Жеткеншек Мендигалиев
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
20.01.2016
0
184
0

П дыбысы мен әрпі

Автор: Игембердиева Гульнар Бериковна

 

Пәннің аты

Сауат ашу

Уақыты: 19.11

Сыныбы: 1Г

Мұғалім

Игембердиева Г.Б.

Сабақтың атауы

П дыбысы мен әрпі

Мақсаты

П дыбысының  әріп таңбасымен таныстыру.Жаңа сөздер үйрету.Сөздерге дыбыстық , буындық талдау жасату.

 жеке сөздерді оқуға, біртіндеп тұтас оқуға дағдыландыру. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін,  қиялын дамыту.

 Кітап оқудың пайдасы, кітап ты көп оқуға тәрбиелеу.

Оқушылардың кітап туралы өз ойларын  баяндау. Оның пайдсы туралы пікірлерін біду. Әріпті меңгеруін қадағалау.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,  баяндау, жұптық жұмыс

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Пәнаралық  байланыс: математика, бейнелеу

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз білімді баламыз,

Күнде 5-тік аламыз

Оқу, білім үйреніп

Білімді ұрпақ боламыз.

Оқушылар топпен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

-Балалар бізде бүгін ерекше сабақ. Себебі бізде бүгін қонақтар сабағымызға қатысып отыр.

-Олай болса, бүгін біз осы уақытқа дейін сауат ашу пәнінен не үйрендік, не білдік соны есімізге түісіріп көрейік.

Қазір мен сендермен «Ойнайық та ойлайық» ойынын ойнаймын.

Шарты: Сендерге мен бір сөзді айтып доп лақтырамын. Сол сөздің сендер ережесін айтып берулерің керек .

1. Әріп дегеніміз не?

2. Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

3. Сөз дегеніміз не?

4. Дыбыс дегеніміз не?

5. Дауысты дыбыс дегеніміз не?

6. Буын дегеніміз не?

Енді  біз буындарды білеміз. сол буыннан сөздер құрап «Жұбын тап» ойынын ойнайық

-Олай болса, мына буындардан сөздер құрастырайық .

Үйге берілген тапсырманы Тақпақты жатқа сұрау

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Сендер әріптерден басқа сандарды да үйреніп жүрсіңдер. Сол сандарды пайдалып біз не істей аламыз.

-Олай болса мына өрнектердің жауабын табу арқылы сендердің тапқырлықтарыңды анықтайын.

Тақырыптағы сөзді шығару

2+1                    3 - К

2+2                    4 - Т                  

6+1                    7 - П

3+2                    5 - І

4+2                    6 - А

Кітап сөзі анықталды. Кітап сөзіндегі бізге таныс емес әріпта табу.

-Электронды оқудан П әрпі туралы түсінік беру

П дыбысы дауыссыз дыбыс.П дыбысын көк түспен белгілейміз. П дыбысын айтқанда жоғарғы ерін төменгі ерінге жуық тиіп, тез ажырап кетеді.

-Қане айтып көрейікші

Олай болса мына тақтадағы суреттерге назар аударайық.

-суреттердің аттарын атату

Қап, парта, кірпі, перде, доп, піл

-Бұл сөздерде п дыбысының сөздің қай жерінде тұрғанын ажырату.

Оқулықпен жұмыс

Тізбектей оқыту

Сергіту сәті

Көңілді күн  

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

 

Кітапханада деген тақырыпта 4 оқушыны щығарып тірексөздер арқылы сөйлем құрастыру.

Дәптермен жұмыс

П әрпінің жазылуын электронды тақтадан көрсету

Ой толғаныс

«Адасқан әріптер»  ойыны

Кітаптағы орны ауысқан әріптерді дұрыс орналастыру, сөздер құрастыру

Біз не білдік?

Үйге тапсырма

«Кітап» мәтінін оқу, үлгіні жазу

Шопан, шапан, әріп, кітап, Талап, Жақып, пәтер, қап, пішен сөздерін буынға бөліп жазу, дыбытық талдау жасау.

Кері байланыс

  

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения