Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
01.02.2016
0
776
1

"Аңдар әлемі" ересек тобына арналған ашық сабақ

Қазақстан Республикасы,Жамбыл облысы,Шу ауданы,Шу қаласы
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын балабақша «Қарлығаш»
Тәрбиеші
Санарикова А.У.

Білім беру саласы: Әлеумет, таным, қатынас, шығармашылық.
Мақсаты: 1. Балалардың тілдік қатынас дағдыларын дамыту .
2. Балалардың ой- өрісін дамыту, әрбір баланың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, жеке дара жұмыс жүргізу.
3. Бүлдіршіндерді ұғымталдыққа , бірлесіп жұмыс істей білу, мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту, жануарларға қамқорлық, мейірімділік сезімдерін ояту, қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекет: Айналамен танысу, көркем әдебиет, тіл дамыту, ҚМТМ.
Сабақтын әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, ойың, әңгімелеу. Жұмбақ шешу.

САБАҚТЫН БАРЫСЫ

Ұйымдастыру кезеңі: Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті ән-ұранмен басталады.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.
Үлкенге де - сіз,
Кішіге де - сіз
Бәріңізді құрметтеп,
Бас иеміз біз!
(Ата-аналарға қонақтарға иіліп амандасады)
Балалар,бүгін бізге қонақ келді. Ол қонақтың кім екенін табу үшін, мен сіздерге сұрақ қоямын. Сол сұраққа жауап берсеңдер, қонақтың, кім екенін білесіңдер.
-Жұма сайын біз, яғни аналарымыз ,апаларымыз не пісіріп таратады?
- Балалар атасы мен әжесінен қашып келе жатқан қай ертегінің кейіпкері екен?
Балалар: бауырсақ.
Дұрыс балалар, жарайсындар.
- Бауырсақ бізге алыс жолдан келген екен,сен неге ата, әжесінен қашып келе жатырсын?
- Бауырсақ: Менің достарым, мен нан түрлерін іздеп келемін.
Балалар: Бауырсақ, біз нанның барлық түрін қастерлеп, қадірлейміз. Сен бізбен дос боласыңба бауырсақ?
Бауырсақ: Онда менің шартым бар: балалар бір ойын ойнаймыз «Адасқан сандар» деп аталады. Бірақ балалар мен сандарды дұрыс ажырата алмаймын. Сендер маған көмектесесіндер ме?
Балалар: (Балалар сандарды тура және кері санап, ретімен орналастырады).
Бауырсақ: Балалар менің тағы да бір шартым бар. Ол ойын. Ойының аты «жақсы-жаман» деп аталады.
Ойының шарты: Ертегідегі кейіпкердің жақсы-жаман іс-әрекетін бағалап, геометриялық пішіндер арқылы фишкалармен белгілеиміз.
«Жақсы іс әрекетте» қызыл текшемен , «Жаман іс- әрекет» көк текшемен белгілеп санап салыстырамыз. Жұмбақтың шешуін білдіретін жануарлардың суреттері тақтаға ілінеді.
Жануарлар туралы жұмбақтар. Жұмбақтың
Шешуі. Жануар туралы ертегілер. Жануарлардың ертегідегі іс-әрекеттерін салыстыру. Балалар геометриялық пішіндерімен жақсы –жаман іс-әрекеттерінді белгілейді.
1. Өзі аңдардың патшасы Айбарлы түрі бар,Тұла бойында тасыған күші бар.
2 Жалп-жалп сақалы қолыңнан дәм татады.
3 Орманда тұрады, өзі бір қу. Жүрген жері айқай-шу.
4 Мұртын сипап күн бойы,Бетін сусыз жуады. Тырсылды аңдып күн бойы, Тышқанды көп қуады. Арыстан
Ешкі
Түлкі
Мысық «Арыстан мен тышқан».
«Жеті лақ пен қасқыр»
«түлкі».
«Түлкі мен торғай».
«Шалқан». Арыстан- ақылды, жақсы.
Ешкі-ақылды, лақтарына қасқырға есікті ашпауды ескертеді.
Түлкі қулық жасайды.
Мысық барлығына көмектеседі. Қызыл текше.
Қызыл текше.
Көк текше.
Қызыл текше
Тәрбиеші: Белгіленген текшелерді санап, «жақсы мен жаман» әрекеттерді салыстырып, нәтижесін шығарайық. Қызыл текше – 3, Көк – 1. Қайсысы көп екен? Балалар: Бұл жерде жақсы әрекет көп.
- Міне, балалар, жақсылық әрдайым жамандықты жеңеді. Сендер де жақсы әрекеттер жасап, жамандықтан аулақ жүріндер.
Балалар: Бауырсақ бізге алыс жолдан келген екен ата, әжесінен қашып келе жатыр, бізден көмек сұрай келіпті, кәне көмектесеміз бе?
- Бәріміз онда сол бауырсақпен еріп орманға барайық
. (Сол кезде алдымыздан қоян шығады).
- Қоян: - бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
- Бауырсақ: - жемеші мені.
- Қоян: - сендер онда менің тапсырмамды орындандар.
- Бауырсақ: жарайды.
- Қоян: сендер маған мен туралы өлең айтсаңдар мен сендерді босатамын.
Ал енді бойымызды сергітіп, қоян туралы олең айтамыз. «Ұзын құлақ сұр қоян!».
Қоян: Рахмет!(балдармен,бауырсақ әрі қарай жүре береді. Бір кезде алдынан қасқыр шығады).
- Қасқыр: бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
- Бауырсақ: - жемеші мені.
- Қасқыр : - сендер онда менің тапсырмамды орындаңдар, сендерге қояр сұрағым бар. Егер орындасаңдар мен сендерді босатамын.
- Бауырсақ: жарайды.
- Біз қай елде тұрамыз? ҚР елбасы кім? Қай ауылда тұрасыз? Бір жылда неше жыл мезгілі бар? Қазір жылдың қай мезгілі? Апта күндерін ата?
- Бәрі: тақпақ «Апта деген ағайдын жеті бірдей ұлы бар».
Қасқыр: Рахмет! жарайды. !(балдармен, бауырсақ әрі қарай жүре береді. Бір кезде алдынан аю шығады).
- Аю: - бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
- Бауырсақ: - жемеші мені.
- Аю: - онда маған мен туралы бір сергіту жаттығуын жасап беріндер.
- Аю: Егер орындасандар мен сендерді босатамын.
- Бәрі: сергіту сәтті «Ормандағы аюдың!».
Аю: Рахмет! жарайды. !(балдармен,бауырсақ әрі қарай жүре береді. Бір кезде алдынан түлкі шығады).
- Түлкі: бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. Бауырсақ:
- Бауырсақ: - жемеші мені.
- Түлкі: онда мен сендерге жұмбақ жасырамын шешуін тапсандар мен сендерді босатамын.
- Тауықтар қашып жасқанған,
- Қулығы артық басқа аңнан. (түлкі).
- Түлкі: Рахмет!
- Бауырсақ: Рахмет балалар! Мен сендерге риза болдым. Сендер өте ақылды, тапқыр екенсіндер. Мен сендермен дос боламын. Мені атам мен әжем іздеп жатқан болар. Мен сендермен қоштасамын. Қош сау болыңдар, балалар!

Скачать c Яндекс.Диск
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения