Чонаева Лаура Кахарманкызы
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:г. Алматы
02.02.2016
0
319
0

Сабақ жоспары "Алматы қаласы"

Пәні:қазақтілі

Тақырыбы:Қазақстан қалалары

Сыныбы:8 «А»

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік мақсаты:Қазақстанқалаларыжайында толық ақпараттандыру,             

                                       олардың ерекшеліктері туралы мәлімет беру

Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды ойын элементтері арқылы мәтінді

                                                 есте сақтауын, сөздік қорын молайту,тіл

                                                 байлығын дамыту, сабақты тұжырымдап,

                                                 қорыта білуге дағдыландыру;                                         

Тәрбиелік мақсаты:  Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке

                                       тәрбиелеу

Сабақтың типі:  жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  топтық жұмыс, сұрақ-жауап, сыни тұрғыдан ойлау

стратегияларын   қолдану,диалог

Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:

•        Ұйымдастыру кезеңі

•        Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

•        Жаңа сабақ

•        Бекіту

•        Қорытындылау

•        Бағалау

•        Үйге тапсырма  

 

 Ұйымдастыру кезеңі:

1.  Оқушыларды түгендеу.

2.  Бір-біріне жақсы тілектер білдіру.

 

Мұғалім:  Сабақ бастамас бұрын тақтадағы түрлі-түсті стикерді таңдап, таңдаған түстер бойынша топтасып отырамыз.Топ ережесін құрамыз. Балалар, назарымызды тақтадағы тірек сызбаға аударайық. Қандай сөздер жазылған? Осы кластер арқылы сабақтың тақырыбын табайық.

 

Ықтимал жауап:  Қала аттары

- Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы : «Қазақстан қалалары»                                             

Балалар, жұмысты әрі қарай жалғастыру үшін, сабақтың мақсатын анықтап алайық. Қазір, алдарыңызға қала аттары жазылған парақты қоямын.

Мұғалім: Бүгінгі сабақта 3 топ болып жұмыс істейміз

1-топ - Қызылорда

2-топ - Алматы

3-топ - Астана

(Әр топқа мәтін, алгоритмпарақшаларытаратылады.)

Жұмысалгоритмі:

1.     Әр топқа үлестірме қағаз таратылады, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.     (5 мин)

2.     Мәтінді түсініп оқып, мәтіндітірек сызба  арқылы әңгімелеңіздер. ЖИГСО әдісі (баяндамашы,хатшы, бақылаушы,төраға)  (10 мин)

3.     І топ –ІІ топқа, ІІ топ - ІІІ топқа ,ІІІ топ - І топқа өз мәтіндеріңіз бойынша сұрақтар қойыңыздар.( 10 мин)

4.     Тақтадағы «Кім тапқыр?»  ойыны арқылы «Отан, жер» туралы               мақал- мәтелдерді еске түсіріңіздер.                                               (5мин)                           

5.     «Инсерт» стратегиясы бойынша алдарыңыздағы қағаздарды            

  толтырыңыздар                                                                                (4 мин)

    6.   Алдарыңыздағы бағалау критерийлері арқылы топты бағалаңыздар.    

 (5мин)

Рефлексия

 

І кезең

Әр топқа үлестірме қағаздар таратылады,  берілген сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.

ІІ кезең

Мәтінді түсініп оқып,мәтінді тірек сызба  арқылы әңгімелеңіздер. Әр топқа мәтін таратылып беріледі . ЖИГСО әдісі (баяндамашы,хатшы, бақылаушы, төраға)

ІІІ кезең

Мәтін бойынша І топ - ІІ топқа, ІІ топ – ІІІ топқа, ІІІ топ – І топқа сұрақ дайындаңыздар.

ІV кезең

«Кім тапқыр?» ойынындағы мақал – мәтелдерді еске түсіріңіздер.

1.      Туған жер – тұғырың,                           күймейсің.

2.      Ел қадірін көрген біледі,                      Туған елдей ел болмас.

3.      Елің – панаң,                                          Өз еліңде ұлтан бол.

4.      Туған жердей жер болмас,                    Туған ел - қыдырың..

5.      Отан үшін отқа түс,                               Жерің – анаң.

6.      Басқа елде сұлтан болғанша,                Жер қадірін жүрген біледі.

 

 V кезең     

«Инсерт» стратегиясы бойынша алдарыңыздағы қағаздарды толтырыңыздар

Мен білемін

Мен үшін жаңа ақпарат

Менің білгім келеді

 

 

 

 

VІ кезең      

         Алдарыңыздағы бағалау критерийлері арқылы топты бағалаңыздар.    

 

 

Рефлексия

Үй тапсырмасы:  «Менің сүйікті қалам» шағын эссе жазып келіңіздер

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения