Азиева Айгул Жолболсынқызы
Должность:Заместитель директора по учебной части
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Атырауская область, город Атырау, мкр.Жулдыз 3/73
01.02.2016
0
311
0

"Мақал-мәтелдер" тақырыбындағы ашық сабақ

Сыныбы: 5 «б»

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: халықтың рухани қазынасы, ғасырлар шежіресі, халық тарихы мен тіршілігі, ақыл-өнегесінен көрініс тапқан мақал-мәтелдер туралы оқушылардың білім-білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен талдау машықтарын қалыптастыру.

ә) дамытушылығы: ойлау қабілеттерін, тапнымдық ізденістері мен сөйлеу мәдениетін және өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасау белсенділіктерін дамыту.

б) тәрбиелілігі: атадан қалған асыл мұрамызды орынды пайдалана білуге, ұшқыр да, ойлы сөйлеуге, ұлтжандылыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: іздендіру, түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО элементтері

Пәнаралық байланыс: әдебиет, ағылшын, өзін-өзі тану, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызбалар, үлестірмелі парақшалар

Техникалық құралдар: интерактивті тақта

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

«Әрқашан күн сөнбесін!»

(Баяу әуен ойналып тұрады, күн нұры туралы мәтін оқылады да, күн парақшасы оқушыларға табыс етіледі)

-         Менің сендерге тілерім – жарқыраған күн сендердің жандарыңды жылытсын және сендер күн шуағындай адамдарға мейірімді, қайырымды болыңдар. Сендердің шашқан шуақтарың қонақтардың жанын жылытсын!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1)     122-жаттығу

2)     Сұрақ-жауап

Мұғалімнің бөлімді қорыту сөзі.

-         Бәрекелді, балалар! Үй тапсырмасын толығымен орындап келдіңдер.

ІІІ. «Жұмбақ сағат»

ы

ұ

ө

о

л

м

қ

а

м

і

б

у

ғ

ғ

і

р

м

б

а

ы

л

і

р

і

л

ы

б

і

ш

 

                           

 

-         Ал, енді балалар, бұл сағатта берілген қандай сөйлем екенін табайық. Ол үшін «о» әрпінен бастап екі әріптен қалдыра отырып, айналдыра оқимыз. Сонда ғана жауабын ала аламыз.

-         Жауабы: «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы»

-         Балалар, осы мақалды сабағымыздың ұраны етіп алсақ, жаңа сабағымыз не туралы екенін аңғаруға болады. Демек, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:

ІҮ. Жаңа сабақ. «Мақал-мәтелдер»

1.     Ой қозғау.

-         Балалар, мақал –мәтел ұғымы сендерге ана тілі мен әдебиет сабағынан жақсы таныс. Олай болса, ой қоржындарыңызды ашып, өздеріңе таныс «Еркін жазу» стратегиясы бойынша мақал-мәтелдер туралыф ойларыңа не келеді, топтастырып көріңдер.

 

 

 
  Овал: МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

 

 

 

 

-        

 

 

 

Халық даналығы

-         Асыл сөз

-         Ата-баба өсиеті

-         Тақырыбы әртүрлі болады

-         Ауыз әдебиетінің бір түрі

-         Көп нәрсені ұғындырады

-         Жарайсыңдар, балалар, ана тілі мен әдебиет сабағынан бұл тақырыпты жақсы меңгергендерің көрініп тұр. Дұрыс айтасыңдар, мақал-мәтелдер халық даналығңының айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Өмір шындығының көрініс, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті. Мақал-мәтелді әр адам өзінің айтайын деген ойымен орайластырып пайдаланса, сөзі көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. «Мақал-сөз атасы» деп халқымыз тегін айтпаған.

 

-         Халық даналығының айнасы

-         Халықтың ұрпағына өсиеті

-         Асыл сөз қазынасы

-         Өмір сүру ережесі

 

«... халық тілінің байлығын игеру – зор талғам, парасатты тілейтін жұмыс»

Ғабит Мүсірепов

-         Иә, балалар, жұмыс жасап, еңбек еткен адам ғана өз арманына қол жеткізеді. Біздерде бүгін бір үлкен белесті бағындыруымыз керек, ол үшін көп жұмыстанамыз. Олай болса, іске кірісейік!

 

«Ізденген жетер мұратқа»

Мақал-мәтелдер

Сұрақтар

Болжамдар

«Еңбек түбі – береке»

Құрамындағы сөздердің орны қандай?

Сөздердің орны тұрақты

«Ердің атын еңбек шығарады»

Мағына мөлшері қаншалықты?

Аз сөзбен көп мағына береді

«Біреуге ор қазбьа, өзің түсерсің»

Қандай ақыл-өсиет айтылған?

Ешкімге, ешқашан қиянат жасамау

 

2.     Жаңа білімді меңгерту.

-         Сонымен, балалар, кестемен жұмыс жасай отырып, мақал-мәтелдердің негізгі белгілерін анықтадыңдар деп ойлаймын. Қане, айтып көріңдер!

Мақал-мәтелдердің негізгі белгілері:

-         Қалыптасқан дайын сөйлемдер қалпында жұмсалады.

-         Белгілі бір тұжырым, түйінді береді.

-         Өсиет-өнеге айтылып, адамгершілікке үндейді.

-         Аз сөзбен көп мағына береді.

Қорыта отырып, ерекшеліктеріне көшу: балалар, енді тақтаға назар аударайық.

Мақал

Мәтел

Әке – асқар тау, шеше – қайнар бұлақ, бала – жағасындағы құрақ.

Аузы күйген үріп ішер.

Құрылысы жағынан екі-үш бөлімді

Көбіне бір бөлімдлі болып келеді

Бидайдың кеудесін көтергені – дақылының жоқтығы,

Жігіттің кеудесін көтергені – ақылының жоқтығы.

Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения