білім беру үрдісіне қатысушы әлеуметтік серіктердің саны артады.

Талантты балалармен жұмыс жасау нәтижесі артады

Балалар шығармашылығы үйінің оңды бейнесі қалыптасады (БАҚ, ата-аналар, аудан тұрғындарымен жұмыс жасау арқылы)

Шығармашылық  жұмысқа тартылған балалар мен жасөспірімдердің оңды динамикасы қалыптасады

Сауықтыру бағытында қызмет көрсету саны артады, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталып өткізілетін спорттық-бұқаралық  іс-шаралардың сапасы артады

БШҮ білім беру үрдісіне қатысатын тұлғалардың еңбек ету жағдайы жақсарады

Мекеменің материалдық-техникалық базасы бюджеттік және бюджеттік емес қаржылар есебінен нығайтылады

өзін қаржыландыру жағдайында жұмыс жасау тәжірибесі жинақталады

 

Қауіптіліктер

Аудан халқының тұрмыс деңгейінің  төмен болуы, елді мекен тұрғындарының  ішінде зейнеткерлер, жұмыссыздар  көп болуы

Ақылы қызмет көрсетуге сұрыныс болмауы және аз қамтылған отбасыларының балалары «аулада бос жүруге» кетіп қалуы мүмкін

Балалармен айналысуға қолайлы орын болмауы сапалы білім беруді қиындатады (Басқару органы «БШҮ» ғимаратының 35 пайызын өзге мекемеге ақысыз жалға беріп отыр)

Оқыту сағаттарының жеткіліксіз болуы білім беру қызмет көрсетуі аясын кеңейтуге мүмкіндік бермейді. Мекеме ақылы қызмет көрсетуде тәжірибесіз

Материалдық-техникалық база әлсіз, жабдықтар тозған, ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу қажет

Педагогтардың жалақысының төмен болуы жұмысқа тәжірибелі мамандарды тартуға мүмкіндік бермейді

Ұжымда негізінен әйел адамдар жұмыс жасайды, сондықтан техникалық, спорттық бағыттарды жүргізу қиын

Жүзеге асыру мерзімі

2013-2015 жылдар

 

 

2. КІРІСПЕ

 

ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ

Қазіргі замандағы білім беру елдің экономикалық әлеуеті мен ұлттық қауіпсіздігінің маңызды факторы және де Қазақстан Республикасы дамуының Стратегиялық жоспарының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Балаларға сапалы білім беру, соның ішінде тәрбие мен қосымша білім беру салаларын білім беру саясатының басты бағыттары деп айқындау, тәрбие беру ісін ҚР «Білім туралы» Заңының негізінде ұйымдастыру, оны еркін және жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағыттау, әр балаға тәрбие мен қосымша білім беруге дербес бағытталуды қамтамсыз ету қосымша білім беру мекемелерінің басты міндеті.

Қосымша білім беру мекемелерінде балалар құқығы БҰҰ Балалар құқығы туралы Конвенциясы талаптарына сәйкес, оқушылар мен жастардың  тәрбие алуы ізділігін сақтай отырып, оқыту және тәрбие беру үрдісінде туындаған мәселелерді шешуге отбасын қатыстыра отырып жүргізіледі.

Аудан аумағында балаларға қосымша білім беруді жүзеге асыру мақсатында  Батыс Қазақстан облысы әкімшілігінің 1999 жылғы 22 сәуірдегі №65 қаулысымен «Теректі аудандық Балалар шығармашылығы үйі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорыны құрылған болатын.

Мекемеде балалармен жұмыс жасау кезінде әр баланың жеке, қызығушылық және шығармашылық қабілеттеріне ерекше назар аударылады.

Бағдарламаның негізгі бағыттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі. Жұмыс: декоративтік- қолөнері шығармашылығы, техникалық медельдеу, салауатты өмір салты, экология бағыттарында жүргізіледі. әр бағыттың өзіндік жұмыс мақсаты бар. Көрсетілген іс-шараларға өзгерістер енгізуге болады.

 

3. ҰЙЫМНЫҢ ЖАҒДАЙЫН САРАПТАУ

 

Теректі ауданддық Балалар шығармашылығы үйі Батыс Қазақстан әкімінің 1999 жылғы 6 сәуірдегі №65 бұйрығы негізінде құрылған.

Заңды мекен жайы Теректі ауданы

                                   Федоров ауылы

                                   Бойнов көшесі 20/1

2011 жыл көрінісіне

Балалар шығармашылығы үйінде жалпы саны 570 баланы қамтитын 38 үйірмеде 27 қосымша білім беру педагогы жұмыс жасады.

Үйірмелер келесі бағыттарда жұмыс жасайды:

-          Декортивтік-қолөнер шығармашылығы – 15 үйірмеде 225 оқушы қамтылған

-          Техникалық шығармашылық – 7 үйірмеде 105 бала қамтылған

-          Салауатты өмір салты – 4 үйірмеге 60 бала қатысады

-          Экология – 4 үйірмеде 60 бала қамтылған

-          Сүрет – 3 үйірмеде 45 бала қамтылған

-          Фольклорлық –хореографиялық бағыттағы 5 үйірмеге 75 бала тартылған.

Жалпы 38 үйірменің 20үйірмесінде сабақ мемлекеттік тілде жүргізіледі. Үйірмелер ауданның 12 мектебінде жұмыс жасайды.

27 қосымша білім беру педагогының

- 20 – жоғары білімді

- 6 – орта кәсіби білімді

-1 – жалпы орта білімді

Осы 27 педагогтың 16 - әйел адамдар

Материалдық-техникалық база

Негізгі ғимарат- Федоров ауылы, Бойнов көшесі 20-1, жалпы алаңы – 402 ш.м

Жаттықтыру залы – 1

Акт залы -1

Оқыту кабинеттері -3

Автомашина – УАЗ 3909

Пластик қайықтар «Голавль» -2 дана

10 орындық шатыр – 1

«Тула» баяны -1

Компьютерлер -4 дана

Телевизор -1 дана

Музыкалық орталық – 1 дана

Синтезатор -1

Үстелдер – 12

Отырғыштар – 50

Шкаптар -8

Спортттық тренажерлар

Фотоаппарат -2 дана

Бейнекамера -2 дана

Велосипедтер -8 дана

Шаңғы -22

 

4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

            Мақсаты: білім беру сапасын арттыру және  қолжетімділік, білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне енгізу үшін жағдайлар туғызу және жеке тұлғалар мен қоғамның білім алуға қажеттілігін қанағаттандыру.

Міндеттер: Балаларға қосымша білім берудің жалпы қолжетімді болуын дамыту және сақтау, оқушылардың білім алу ынтасы мен әлеуметтік қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндік беру үшін ұсынылатын бағдарламалар мен қызмет көрсетулер тізілімін кеңейту.

-          патриоттық сезім тәрбиелеу

-          шығармашылық қабілеттерді дамыту

-          білімді, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру

-          балалардың азаматтық құқықтары мен міндеттеріне жауапкершілікті болуын қалыптастыру

-          балаларды өмірде дұрыс таңдау жасауға баулу

-          құрмет пен өзара түсіністік, достық пен көмек көрсету түсініктерін қалыптастыру

-          балалардың  сұраныстарына қарай білім беру қызметтері түрлерін кеңейту

-          балалардың дербес тұлға ретінде дамуына, денсаулығын нығайтуға, кәсіби таңдау жасауына және шығармашылық еңбек етуіне қажетті жағдайларды қамтамсыз ету

-          Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру түрін өзгерту, білім беру үрдісіне қатысушыларды әдістемелік және психологиялық қолдауды қамтамсыз ету және олардың қызметіне қажетті жағдайлар туғызу

-          мекемені басқару нәтижелілігін арттыру

-          «Балалар шығармашылығы үйінің» нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру

-          Білім беру жүйесін дамытудағы ведомствоаралық серіктестікті қамтамсыз ету, отбасы мен аудан қоғамдастығымен әлеуметтік серіктестікті белсендіру

-          «Балалар шығармашылығы үйінің» қызметін бағыттау

-          -Мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайту

 

 

5. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР МЕН МЕХАНИЗМДЕР

 

БАҒДАРЛАМАНЫ  ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Бағдарламның негізгі бағыттары

 

  1. Декоративтік-қолөнер шығармашылығы
  2. Техникалық модельдеу
  3. Салауатты өмір салты
  4. Экология

 

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін біз алдымызға қойған мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін нақты механизм дайындадық

Біз негізінен 4 басымдық  (параметр) бойынша жұмыстанмыз:

1 параметр «Кадрлар»

2 параметр «Оқыту-тәрбиелеу үрдісі»

3 параметр «Балалар санын сақтау және өсіру»

4 параметр «Қаржылық-шаруашылық қызмет»

 

Қойылған міндеттерді шешу үшін қажетті:

 

1 параметр «Кадрлар»

 

«Балалар шығармашылығы үйі» педагогтарының кәсіби дайындығы сапасын арттыруға жағдай туғызу

 

Іс шара атауы

Орындалу мерзімі

Атқарушы

1

Ақпартаттық қамтамсыз ету

Кітап қорын толықтыру

Аудандық, облыстық, респбуликалық деңгейде біліктілік арттыру

Интернет жүйесіне қосылу 

2013 жыл

2014ж

2015ж

директор

2

Мәліметтер банкімін жасақтау

-Әдістемелік құралдар

- Әдістемелік нұсқамалар

- Бағдарламалар

- Сценарийлер

Кезең бойы

Директордың ОТЖ бойынша орынбасары

Бұқаралық бөлім меңгерушісі

3

Педагогтардың  жұмыс тәжірибесін тарту жөніндегі шығармашылық топтар құру

Кезең бойы

Директордың ОТЖ бойынша орынбасары

4

Педагогтардың шеберлік сағаттарын, ашық сабақтарын өткізу

Кезең бойы

Директордың ОТЖ бойынша орынбасары

5

Кәсіби шеберлік байқауларына қатысу

Кезең бойы

Педагогтар

 

 

2 параметр «Оқыту-тәрбиелеу үрдісі»

 

«Балалар шығармашылығы үйі» педагогтарының кәсіби дайындығы сапасын арттыруға жағдай туғызу

Іс шара атауы

Орындалу мерзімі

Атқарушы

1

Білім беру үрдісінің бағдарламалық -әдістемелік қамтамсыз етілуіне сараптама жүргізу

2013-2015 ж.ж

«БШҮ» әкімшілігі

2

Авторлық бағдарламаларды дайындау

Кезең бойы

Қосымша білім беру педагогтары

3

Балалар шығармашылығы фестивалін өткізу

Кезең бойы

Директордың ОТЖ бойынша орынбасары

4

Сауықтыру лагерлері, сумен саяхаттау, саяхатқа шығуларды ұйымдастыру және атқару

Жыл сайын

Бұқаралық бөлім меңгерушісі

5

Ата-аналар мен ата-аналардың белсенді тобымен бірлестіктерде жұмыс жасауы ұйымдастыру

Жыл сайын

Қосымша білім беру педагогтары

3 параметр «Балалар санын сақтау және өсіру»

 

Үйірмелерге қатысушы балалардың санын өсіру үшін  клубтар ашу және кейбір жастағы балаларды, сондай ақ өзінің қабілеттерін дамытуға қажеттілік сезінген, әлеуметтік-педагогтық оңалтуды қажет ететін балалардың үйірмеге қызығушылығын тудыруы мүмкін жаңа әдістер қолдану.

Қосымша білім беру сапасын арттыру

Мектеп педагогтарымен әдістемелік жұмыстарды жетілдіру, балаларға бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру  арқылы сыртқы ортаға әсер етуді күшейту

 

 4 параметр «Қаржылық-шаруашылық қызмет»

Мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайту

 

6.ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР МЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ

және бағдарламаны жүзеге асыру талаптары

 

Бағдарламаның нәтижелі болуының негізгі талаптары:

-          Бағдарламаның жүзеге асырылу үрдісін дидактикалық, әдістемелік, басқару және қаржылық қамтамасыз ету

-          «БШҮ» педагогикалық ұжымы мен үйірмешілерінің жүйелі жүргізілетін іс шараларға, жобалар мен мақсатты бағдарламаларға қатысуы

-          Дәстүрлерді сақтау, дамыту және жаңарту, «БШҮ» ұжымы жинақтаған тәжірибені ой елегінен өткізу және есепке алу

-          Соңғы нәтижеге бағытталу, қол жеткен нәтижелерді сараптау, мақсаттар, міндеттер мен жұмыс түрлерін ұдайы үйлестіріп отыру. Бағдарлама жалпы және қосымша білім беруді интеграциялауға қолдау көрсететін кешенді мазмұнға ие.

Бағдарламаны қаржыландыру аудан бюджетінде білім беру жүйесін қаржыландыруға қаралған қаржы шегінде жүргізіледі.

 

БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДА БОЛЖАНАТЫН НӘТИЖЕ

 

Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде болжанылады:

-          Баланың шығармашылық тұрғыда дамуына мүмкіндік беру аясын кеңейту

-          БШҮ ауданның қосымша білім беру орталығы ретінде сақталуы мен дамуы

-          Вариативтік тәрибе жүйелерін құру және дамыту арқылы балалардың тәрбиелілігі деңгейін көтеру

-          Қосымша білім беру рөлін арттыру

-          Девиантты мінез-құлықты балалардың санын олардың бос уақытын мәнді өткізу және түйткілді мәселелерін шешу арқылы азайту

-          Қосымша білім беру педагогтарының біліктілігін арттыру

-          Қызмет жасайтын үйірмелер санын көбейту

-          БШҮ ғылыми-әдістемелік базасын толықтыру

-          БШҮ ғимаратын, жылыту жүйесін  күрделі жөндеу

-          Сан ПиН талаптарына сай келетін оқу кабинеттерінің болуы

 

Бағдарламаны орындау мерзімі: 2013-2015 жылдар

 

Скачать

programma-terektinskogo-doma-detskogo-tvorchestva-dlya-sayta.doc [89,5 Kb] (cкачиваний: 72)


 


Комментарии пользователей /2/
77aliza@mail.ru | 2 сентября 2013 20:56
нашла то что искала. спасибо!!!
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения