Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
01.02.2016
0
320
1

Қарлығаш оюы

Қазақстан Республикасы,Жамбыл облысы,Шу ауданы,Шу қаласы
Ғ.Муратбаев атындағы орта мектебі
Технология пән мұғалімі
Орманова Ж.К.

Сабақтың  мақсаты:

 

 

      ізденіс

 

   өзіндік жұмыс

 

демонстрациялау

 

Ұқыптылыққа, сұлулыққа, жинақылыққа назар ауда- ра отырып, эстетикалық                    эконмикалық   тәрбиеге баулу.

 

Оқуды қанаттандыру және        ынталандыру.

 

 

 

 

 

Сабақтың түрі

 

 

 

Қолданған стратегиялар

 

 

 

Топпен жұмыс

 

Топтық жұмыс

 

4 жолдық өлең

 

 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

    Сәлемдесу. Жұмыс орнын дайындығын тексеру.

Бүгін біз қағаздан ою ойып, оюларымызды матаға бастырып оямыз, әр түрлі тапсырмалар орындаймыз. Сабақ жарыс түрінде өтеді.

  Сабақ бастамас бұрын топқа бөлінеміз.Әр топ өзінің жетекшісін сайлай отырып , топтарының атын қорғайды.

1-ші топ кімді сайлайсыңдар?

 Топтың аты-«Жұлдыз».

 Жұлдыз сияқты биіктен көрінсек деп жұлдыз атын алдық, «Жұлдыз»аспан тектес оюға жатады.

2-ші топ кімді сайладыңдар?

 -Топтың аты-«Жауқазын».

Жауқазын гүлі сияқты бейбіт те, қуанышты әсем болайық деп, жауқазынды таңдадық. Жауқазын өсімдік тектес оюға жатады.

-Әр топтың жұмысын фишкалар арқылы белгілеймін.

О  -  «5»-тік баға.

     -  «4»-тік баға     

Психологиялық дайындық

   -Графикалық диктант жазамыз.

  1. Оңға қарай 2см сыз.

2.Төмен қарай 2см. сыз.

3.Оңға қарай 1см. сыз.

4.Жоғары қарай 2см.сыз.

5.Оңға қарай 2см. сыз.

6.Төмен қарай  2см. сыз.

7. Солғаға қарай 1см. сыз.

8.Жоғары қарай 0.5см.сыз.

9.Оңға қарай 0.5см. сыз.

10.Жоғары қарай 1см. сыз.

11Солға қарай 1см. сыз.

12.Төмен қарай 2см. сыз.

13.Солға қарай 0.5см. сыз.

14.Төмен қарай 1см.сыз

15.Солға қарай 1см.сыз.

16.Жоғары қарай 1см. сыз.

17.Солға қарай 0.5см. сыз.

18.Жоғары қарай 2см. сыз.

19.Солға қарай 1см сыз.

20.Төмен қарай 1см. сыз.

21.Оңға қарай 0.5см. сыз.

22.Төмен қарай 0.5см.сыз.

23.Солға қарай 1см. сыз.

24.Жоғары қарай 2см. сыз.

  Дұрыс сызсаңдар өрнек шығады.Өрнектің атын жазыңдар.

Жұмыстарын бағалап фишка таратамын.

ІІ. Өткен сабақты тексеру.

Миға шабуыл ( деңгейлік тапсырмалар ).

  1. Қазақ халқының өнердегі ұлттық байлығының бірін ата.

Жауап: қазақ халқының өнердегі ұлттық байлығы бірі-ою-өрнек.

  1. Ою-өрнек дегеніміз латынның қай сөзіне келеді?

Жауап: латынның орнамент деген сөзінен алынған. Орнамент-әшәкейлеу, әсемдеу деген мағынаны білдіреді.

  1. Оюдың пайдасы барма?

Ою ойған ойды бір жүйеге келтіреді, жүйке қызметін жақсартады. Математикалық білімді жетілдіреді, түстерді таңдауға үйретеді.

 (дұрыс жауаптарға фишкалар таратылады)

         Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге тапсырма төрт жолдық өлең шығару тапсырылған.

           (поэзия минуты)

    Оюларға сүйсініп

    Қайран қалып тұрасың.

    Көре білсең түсініп,

    Одан көп сыр ұғасың.

                     Оя алсаң ою әдемі,

                      Үйлессін оған көлемі.

                      Бояуымен үндескен,

                      Ою әсем түр түспен.

                                            Бұйымдар мен заттарды

                                            Сәндеу үшін көрнекті.

                                             Қиында болса қиналмай,

                                             Менде үйрендім өрнекті.

              (фишкалар арқылы бағалау)

   ІІІ. Жаңа сабақ.

«Брейн-ринг» ойыны (топтастыру техникасы)

Тақтаға «Қарлығаш»оюы ілініп, бетін номерлеп төрт бөлікке бөлінген қағазбен жауып қоямыз.Топтарға кезекпе кезек сұрақ қойылады.

     1-  тапасырма: Композиция – дегеніміз не?

Жауап:     Композиция дегеніміз-өрнекті заттың бетіне реттеп орналастыру. 

Мысалы: көлемі шағын нәрсеге ірі оюларды салған келіспейді.

 Композицияны біз бейнелеу өнерінде қолданамыз.

     2-тапсырма: Симметрия – дегеніміз не?

Жауап:      Ою-өрнектің екі жағының тең болуы.Симметрия сөзі бізге биологиядан таныс.Өсімдік жапырағын ортасынан бүктегенде, бір біріне беттеседі.

     3-тапсырма: Калорит-дегеніміз не?

Жауап:  Ою-өрнекті бояу түрлерінің бір-бірімен үндесіп, жарасым табуы. Бейнелеу пәнінде кездеседі.

    4-тапсырма: Ою-өрнек неше топқа бөлінеді?

Жауап:     төрт топқа бөлінеді. Олар Зооморфтық

                                                                 Өсімдік тәріздес

                                                                  Геометриялық

                                                                  Космогониялық.

Сұрақтың бәріне толық жауап алынған кезде ою шығады.Енді оюдың атын білуіміз үшін сөзжұмбақ шешейік.

 Ең көне ою.                                                                      қошқармүйіз

 Түйенің төлі.                                                                    бота  

 Киізден сырып, ойып жасалынатын төсеніш.              сырмақ

 Келіншек бас киімі.                                                         Сәукеле

 Ою-өрнекпен сәнделген тұрмыстық ағаш бұйым.        сандық

 Діңі бар өсімдік.                                                                ағаш

 Жеңсіз жеңіл киім.                                                           камзол

 Нар мен түйені несіне қарап ажыратады?                      өркеш

 

 

Олай болса біздің оюымыздың аты «Қарлығаш» екен.

        Семантикалық карта.

Қарлығаш сөзіне сөйлем құра.

         Қарлығаш ұя салған үйге бақыт қонады.

Қарлығаш туралы тұрақты сөз тіркесін ата.

          «қарлығаштың қанатымен су сепкендей»

Қарлығаш би атанған бидің аты кім?

            Төле би.

Қарлығаш әнінің авторы кім?

            Ахмет Жұбанов.

Қарлығаш бір сағатта неше км. жылдамдықпен ұша алады?

             Жүз жетпіс км. жылжамдықпен.

Қарлығаштар қай жерді мекендейді?

              Қарлығаштар үй маңында тіршілік етеді.

       Сарамандық жұмыс.

Сарамандық жұмысқа кіріспес бұрын қайшымен жұмыс кезіндегі т.қ.е.

Қарлығаш оюын қағаздан матаға түсіріп оны сызық бойымен қию.

       Сабақты қорыту.         «Сырмақ шерткен сыр» ертегісімен аяқтау.

        Бағалау.  Жинаған фишкаларға қарап бағалау.

        Үйге тапсырма:    ойылған оюды мата бетіне көктеп келу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения