Оспанова Маржан Мусилимхановна
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:г. Алматы
16.01.2016
0
353
0

Сценарий "Тілге құрмет - елге құрмет"

« Тілге құрмет – елге құрмет»

(мектепішілік іс-шара жоспары)

Тәрбие сағатының мақсаты:      қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеті мен сөйлеу шеберлігін жетілдіру, оқушыларға мемлекеттік тілді құрметтеуге, оны үйрену әр азаматтың парызы екендігін түсіндіру, әр халықтың тілін, мәдениетін құрметтеу, туған жерін, өз Отанын сүюге, мақтан етуге тәрбиелеу.

Кештің көрнекілігі:                                Тіл туралы жазылған қабырға газеттері мен слайд,  кітап көрмесі

Кеш ҚР әнұранымен ашылып, салтанатты сөз кезегі мектеп

басшысының құттықтау сөзімен басталады.

 

- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Тіл мерекесіне арналған  «Тілге құрмет – елге құрмет» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

- Добрый день, уважаемые учителя и ученики! Пусть сегодняшний день будет для вас добрым! Светлым! Праздничным!

- 8-сынып оқушыларының орындауында «Сағым дала» қазақ биін қарсы алыңыздар.

- 22-қыркүйек ҚР халықтарының тілдер мерекесі. Бұл Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. Әр ұлттың өз ана тілі бар. Ол халықтың тарихымен бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде беріліп келеді. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Ол білім мен ғылым, техника мен мәдениет, экономиканы дамыту тілі болып отыр.

- 22- сентября – для всех казахстанцев праздник единения, дружбы. Это день языков народов Казахстана и государственного языка. Преставители более 130 национальности с гордостью считают Казахстан своей Родиной, золотой колыбелью. Все народы, населяющие его, равноправны. Все, что люди совершают в мире, совершается с помощью языка. Язык – это самое великое творение человека. Трудно было бы представить, что было бы, если язык исчез.

- Қазақ тілі – ардақты анамсың сен

Анам тілі ардақты данамысың сен,

Ата-баба қалдырған асыл мұра

Дінім менен тілім де дарасың сен дей отырып, ортаға туған тілін жоғары бағалайтын оқуышларымызды шақырамыз.

- Кешіміздің қонағы Әбдіхалықов Шоқанды «Аңыз ару» әнімен шақырамыз.

- 1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні «ҚР-ның тілдер туралы» заңы қабылданып, қазақ тілі ҚР-ның тілдері туралы заңның 4-бабында былай деп жазылған: Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР-ның әрбір азаматының парызы».

 - 22 сентября 1989 года был принят Закон о языках. Казахский язык получил статус государственного языка, а русский стал межнационального общения. В принятом «Законе о языках» в 4 статье записано: ...долг каждого гражданина РК знать государственный язык».

 - 7 сынып оқушыларының орындауында Қадыр Мырзалиевтің «жеті септік» өлеңін тыңдайық.

 - 6 сынып оқушысы Рахматуллаева Жасминнің орындауында М.Мақатаевтың «Ақгүл» өлеңін қабыл алыңыздар.

- Кеш қонағы Керімбаев Нұрболаттың орындауында «мені ойла» әнін тыңдаңыздар.

- Елбасы Н.Ә.Назарбаев  былай дейді: «Ана тілі мен мемлекеттік тілді және ағылшын тілін білу уақыт талабы» .

- Знание родного, государственного языка и английского языка – это веление времени – отметил президент РК Н.А.Назарбаев. Каждый из них имеет собственную историю. Язык – это живая душа народа, его радость, память и богатство.  Исторически сложилось так, что на территории Казахстана действует 130 языков, но государственным является казахский язык.

- 8-сынып оқушыларының орындауында «Адай»  биін тамашалаңыздар.

 - Қонағымыз Жақыпбай Елдостың орындауында халық әндерінен «Попури» .

 - Керімбаев Нұрболат пен Әбдіхалықов Шоқанның орындауында «Қазақ дәстүрлері» әнін қарсы алыңыздар.

-         Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте, - дегендей, ана тілімізді құрметтеу, сөйлеу басты парызымыз дей отырып, «Тілге құрмет – елге құрмет» атты кешімізді аяқтаймыз. Сау -саламатта болыңыздар!

-         До новых встречи, дорогие друзья!

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения