Оспанова Маржан Мусилимхановна
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:г. Алматы
16.01.2016
0
296
0

Урок по казахскому языку 3 класс "Қалалар"

Сабақ жоспары

Пән: қазақ тілі                      

Сынып: 3 

Сабақтың тақырыбы: Қалалар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстанның қалаларын картадан көрсете отырып олардың әсем жерлерімен таныстыру, саяхат жасау арқылы сұрақтарға жауап беру. Қайда? Қандай? деген сұрақтарға дұрыс жауап бере білуді үйрету.

Дамытушылық: Сұрақтарға тез жауап беру дағдыларын қалыптастыру. Сөйлемді дұрыс құрай білу арқылы сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Алған білімдерін жүйелеу

Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілік құралдары: Қазақстан қалалары, сол қалалардағы ескерткіштер мен әсем жерлердің суреттерінен слайд.

І. Ұйымдастыру

1.Сәлемдесу

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1-тапсырма.Тыңда, қайтала. Сөйлес.

         Мынау – Астана қаласы. Мен Астана қаласында тұрамын. Астана – үлкен, әдемі қала.

Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Семей, Өскемен, Шымкент, Тараз, Орал, Қостанай, Петропавл, Павлодар, Көкшетау қалалары туралы сөйлесу.

ІІІ. Жаңа сабақ

Қазақстан картасы арқылы қалалармен таныстыру, суреттер арқылы сол қалалардағы әсем жерлермен, ескерткіштермен таныстыру.

1. Сөздікпен жұмыс:

Сен қайда тұрасың? - Где ты живешь?

Қала-город

2.Ассоциация құру.

Балалар, тақтаға Қазақстанның қалаларын тізіп жазып шығайық.

 

 
 

Қазақстан қалалары

 

 

 

 

 

2-тапсырма. Кесте бойынша оқы.

Мен Астана қаласында тұрамын.

Мен Алматы қаласында т ұрамын.

Еста Сақта!

Қала                                      қаласы                        

Мынау – қала               мынау – Астана қаласы

қаласында

Мен Астана қаласында тұрамын.

4. Мәтінмен жұмыс.

3-тапсырма.Тыңда, қайтала. Сөйлес.

         Мынау – Астана қаласы. Мен Астана қаласында тұрамын. Астана – үлкен, әдемі қала.

4-тапсырма. Толықтырып оқы.

Мынау - ... қаласы.

Мен ... қаласында тұрамын.

5.Дәптермен жұмыс.

5-тапсырма. Оқы. Үлгі бойынша сөйлес.

-         «Астана» деген сөзде неше буын бар?

-         Үш буын бар.

-         Қандай?

-         Ас-та-на.

-         Бірінші буын қандай буын?

-         Жуан буын.

-         Екінші буын қандай буын?

-         Жуан буын.

-         Үшінші буын қандай буын?

-         Жуан буын.

Қа-ла, Ал-ма-ты сөздерін буынға бөліп, үлгі бойынша жаз.

ІV.Сабақтың қорытындысы.

«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы сұрақтар қою:

Біз бүгін қандай қалаларға саяхат жасадық?

Қандай қалада Айша Бибі ескерткіші бар екен?

«Медеу» мұз айдыны қай қалада орналасқан?

V. Рефлексия. Балалар қолдарындағы түрлі-түсті қағаздары арқылы сабақты түсінген-түсінбегендіктерін білдіреді.

      Түсінбедім

     Түсіндім

     Сұрағым бар

VІ.Үйге тапсырма.

«Менің әсем қалам» тақырыбында эссе жазып келу.

VІІ. Сабақтың бағалау кезеңі

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения