Калтаева Гульнара Мухамедьяровна
Должность:учитель математики и информатики
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:казахстан
30.01.2016
0
363
0

Ақпараттың қасиеттері

№3 сабақ    6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттың қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:Оқушылар бойында ақпараттың қасиеттері туралы білімді  қалыптастыру.

Оқушылар білуі тиіс: ақпараттың қасиеттері – объективтік, толықтық, адалдық, өзектілік, құндылықты.

Оқушылар үйренуі тиіс: ақпараттың қасиеттерінің мәнін бағалауды, алған ақпараттың белгілі бір қасиеттерге ие екендігіне мысалдар келтіре алуды.

Сабақтың барысы

1.     Ұйымдастыру кезеңі

2.     Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

3.     Білімді өзектендіру

«Кейіпкерді таны» ойынын өткізу. Оқушылардың біреуі ертегі кейіпкерін жұмбақтап айтады, қалғандары кім екенін шешеді.

Одан соң мына сұрақтарға жауап береді:

-         Еске түсіру арқылы қандай ақпарат түрлерін алдыңдар?

-         Қандай сезім мүшелері арқылы ақпаратты қабылдадыңдар?

-         Алынған ақпарат пайдалы болды ма?

-         Ақпараттың тағы қандай қасиеттерін атай аласыңдар?

4.     Жаңа сабақты оқып-үйрену.

Ақпараттың қасиеттерін бағалау керек болған бірнеше жағдаяттарды қарастыру.

Мысалы: Сіз көшеде келе жатсаңыз, алдыңыздан бір адам шығып түсініксіз тілде: «Tepe! Kaz voite, kbidaz zaada hotejji? (Сәлеметсіз бе? Айтыңызшы,(эстондық) қонақүйге қалай барады).Сіз үшін  бұл қандай ақпарат?

Ақпараттың құнды, бірақ ескірген түріне қатысты жағдаятты қарастыру.

5.     Бекіту

1.     Толық ақпаратты анықтау:

- Бір тәулікте 24 сағат бар.

- Ұшақ таңертеңгі сағат 5-те ұшып келеді.

- Бұл айда 30 күн.

- Менің политрамда 6 түс.

 - Бір жылда 24 ай бар.

           2. Дәйекті ақпаратты анықтау:

-  Барлық сабақтар 30 минутқа созылады.

- Барлық өсімдіктердің жапырақтары жасыл түсті.

- Информатика кабинетінде компьютерлер орнатылған.

- Креслоның екі аяғы бар.

- Сабақ уақытында мектептің терезелері әрқашан ашық болады.

 

3. Түсінікті ақпаратты анықтау.

 

-         Квадрат теңдеудің түбірлерін табу үшін  дискриминант есептеп шығаруы керек.

         -Жедел жәрдем телефон нөмірі 103

6.     Қорытындылау 

Сабақтағы жұмысты бағалау.

7.     Үй тапсырмасы

Оқулықтағы  $ 3 – ты оқып, бақылау сұрақтарына жауап беру.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения