Серикова Карлыга Ергешовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
01.02.2016
0
205
0

Бүгінгі жас ұрпақ – келер күннің егелері

                                          Серикова Карлыга Ергешовна

                                               ОҚО, Сайрам ауданы,

                                               Ақбай ауылы, №28 Ақбай жалпы орта мектебі.

                                               Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі және

                                               директордың  ғылыми-әдістемелік

                                              жөніндегі  орынбасары

 

                      Бүгінгі жас ұрпақ – келер күннің егелері

 

       Бала - өміріміздің мәні, болашақтың сәні. Бүгінгі жас ұрпақ – келер күннің егелері. Сондықтан, бала тәрбиесі - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»- дегенін барлығымыз білеміз. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім. Ал мектептегі мұғалім кеше ғана оқуды аяқтаған жас маман баланы қалай тәрбиелейді? Теориялық білімін практика жүзінде іске асыра ала ма?- деген сұрақтар ата-аналарды мазалайды. Бірақ мектептерде жас мамандарға тәжірибелі тәлімгер ұстаздар көмекке келеді. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетуде  ата- аналар жиналысы мен тәрбие сағаттарын ұйымдастыру, өзара сабаққа қатысу, семинар, тренингтердің рөлі өте зор. Сонымен қатар жас мамандарға психологиялық қолдау да қажет. Педагог этикасы, педагогикалық такт, оқушылармен қарым- қатынас жасау ережелері, тренинг өткізу. Мектеп құжаттарын толтыруды, құжаттармен жұмыс жасауды меңгеру.Оқушылардың жеке құжаттарын толтыру. Ата- аналармен танысу жиналысы, сауалнамалар толтыру уақытылы жүргізілу тиіс. Ата−аналармен қарым-қатынас жасау,оларға бала оқытудың қазіргі кездегі талаптары мен қиыншылықтары туралы мағлұмат беру, бала психологиясына көңіл бөлу т.с.с. кеңестер берілу.

      Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүріңдер- бүгінгі мектеп оқушыларын мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр» - деген болатын.

   Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Міне, осындай міндеттерді алға тарта отырып жас мамандарға көмек:

1.     Жас баланы ересек адамша құрметтей де, жақсы көре де біліңіз.

2.     Балалармен жұмыс жүргізуден туындайтын сүйсіну сезімдерін бойға сіңіруге тырысыңыз, өйткені ол бірден емес, біртіндеп қана қалыптасатын сезім.

3.     Өзіңіздің білім қорыңызды қызықты тарихи оқиғалармен, ертегілермен, жануарлар әлемінен, табиғаттан және т.б. алынған қызықты фактілермен толықтырыңыз.

4.     Жұмысты әрқашан жақсы көңіл-күймен атқарыңыз. Бұл мұғалім ешқашан қабақ шытпасын деген сөз емес. Бұл жерде әңгіме адамның жұмысқа өзін өзі даярлауы туралы болып отыр.

5.     Әрқашан  сабаққа қосымша артық ойын түрі болсын. Олар бастаған сабақтың барысын өзгертуге немесе оны жоспардан тыс өткізуге тура келген жағдайда қолдану үшін қажет. Сабаққа «запасымен» әзірленіңіз. Материалдың жетпей қалғанынан гөрі, артық болып пайдаланылмай қалғаны жақсы.

6.     Адал көңілмен қарым-қатынас жасаңыз, балалар оны сезеді және бағалайды.

7.     Әділеттілік «кодексін» сақтауға тырысыңыз. Жасөспірімдер әділетсіздік көріністеріне тым шамшыл келеді.

     Мұғалім болу- үлкен абырой, зор еңбек, ішкі қажеттілік және балаларға деген жалындаған махаббат. Ұстаз деген атаққа ие болудың өзі бір бақыт. Қай заманда болмасын, ұстаз үздіксіз ізденуші, ұшқыр ойлы болуы тиіс деп ойлаймын. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған бүлдіршіндері білім тұңғиығына еркін сүңгісе, шәкірттері білім додасында қатарласынан оза шауып, оң нәтижеге қол жеткізіп жатса, ұстазға бұдан артық қуаныш бар ма?
       Кезінде ұлы ғұламалардың бірі «Баланың бақыты жақсы ұстаздың қолында» деген екен. Бұл қанатты сөз ешқашан өзінің мәнін жойған емес. Сондықтан ертең ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың болашағы бірінші кезекте мұғалімнің берген білімі мен тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.

     Мұғаліміне қойылатын талаптар:

    Біріншіден, мұғалім жеке көқарасы бар және қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Осындай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар- ожданың үнемі қорғай алады.

         Екіншіден, мұғалім педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде пайдалана білетін болуы керек. Дүние жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп жатқандықтан ақпараттар ағыны көбейді. Мұғалім қай пәннен сабақ берсе де, ол баланың өмірінің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге дайын болуы керек.

         Әр мұғалімнің педагогикалық басты заңдылық. «Адам өзінің шаруашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым – қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады» дейді. Көп білу үшін көп оқып, тоқу керек. «Интернет» жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды.

         Үшіншіден, міндетті орта білім беру, стандарты оқулықтарды пайдалану, ақпараттарды көбейту, т.т. мұғалімнің білім берудегі жетекші рөлін жойды. Енді білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр. Өзінің оқушысының өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан- жақты даму үшін балаға осы салада мұғалім ғана көмектесе алады.

         Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеттерімен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп- салдарын анықтай білуге де шарт. Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін.

         Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси- идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып. Ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз алуы шарт. Қысқасы, бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлға айналуы керек.

           Қорытындылай келе тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы  жас ұрпақ тәрбиесіне  мықты көңіл бөлетін - мұғалім.

         Әрбір ұстаз ұлттық құндылықтарды, яғни этнопедагогика мен этнопсихология негіздерін меңгеріп, өз ісінде инновациялық әдістерді пайдалануы қажет. Сонда ғана ұстаз деген ұлағатты атқа лайық бола аламыз.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения