Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
24.01.2016
0
352
0

Газ заңдары

Қазақстан Республикасы,Оңтүстік Қазақстан облысы,Мақтарал ауданы,Жетісай қаласы
"№122 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Физика пәні мұғалімі
Абдукадирова Улжан

Сабақтың мақсаты: Газ заңдары туралы жан-жақты білім бере отырып,оқушылардың ой-өрісін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, жылдам қимылға ұшқыр ойлауға дағдыландыру. 

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: физикалық диктант, көршіңді тексер, логикалық сұрақтар, графикалық жұмыс, есептер шығару, физикалық сауаттылық

Сабақтың көрнекілікттері:АКТ,  үлестірмелі материалдар, насос, қыздыру шамы, шприц

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау

Физикалық диктант:

1. Молекулалар шоғыры

2. Зат мөлшері  

3. Заттың мольдік массасы

4. МКТ-ның негізгі теңдеуі

5. Менделеев-Клапейрон теңдеуі

Физикалық диктантты тексеру:

 

“Көршіңді тексер” әдісімен тест жұмысын орындау.

                     І топтың ІІ топқа дайындаған тест сұрақтары

 1. Реомюр шкаласы бойынша судың қайнау температурасы:
А) 80 Р
В) 1000 Р
С) 60 Р
Д) 75 Р
2. Дені сау адамның температурасы 36 С, Кельвин шкаласында бұл температура:
А) 273 К
В) 320 К
С) 309 К
Д) 310 К
3. Тұрақты көлемі мен пішіні болмайтын күй:
А) сұйық пен газ
В) тек газ
С) тек сұйық
Д) тек қатты дене
4. Қалыпты жағдайда кез-келген газдың  қысым, көлем, температурасы қанша?
А) қысым 103Па,көлем 22.4 л , температура 278 К
В) қысым 104 Па,көлем 21.4 л , температура 273 К
С) қысым 106 Па, көлем 22.5 л , температура 275 К
Д) қысым 105 Па, көлем 22.4 л , температура 273 К
5. Больцман тұрақтысы:
А) 1.38*1023Дж/К
В) 1.38*10-23Дж/К
С) 1.38*10-22Дж/К
Д) 1.38*1022дж/К
                           ІІ топтың І топқа дайындаған тест сұрқтары

1. Қатты денелерге тән қасиеттер:
1) Берілген көлемді толтырады
2) Белгілі пішіні болады
3) Көлемін сақтайды
4) Оңай сығылады
А) 1 және 3
В) 2 және 3
С) 2 және 4
Д) 3 және 4
2. Универсал газ тұрақтысының мәні?
А) 8.31 Дж/К*моль
В) 88.33 Дж/К*моль
С) 8.13 Дж/К*моль
Д) 3.18 Дж/К*моль
3. Кельвин температуралық шкаласы бойнша 0оС нешеге тең?
А) 173 К
В) 373 К
С) 274 К
Д) 273 К
4. Броундық қозғалыс:
А) Зат атомдарының ретсіз (хаостық) қозғалысы
В) Биологиялық қозғалыстар
С) Сұйықта (ерітіндіде) жүзген бөлшектердің ретсіз қозғалысы
Д) Химиялық реакция
5. Екі дене жылулық тепе-теңдік болмау үшін қандай физикалық параметрлері әр түрлі болуы керек?
А) Қысымдары
В) Молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы
С) Температуралары
Д) Денелердің көлемі
Е) Денелердің массалары

Бізді қызықтыратын сұрақтар:

1. Егерде молекулалардың арасындағы тартылыс күштері кенеттен жоқ болып кетсе, ыдыстағы газдың қысымы қалай өзгерер еді?

2. Температурасы мен қысымы бірдей болғанда қайсысы ауыр болады: құрғақ ауа ма, әлде ылғал ауа ма?

3. Ылғал ағашты жаққанда сытырлаған дыбыс шығады. Мұның себебі неде?

 Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою. 

Жаңа материалды меңгерту:

                             Газдардағы изопроцестер

Газдың берілген массасы үшін қандайда бір термопараметрдің тұрақты болып қалатын процестерді изопроцестер д.а.

Келесі изопроцестерді қарастырайық:

 

Процестер

Изотермалық

процесс

Изобаралық

процесс

Изохоралық

процесс

Тұрақты шама

 

T = const

 

p = const

 

V = const

 

 

 

 

 

 


Изотермалық процесс -температурасы тұрақты, ал  қысым мен көлемі өзгеретін термодинамикалық процесс. 

Газ күйінің теңдеуіненpV = m/M·RT шығатын нәтиже:

T = const кезінде газдың берілген массасы үшінpV = const (Бойль – Мариотт заңы). 

             

      Р. Бойль                        Э Мариотт

   T = const, онда V↓ p↑, немесе керісінше V↑ p↓

Изобаралық процесс -қысымы тұрақты, ал  температура мен көлемі өзгеретін термодинамикалық процесс.

Газ күйінің теңдеуінен pV = m/M·RT шығатын нәтиже:

р = const кезінде газдың берілген массасы үшін V/Т = const ( Гей-Люссак заңы). 

                                           

     Ж. Гей-Люссак                            р = const кезінде Т↓ V↓, керісінше T↑ V↑

 

 

 

        

Изохоралық процесс -көлемі тұрақты, ал  температура мен қысым өзгеретін термодинамикалық процесс.

Газ күйінің теңдеуіненpV = m/M·RT шығатын нәтиже:

V = const кезінде газдың берілген массасы үшін p/Т = const (Шарль заңы). 

                                     

           Ж. Шарль                                                    

                                                               V = const кезінде Т↓ p↓, керісінше T↑ p↑

 

   

                                                     

P1V1 = P2V2

 

Ғалымдардың ағылшын тілінде өмір баяны:

1-оқушы:  Edme Marriotte- lived in 1620-1684 he is French physicist,  one the founders and the  first member  of  the  Academy of  Sciences in Paris

Robert Boyle  student  of  Zhonevskom University  Robert Gook studied Robert Boyle.

2-оқушы:  Joseph  Louis Gray Lusac-lived in 1778-1850 Saint-leonard-de-Nobbat,in Paris.He was a French chemist and physicist. In 1809 he become professor of chemistry.From 1808 to 1832, he was a professor of physics at the Sorbonne.

3-оқушы  Jack  Sharl (1746-1823) Franch physicist, is matematician,inventor, self-educated.

Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

Графикалық жұмыс                                               

  

1-2: изобаралық ұлғаю2-3: изотермиялық сығылу3-1: изохоралық суыту

 

р, Т осінде                                                                              V, Т осінде

                                        процестерді салыңдар

1-2: изохоралық қыздыру                                1-2: изобаралық қыздыру

2-3: изотермалық ұлғаю                                   2-3: изотермалық сығылу

3-1: изобаралық суыту                                     3-1: изохоралық суыту

 

Есептер шығару

  1. 270 С температурадағы көлемі 6 л газдың, 1270 С температурада көлемі қандай болады? (8 л)
  2. Газды қысқанды оның көлемі 15-тен 10 л-ге дейін азайды, ал қысым 55 кПа-ға көтерілді. Бастапқы қысымды анықтаңыз. (110кПа)
  3. Т0 температурада идеал газ қысымы Р0 болды. Тұрақты массада және тұрақты көлемде газ температурасын 25%-ке төмендетті. Газ қысымы қалай өзгереді?
  4. -230 С-дегі жабық ыдыс ішіндегі газдың қысымы 15 кПа. 1270 С-де қысым қандай болады? (24 кПа)
  5. Жұмыс істемей тұрған күйде, 770 С температурада газ толтырылған электр шамының колбасындағы газ қысымы 70 кПа-ға тең. Егер жұмыстық режимде шамдағы қысым 60 кПа-ға дейін артатын болса, жанып тұрған шамдағы газ температурасы қандай болар еді?(300 К)

Сабақты қорытындылау: Оқушылардың жаңа тақырып бойынша функционалды сауаттылығын тексеру.

1-топ шприцте орындалатын Гей-Люссак заңын түсіндіреді  (изобаралық процесс)

2-топ қыздыру шамында орындалатын Шарль заңын түсіндіреді  (изохоралық процесс)

3-топ насоста орындалатын Бойль-Мариотт заңын түсіндіреді (изотермалық процесс)

 Бағалау

Физикалық диктант 0-5 ұпай

Көршіңді тексер 0-5 ұпай

Қызықты сұрақтар 0-3 ұпай

Графикалық жұмыс 0-3 ұпай

Есептер шығару 0-6

Физикалық сауаттылық 0-3 ұпай

Жиынтық ұпай 25

25-21 ұпай  «5»

20-15 ұпай «4»

9-14 ұпай «3»

0-8 ұпай «2»

Кері байланыс

Үй жұмысы: §4.8, 9-жаттығу(1,2,3,5,8,9)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения