Раисов Бекжан Сергазинович
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
23.01.2016
0
199
0

Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин. Ақсақ киік (өлең)

 

 

Шығыс Қазақстан облысы

Аягөз қаласы

«№5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Мадымов Жанғали Мырзағалиұлы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин. Ақсақ киік (өлең)

Сабақтың тегі: Жаңа материалды меңгерту сабағы.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік. С.Сейфуллиннің ақындық қуаты. Өлең-көркем өнер туындысы. Мазмұндық-композициялық құрылымы. Көркем бейнелер киік, Бетпақдала, ақынның өз тұлғасы, ақын көтерген проблема. Жаңа ұғымдар, атаулар шөп атаулары, Бетпақдаладағы тіршілік, өлеңнің идеялық мәні экологиялық, географиялық, эстетикалық, поэзиялық таным.

ә)тәрбиелік. Сұлулықты көре білуге, бағалай білуге, сұлулық сезіміне баулу, сүйсіну, жек көру, аяныш сезімдерін тану, сезіну.

б) дамытушылық. Бақылағанды пайымдау, оған эстетикалық баға беру, жаңа көркем бейнемен түйіндеу.

Сабақтың әдістері мен тәсілдері: дамыта оқыту топтық және жекелей оқыту түрлері, мәнерлеп оқу, проблемалық түйін тудыру, әңгіме.

Сабақтың жабдығы: С.Сейфуллин шығармашылығының 2-томы, Ж.Сейіловтың «Жез киік» әнінің жазбасы. Құрманғазының Ақсақ киік күйінің табағы, осы сабақта қажет болатын эстетикалық сұлулық-таным плакаттары т.б.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

(Сәлемдесемін, Оқушыларды тізім бойынша түгендеу бағаланатын карточка беру, классты төрт топқа бөлу)

-Қане балалар, бері  қ араңдаршы!?

Қазір сендерге арнап Ж.Сейловтың «Жез киік» әнін тындаймыз. Әнді тыңдаған кезде  мазмұнына мұқият болыңдар.(ән тыңдалады...)

-Жақсы бұл ән не жайында айтылады?

(дұрыс, киік жайында екен)

-Ендеше балалар бүгіңгі өтетін жаңа тақырып «Ақсақ киік» өлеңі

-Келесі сұрақ әнін  де, сөзінде жазған адамды қалай атайды?

(Дұрыс композитор дейді)

-Ендеше балалар, жаңа тақырып «Ақсақ киік» өлеңі, авторы Сәкен Сейфуллин.

(Тақтаға жазамын)

-Қазір бізде дайындап келген оқушының шағын рефератын тыңдайық (тақырыбы С.Сейфуллин өмірбаяны  1894-1938)

-Енді оқулығымыз бойынша(білемін, -білмеймін, +жаңа ақпарат, -? Мені таң қалдырған) жұмыс жасайықшы.

-Ал, Айнұр дауыстап оқып жіберші. Қалғанымыз қолға қарындаш алып жұмыс жасайықшы.

-Жақсы кім айтып жіберем дейді өлең не жайында және қандай жерді айтып тұр екен? (Киік, Бетпақдала...)

-Қазір келесі рефератты тыңдайық. (Арайлым оқиды)

-Табиғатта қандай жерлер болады?

(Орманды дала, шөл, шөлейттаулы жерлер)

-Бетпақдала осының қайсысына жатады? (Шөл, шөлейт)

-Осы шөлді жерлерді мекендейтін қандай жануарларды білесіңдер?

-Қазір осыған дайындалып келген бір-екі оқушыларды тыңдайық.

Енді мына сөздерге түсінік беріп өтейік . Тақтаға ЕЛ-ЖАЙЛАУ, СЕГІЗ КӨШТІК, БАЯЛҒЫШ, ҚОС, БЕТЕГЕ, ТАҢЫ, БӨКЕН, БЕТПАҚДАЛА сөздері ілінеді.

(Ауызша түсінік беріп, дәптерге жазылады)

Қызығушылығын арттыратын тапсырмалар.

1-    топ: Оқулықтан Бетбақдала сөзіне сипаттама оқиды.

2-    топ: Параққа Бетбақдала сөзін топтап жазады

3-    топ: Оқулықтан киік сөзіне сипаттама оқиды.

4-    топ: Параққа киік сөзін топтап жазады.

Енді мына сұраққа әр топ атсалысуы керек.

-Киіктің сұлу әрі мүскін халін, адам сезімін ақын қандай бейнелі сөзбен жеткізген?

-Киік пен мерген сөзіне нақты жауап айтыңдаршы?

Сабақты бекіту: Қазір мына плакат бойынша бүгінгі өткен жаңа тақырып пен алдыңғы үй тапсырмасын еске түсіріп нақты жауап айтыңдаршы?

Ж.Жабаев,  С.Сейфулин                                   айырмасы       ұқсастығы

 

1.Туған елі                             әр обылыста                                    ҚАЗАҚСТАН

2. Нақтылы туған жері       Қарағанды обл.                               ҚАЗАҚСТАН

                                                 Жамбыл обл.

3. Білімі                             Ж.Жабаев суырып салма ақын                    Сауат ашқан

                                            С.Сейфуллин                                              арнайы оқыған.

4.Шығармалар тақырыбы: Ж.Жабаев отаншылдыққа, халыққа, ерлікке, елдікке, еңбек етуге шақырған.

                                                      С. Сейфуллин сұлулықты, адалдыққа араласқан жырлаған ақындар.

5. Кім деп танимыз:       С.Сейфуллин-лирик  ақын                              ақын

                                           Ж.Жабаев-патриот ақын    Қазақ  әдебиетінің  ірі тұлғалары

Қорытынды:-Міне, бүгіңгі өткен тақырып сезімтал, аяулы болуды меңзейді.

а) үйге өлең мазмұнын толық айтуға дайындалу, сөздік дәптеріне жазғандарды оқу, автор қарастыру.

ә) бағалау жүйесі бойынша карточканы жинап беріңдер.

-Сабақ  аяқталды, боссыңдар!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения