Muhanbetkalieva Zhulduz Mahambetovna
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан Республикасы
Регион:не указан
20.01.2016
0
1472
5

Өзін өзі тану пәнінен ашық сабақ тақырыбы: "Өмір шексіз керуен"

Өзiн-өзiтану сабағының жоспары

 

Колледж: Батыс Қазақстан индустриалды колледжі

Тақырып : 1-2 сабақ «Өмір – шексіз керуен»

Құндылық: Ақиқат 

Қасиеттер: өз - өзімен әділ болу, жаман әрекеттен жақсы іс әрекетті ажырата білу, ержандылық

Мұғалiм: Муханбеткалиева Жулдуз Махамбетовна

Топ 52К

Оқушылар саны:15

 

 

Сабақ мақсаты: Өмірдің ақ – қарасын түсіну арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

Білімділік: Өз өзімен әділ болуға үйрету

Тәрбиелік: Жаман әрекеттен жақсы әрекетті айыра білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Ержандылық қасиетін дамыту

 

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Проектор, prezi технологиясы видеоролик, маркер, ватман, топшамалар

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

 

а) Оқушылардың құрал жабдықтарын  тексеру

 

 б) 5Т ұстанымын тексеру: (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)

                                    

      2.Тыныштық сәтi.(баяу әуен)    «Нұрға  бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

            Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

            Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

            Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

            Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.

            Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр меніңі шімде...Мен Нұрмын»

            Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

            Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

            Жаймен көзіңізді ашуға болады.

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1 сабақ . М.Мақатаев

«Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?»

 

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді:дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды мына өмірді

Өтпейтіндей көретін адамдарға!

 

Өтеді ғой...

Өтеді барлығы да,

Күн арқалап кетеді таңды мына.

Менің жаным ашиды барлығына:

Таң нұрына, адамның тағдырына.

 

Менің жаным ашиды өткендерге,

Жаңа ғана өмірге жеткендерге.

Ұран жазып аспанға қойсам ба екен,

Енді сендер өмірден өтпеңдер деп.

 

Сұрақтары:

  1. Уақыттың адам өміріне ықпалы қандай?
  2. «Өмірден өтпеңдер» дегенді қалай түсінесіңдер?
  3. Бұл өлеңнен ақиқатты көріп тұрмыз ба?

 

 

 

 

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйек сөз.

 

 

«Ақиқат  жол  жөнекей  жұлып  ала  салатын  гүл  емес, Ол  ұзақ  жолдың  түпкі  мақсаты»

Гераклит

1.Дәйексөздің  мағынасын  қалай  түсінесіздер ?

2.Ақиқат шыңына  қалай  қол жеткіземіз?

3.Біздің өмір жолымыздағы түпкі мақсатымыз не?

 

 

 

 

 

  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

Аңыз әңгіме:

 

Өзіңізге кейде не үшін өмір сүріп жүрмін деген сұрақты қоясыз ба? Көбінесе біз ата-анамызға менде анау жоқ, мынау жоқ деп шағым айтамыз. Бет әлпетімізге қарап қасым ұнамайды, тырнағым ұнамайды деп жиі өзімізден мін тауып жатамыз.Бірақ, бір сәт ойланып қарасақ тырнағы түгілі қолы, аяғы жоқ адамдар да бар ғой. Басына бір кішкентай қиындық түссе өмірден түңіліп, адасып жүргендер қаншама? Он екі мүшесі сау бола тұра, не үшін өмір сүріп жүргендерін өздері түсінбей, қаңғыбас болып кеткендер қаншама? Өзінің емес өзгенің өмірін сүруді армандаған Ник тағдырының тауқыметін талай шекті.Тіпті кейде оның өз-өзіне қол жұмсамақшы болғаны кездері де көп. Дегенмен өмірге деген құштарлық пен ата-ананың балаға деген шексіз махаббаты нағыз рухани құндылық емес пе ? Осыны ұққан бала өмірге деген жаңа көзқарас орнатып,ол үшін өн бойындағы кертартпа күшпен күресе білді.

Мүмкін сізде оның есімін естіген шығарсыз? Ник Вуйчич аяқ-қолсыз дүниеге келген жарымжан екендігіне қарамастан өн бойынан өмірге деген құштарлық таба білген адам.  Ни́к (Ни́колас) Вуйчич(ағылш. Nicholas James Vujicic) – кәсіби мотивациялық оратор, сирек кездесетін синдром тетра-амелия деп аталатын ауру түрімен туылған.

Ол 1982 жылы 4 желтоқсанда Австралияның Брисбене қаласында Борис Вуйчич пен Душка Вуйчич отбасында дүниеге келген. Ол екі қолы және екі аяғы жоқ болғанына қарамастан дені сау бала болып өмір есігін ашқан.Сондықтан да ата-анасының талабы бойынша ол мүгедектерге арналған емес, қарапайым мектепте білім алған. 10 жасқа толған кезінде сыныптастары тарапынан көрген қорлыққа шыдамай суға батып өлмек те болыпты. Алайда оны жақындарының қандай азап тартатыны туралы ой тоқтатқан екен. Ол физикалық тұрғыдан кемістіктеріне қарамастан серфингпен айналысуға, скейтборд тебуге құмар болады. Гольф ойнағанды ұнатады. Ол есепші(бухгалтер) және қаржыгер мамандықтары бойынша екі жоғарғы оқу орнын 21 жасында тәмамдаған. 19 жасынан бастап студенттер, баларлар алдында өз өмірі туралы айтып, жастарды өмірді сүюге тәрбиелей бастаған.

Ал 2005 жылы ол «Ең жас автралиялық азамат» атағын иеленді. Бұл Австралияда өте мәртебелі атақ болып саналады. 1999 жылы «Жизнь без конечностей»(ағылш. Life without Limbs) деп аталатын ұйым құрған. «Attitude Is Altitude» деген қоғамдық маңызы бар мәселелерді көтеретін компанияның президенті. Сонымен қатар бүгінгі таңда әлемнің 5 құрлығы мен  70-тен астам  мемлекетін аралап, жарымжан жандар үшін қандай жағдайда да өмір сүру керек екендігі жайында баяндамалар оқыған.

Әлемнің  елдерін аралап мектептер мен университеттерде өнер көрсетіп, көптеген адамдардың жүрегіне үміт отын ұялата білген  Ник Вуйчич  жастардың өмір мәнін түсінулеріне түрткі болған атақты тұлға. Аяқ жағындағы кішкене саусақтары көмегімен компьютерде 1 минутта 43 сөз теру арқылы өзінің өмірі және мүгедек жандардың жағдайы туралы «Жизнь без ограничений» (Life Without Limits: Inspiration for a Ridiculously Good Life) деген сияқты бірнеше кітап жазып шығарған.Сонымен қатар көптеген телешоуларға қатысқан,2009 жылы «Цирк бабочек» («The Butterfly Circus») деген мүгедек жанның тағдыры туралы фильмге де түскен. Қолы жоқ бола тұра 1 сағатта 1749 адамды құшақтап рекорд орнатқан болатын.

 

Сұрақтары:

  1. Бұл адамның өмірі қандай құндылыққа негізделген?
  2. Бұл адамның тағдыры қандай өнеге береді?
  3. Ник Вуйчичтің өміріне қандай баға берер едіңіз?
  4. Кез келген істің байыбына жету  үшін қандай әрекет жасау керек?

 

 

 

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Топты  геометриялық  фигура-үшбұрышпен ( боялған әр  түске) 3  топқа бөлеміз.

    1. Топ: Болған оқиғадан түйін шығару
    2. Топ: «Ақиқат» құндылығына жоба қорғау
    3. Топ : «Шындық деген» тақырыбына  өлең құрастыру

 шындық деген _шымылдық біреулерге,

қалқа қылып шындықты жүрер пенде,
шымылдығын шындық кеп жұлып алса,                 шыбын ұшып шырқырап кірер жерге.

 

 

 

  1. Топпен ән айту.

«Өміріңе немқұрайлы қарама»

Сөзі: Серік Сейітман               Әні: Сәкен Дәрібаев

 

Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,
Зерлі шапан киінсең де жақұттан.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Шақша басың айналса да бақыттан.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,
Өміріңе немқұрайлы қарама.

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Қанша азап көрсең-дағы, бауырым,
Өміріңе немқұрайлы қарама.



Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,
Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.

Сын сағатта сақтау үшін өз басын
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.
Өмірңе немқұрайлы қарама
Айдын көлге айналса да көз жасың.

Қайырмасы:
Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,
Өміріңе немқұрайлы қарама.


Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Қанша азап көрсең-дағы, бауырым,
Өміріңе немқұрайлы қарама.

 

 

 

 

  1. Үй тапсырмасы.

1-2 сабақ. «Бүгінгі істі ертеңге қалдырма» Е.Сағымбаевтың еңбегін басшылыққа ала отырып, «Менің бір күнім» тақырыбына эссе жазу. (9 бет)

 

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Көзімізді  жұмып, тыныштықта  бүгінгі  сабағымызды есімізге  түсірейік. Бүгінгі  сабағымыздан  алған  әсерімізді  жүрегімізге  түйейік. Әр  уақытта  шындықты  айтып,  ақиқатқа  көз  жеткізейік. Енді  тыныштық күйде отыра  тұрыңыздар.Көздеріңізді  ашуға  болады. Келесі  кездескенше  сау  болыңыздар.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения