Кожабекова Айгуль Абдукадыровна
Должность:учитель математики и физики
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:кызылорда
17.01.2016
0
605
2

Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы.

 

Сабақтың тақырыбы: Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы.

 Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы білімдерін  бекіту және өз беттерімен ізденуге, қорытындылай білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларды ойлауға, пайымдауға, шешім қабылдауға       үйретіп, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік:  өз өмірі мен әрекетіне жаупкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Адамгершілік  жалпы адамзаттыққұндылығын   құрметтеп, мейірімділлікке, сөйлесудегі ізеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік:   интерактивтік тақта, физ. Приборлар, тест.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

                                              Сабақ барысы.

1.     Үйымдастыру кезеңі.     Класс 4- топқа бөлінеді.                

2.     Уй жұмысын тексеру. «блиц- сұрау»

                                   Сұрақтар

1.     Жылу берілудің қандай түрлерімен таныстыңдар? Оларды қысқаша сипаттап беріңдер.

2.     Самал дегеніміз не? Күндізгі және түнгі самал кезінде ауаның қандай аусуы болады?

3.     Термостың атқаратың қызметі қандай? Термостың негізгі бөліктерін ата.

4.     Жылу мөлшері дегеніміз не? Жылу мөлшері неге тәуелді? Мысалмен тұжырымда.

5.     Заттың меншікті жылусыймдылығы нені көрсетьеді? Өлшем бірлігі.

6.     Заттың меншікті жылусыймдылығын есептейтін формуланы тақтада көрсет.

7.     Масассы 5 л суды 1000С дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет?

8.     Мыстың  меншікті жылусыймдылығы 400 Джкг0с  . бұл нені білдіреді?

9.     Отын жанғанда энергияның бөлінуін қалай түсіндіруге болады?

 С+О2                       СО2 + W

10.  Отынның меншікті жану жылуы нені көрсетеді? Оны қандай әріппен белгілейді? Қандай бірлікпен өлшейді?

11.   Отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін қандай формуламен өрнектейді? Формуласын жазып қалай шыққанын түсіндіру.

12.  Спирттің меншікті жану жылуы 2,7 .107 Джкг   Ол нені білдіреді?

3.     Жаңа сабақ.

Кез келген дене бір мезгілде қанша энергияға ие болады?
механикалық құбылыстарда  осы энергиялар өзара аусуы мүмкін бе?

Түйықталаған немесе оқшауланған деп қандай ортаны айтамыз?

Жұмыс дегеніміз не?

Оқшауланған ортада  толық механикалық энергия өзгере ме?

Механикалық энергияның  ішкі энергияға аусуын біз жай тәжірибиемен көрсеттік қорғасын шар қорғасын  тақтаға соғылған кезде мех. Энергия ішкі энергияға аусады. Өмірден мысал келтір.

Мына суретке назар аударайық. Бұл кезде ішкі энергия механикалық энергияға аусады. Қайнаған судың ішкі энергиясы қалақшалары бар доңғалақтың механикалық энергиясын аайналып кете алады. Осыған ұқсас тәжірибені сіздер уйдеде жасай аласыздар. Бірақ  өте абай болу керек. Егер жылу алмасу процесінде жұмыс атқарылмаса онда жылу мөлшері ішкі энергияның өзгеруіне тең. Сондықтан атқарылған жұмыс пен берілген жылу мөлшері іішкі энергиясының өзгерісінің өлшемі болып табылады. Түйықталаған жүйеде берілген жылу мөлшері өзгерусіз қалады.неге Ыстық суды мұздай суға аралыстырғанда . Ыстық судың бергене жылу мөлшері мұздай судың алған жылу мөлшеріне тең. Егер уйде су өлшейтін термометр болса оны  бақылап көруге болады.

Егер  цилиндірдегі  газды қыздырсақ, онда қыздырғыштан газға берілетін жылу мөлшері, оның ішкі энергиясының артуына әкеледі, сол мезетте  поршеньді биіктікке В жағдайынан С жағдайына көтеру үшін жұмыс атқарылады. Неліктен қалай ойлайсыңдар. МКТ негізінен түсіндіріп көріңдер. Бұл газдың ішкі энергиясының артуы және ұлғаюы кезінде поршенді көтеріп жұмыс істеуі, оған біршама жылу берілгендіктен болатындығын білдіреді.

Энергия жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды. Ол тек бір денеден екінші денеге беріледі немесе бірдей мөлшерде бір түрден екінші түрге айналады.

Механикалық энергия W  мен ішкі энергиясының U  қосындысын денелер жүйесінің толық энергиясы E  деп атайды

      E= W+U = Ek+Ep+U Толық энергияның сақталу заңы тек түйқталаған орталарда орындалады.

Қорытынды: Түйқталған және жылулық оқшауланған денелер жүйесінің толық энергиясы осы жүйеде болатын кез келген өзгерістер кезінде сақталады.

Бұл энергияның сақталу және айналу заңы

4.     Сабақты бекіту қызықты сұрақтармен.

·         Қар қай жерде тез ериді биік жерде ме әлде аласа?

·         Неге талдың айналасында қар тез ериді?

·         Егер қардың бетіне  ақ және қара түсті тауар төсесеңдер  Қай тауардың астында қар тез ериді. Неліктен?

·         Диханшылар көктемде жерді тез қыздыру үшін полителиен қолданады. Неліктен?

·         Алақаныңа мұздың кесегін алып бақылап көр. Мұздың тез еруі неге байланысты?

·         Неге қар ери бастағанда түйіршіктеленеді?

·         Қар темірдің ба әлде тақтайдың астында тез ериді? Неліктен?

·         Егер көлеңке болып тұрған жерге күннің сәулесін айнамен түсірсек, сол жердегі  ауаның температурасы арта бастайды. Неліктен?

Үйге  § 12

Қорытындылау . бағалау.

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения