Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
30.01.2016
0
273
0

Бәйтерек- аңыз ағашы

Қазақстан,Петропавл қаласы
№7 орта мектеп 
Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Қайнетова А.Т.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру.

 2. Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру;

оқушылардың дүниетанымын кеңейту.

                            3. Тәрбиелік: Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.

 

Сабақтың көрнекіліктері: Суреттер, презентация.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, СТО элементтері

Пәнаралық  байланыс:тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу

2.Оқушыларды түгендеу

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.

Астана қаласы қай жерде орналасқан?

Астана қаласы туралы не білесіңдер?

Астана қаласының мақтаныштарын атап өтіндер?

Астана қаласының төрінде орналасқан алып ғимарат не? (Бәйтерек)

Балалар, бүгінгі біздің сабақтың тақырыбы – Бәйтерек – аңыз ағашы.

Жаңа сабақ.

Мұғалімнің сөзі:

 

Ата-бабаларымыз жапан далада жалғыз өскен ағашты киелі ағаш немесе әулие ағаш деп санаған. Оны кесуге, қандай да бір зақым келтіруге тыйым салған. Саясында ұзақ отырып демалып, ұйықтауға да болмайтынын ескерткен. Жалғыз өскен ағаштың жанында ұзақ болсаң, сол ағаштай сопиып жалғыз қаласың деп жалғыздықтың нышанына балаған. Ал құла түздегі жайқалып өскен жалғыз ағаш пен шөлді мекендегі тырбиып өскен бұталарды қасиетті санап, жанында түнеп, шүберек байлайтын болған. Кейбіреулер ол маңда әулие жатыр деп ырымдап, мал сойып, тілеу тілеп те жатады.

Бәйтерекетің негізгі идеясы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ой-қиялынан туды. Президент осы алып ескерткіштің эскиз-нобайын бір түннің ішінде өзі ойлап шығарды. Оның айтуынша, монументтің негізгі идеясы бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.

Бәйтеректің негізгі ұстыны Бейбітшілік дарағы болып есептеледі. Ежелгі түпкі ұғымында «бәйтерек» деген сөздің өзі «өмір ағашы» деген мағынаны білдіреді. Міне, осы жапырақ жайған алып ағашқа ертедегі ертегілерде кездесетін қасиетті құс – Самұрық айқара жазылған кең қанаттарымен айналасын тұтас жауып ұшып келеді. Ол өмірдің өзегін өркендетіп, үміттің үзірін үкілейтін алып алтын жұмыртқа – Күнді салу үшін Өмір ағашы – Бәйтерекке ұмтыла түскен.

Осы алып ағаштың тағы бір идеясы өлім мен өмірді теңестіретін дүниежүзілік мифтің мазмұнына негізделген. Қазақ мифологиясында ол космос ағашы ретінде қаралады. Бәйтерек үш әлемді байланыстырушы дәнекер ретінде кеңінен көрсетіледі. Ел арасында адамның жаны киелі теректе сақталады деген ұғым ежелден қалыптасқан. Мифологияға зер салсақ, бәйтерек туралы аңыз әңгімелер өте көп. Солардың бірінде, басы аспанмен, түп тамыры жер астымен жалғасқан киелі теректің әрбір жапырағы жер жүзінде жасаған әр адамның өмір тіршілігінің нышаны, жер бетінде тіршілік еткен әрбір адам киелі теректің жапырағы жарылғанда өмірге келіп, жапырағы жайқалып өскенде есейіп, кемеліне келіп, жапырағы мезгілсіз сарғайса, қайғы-қасіретке тап болады, жапырағы солса

қартайып, жапырағы үзіліп, жерге түскенде, қазаға ұшырайды делінген. Осылай бәйтеректің жапырағына жан орналастырып, адамның өмір сүру кезеңдерімен үйлестіре бейнелейді.

Бәйтерек — үш әлемді байланыстырушы дәнекер ретінде әспеттелінеді. Орта дүниені — адам, жоғарғы дүниені — қарақұс, төменгі дүниені — жылан-айдаһар көрсетеді. Қазақ ертегілерде кейіпкер жерасты әлеміне тап болады және ұзаққа созылған сапар кезінде үлкен ағашқа жолығады, ол жерде ағашқа өрмелеп бара жатқан жыланды өлтіріп, Самұрықтың балапандарын айдаһардан құтқарып қалады. Осы ерлігі үшін Алып Қарақұс кейіпкерді жер бетіне алып шығады.

Балалар енді осы сабағымызды қорытындылайық.

Сендер осы аңыздан не түсіндіндер?

Бұл аңыз сендерге қандай пікір қалдырды?

Қандай ой – түйінге келдіндер?

Балалар өз ойларын айтады.

Тапсырма: Бәйтеректің суретіне қарап сөйлем құрастыру

Сабақты бағалау Үйге тапсырма: тақырып бойынша шығарма жазу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения