Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
05.02.2016
0
321
0

Атамекен алтын бесік

Қазақстан Республикасы,Оңтүстік Қазақстан облысы,Мақтарал ауданы,Жетісай қаласы
№122 жалпы орта мектебі
Өзін өзі тану пәні мұғалімі
Ауелбекова Бактыгул

Құндылық: Ақиқат, сүйіспеншілік.

Қасиеттер: Дұрыс әрекет.

 

Мақсаты: Атамекеннің адамның өсіп-дамуындағы, өміріндегі рөлі туралы түсініктер беру.

        Міндеттері:

        - Атамекенді қадірлей білу, атамекенге қызмет ету, адам өмірінде атамекеннің алатын орны туралы мағлұмат беру;

        - Оқушылардың өз атамекені, туған жері туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту;

        - Өз атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру.

 

Ресустар: (құралдар, мәліметтер)  Оқулық жұмыс дәптері, күнделік,қалам, интерактивтік тақта үнтаспа.

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.(3- топка боліп алу, топқа ат қою, топқа бөлініп отырғызу.)

Тыныштық сәті.  Тыныштық сәтін өткізу.(әуен ойналады.) Сабақтың жақсы көңіл-күймен басталуы үшін,оқушыларға   көңілді ән айту ұсынылады.

2. Үй тапсырмасын тексеру.  18-сабақ. Адамның азаматтық тұлғасы.

        Азаматтыққа қарама-қарсы тоғышарлық, немқұрайдылық ұғымдарының салдарын ұғындыру мақсатында оқулықта төмендегідей тапсырма берілген: Тоғышарлықтың, немқұрайдылықтың туу себептерін айту? Эссе жазу

3. Дәйексөз.

 

Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат.

Халық нақылы

  • Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
  • Ал сіздер қандай сезімге бөлендіңдер?

 

 

Сабақ барысын талдау

5-минут

 

 

 

10-минут

  • 4.Әңгімелесу «Мұғалім сыйы»Осы әнді айтқанда қандай сезімге бөлендіңіздер?  
  •  Как вы понимаете слово «
  •      Атамекен деген сөзді қалай түсінесіңдер?
  • Атамекеннің адам өміріндегі орны қандай?
  •      Өз елін шексіз сүйетін адамда қандай қасиеттер болады?  

 

Ал енді жаңа ақпаратқа назар аударайық.

Атамекен... Туған жер... Отан.. Бұл – ең жоғарғы құндылықтардың, асыл ұғымдардың бірі.

Адам ес жия бастаған сәттен өзін-өзі тануға, болашағына, өткеніне, шығу тегіне ден қоя бастайды. Ол туған жерінің қадір-қасиетін түсіну арқылы өзін танып біледі.

Өз Атамекенін сүйген адам өз халқының, Отанының, жалпы адамзатқа ортақ  Жер-ананың қадір-қасиетін жақсы түсінеді.

Жаңа сабақ.

  • Топтық жұмыс: 1-2-3- топтар бірлесе жұмыс жасайды. Іштей оқу.
  • Балзия әжейдің немересін ертіп, қауіп-қатерге бас тігуі қажет пе еді?  
  • Немересінің болашағын ойлаған кейуананың әрекетін ерлікке балауға бола ма?  
  • Еліне оралып келе жатқан Аманай қандай сезімде болды деп ойлайсыңдар? 

 

Расында да, Атамекен – алтын бесік» деп, ата-бабамыз тегін айтпаған. Ол өз перзентіне барын, нәрін береді. Төсінде тербетіп, аялап әлпештейді. Әр адам өз атамекенін мақтаныш етеді, қадір тұтады.    

10-минут

Сергіту «Күлкі сыйла достарыңа» ойын Енді көзімізді жұмып, Атамекенімізге сапар шегіп көрейік:

Балалық шағымыздың куәсі болған туған өлкені

Родной край, где мы провели детство

Күн сайын мектепке барған соқпақ жолды

Тропу, по которой каждый день ходили в школу

Мәз болып  асыр салған өзенді

Речку, на которой мы спешили резвиться

Шарықтата көке самғаған әткеншекті

Качели, которые взмывали  ввысь

Бақытты күндерімізді бірге өткізген достарымызды

есімізге түсірейік

Друзей, с которыми мы провели счастливые дни.

А теперь открываем глаза, и вернемся в нашу аудиторию. 

Ал осы Атамекеніміздің көркеюі үшін не істей аламыз, ойланып көрейікші.

 

 


       Қазақстанның картасынан өз       атамекендеріңді тауып,  тілектеріңді жазыңдар.

 

3-минут

      5.Шығармашылық жұмыс.

     . Көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың естеліктеріннен оқыған мына бір әңгіме есімде қалыпты. Ол туған Атамекеніне кездесуге барғанда әкесінің көзін көрген қариялар мен ақ жаулықты кейуаналар Отырар топырарын алтын жіппен әдіптеген ақ жібек матаға тұмар етіп орап:

– Құлыным, қайда жүрсең де, туған топырағыңның қасиеті жебеп-желеп жүрсін, – деп мойнына тағады.

Ақын: «Осы өмірімде туған халқымның талай сый-сыяпатын көріп, өз елімнен тыс

жерлердің де кейбір құрметті сыйлықтарын алған екенмін. Бірақ ешқайсысы осы туған жер топырағы түйілген тұмардай тебірендірген емес» деп, толғанғаны маған қатты әсер етті.  

3. Бұрында да ата-бабамыз жыраққа қоныс аударатын болса, ырым  ғып, беліне бір уыс туған жердің топырағын түйіп алады екен. Соғысқа аттанған боздақтарға олардың елде қалып бара жатқан жары, не ғашығы таба нанның шетін тістетіп, сақтап қойып отырған. Ондағысы – «Туған жердің дәмі тартып, аман-есен елге оралсын» деген игі тілектен туындаған деп ойлаймын.

4. «Сұлтан Бейбарыс» кинофильмінде Бейбарыс өз нөкерлерімен Мысыр шаһарын аралап жүріп, базарда қымыз сатып тұрған әйелдің «Қымыз, қымыз!» деген дауысын естіп туған елін аңсап, сағынған сәті маған үлкен әсер етті. Кейіннен сұлтан өз Атамекеніне деген құрметін білдіру үшін Мысыр еліне қымыз ішуге мақтаныш сезімі бойымды биледі

 

Дәптердегі тапсырманы бірлесе орындау.

 3-топпен бірлесе орындау.

7-минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-минут

әмір етеді. Осы эпизодты көргенде өз еліме деген

6. топпен ән айту. Қ.Мырзаәлінің сөзіне жазылған Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» ә нін қосылып орындайды.

Атамекен

                                     Сөзі: Қ. Мырза Әлінікі

                                     Әні: Е.Хасанғалиевтікі

                  Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем

Айдарымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем

Қайда жүрсең, атамекен

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі ұясына

Қимай оны батады екен,

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем.

Асқар тауың, аспаныммен таласқан

Қазағымның мәртебесі деп білем.

Қайда жүрсең, атамекен

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі ұясына

Қыймай оны батады екен.

 

Рахмет. Орындарыңызға отыруларыңызды сұраймын.    

 

3-минут

7.Үйге тапсырма. 19-сабақ

Атамекен – алтын бесік

 «Атамекенім - мақтанышым» тақырыбында өз атамекені туралы шығарма жазу тапсырылады.

        8.Бағалау кретергі.Оқушылар өзін-өзі бағалау.

2-минут

 

 

 

5-минут

8.Соңғы тыныштық сәт:

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Сау болыңыздар!

Тексерілді.

Қолы:

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения