Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
26.02.2013
2
5639
2

Әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулу әдістемесі

 Казахстан,Қызылорда облысы,Қазалы  ауданы,  « Жанқожа батыр »  ауылы

№ 94 қазақ  орта  мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

 Амандос  Мадина

Әдебиеттік  оқу  сабағында  оқушыларды

шығармашылыққа  баулу  әдістемесі

 

          Ұлы  жазушы  Мұхтар  Әуезовтің  « Ел  боламын  десең,  бесігіңді  түзе »  деген  тағылымы  мол  сөзі  бар.  Ол – еліңнің  ертеңі – жас  ұрпақты  жақсылап  өсір,  тәрбиеле  дегенді  білдіреді. Ал  елдің  келешегі – ұстаз  қолында.   « Ұстаздық  қылған  жалықпас,   үйретуден  балаға » деп  данышпан  Абай  атамыз  айтпақшы,  ұстаздық  атаққа  азапты  еңбек,  шыңдалған   шеберлік  арқылы  ғана  қол  жеткізуге  болады.  Соңғы  жылдары  білім  беру  жүйесінде  өзгерістер  молынан  көрініс  беруде.  Жаңа,  тың  бағыттар,  жаңа  педагогикалық  технологиялар  пайда  бола  бастады.  Соған  сәйкес  мұғалімге   жүктелер  міндет -  жан  -жақты   дамыған,   ойы  ұшқыр,  шығармашыл   тұлға   қалыптастыру.  Дәл   қазіргі   кезде  бәсекеге  қабілетті,  ұлттық  рухы  мықты  ұрпақ  тәрбилегіміз  келсе , оқу – тәрбие  үрдісіндегі  жаңа  технологияларды,   әдіс – тәсілдерді   пайдалана   отырып   білім  сапасын   арттыруымыз  керек.  Себебі -  ұстаз  еңбегінің  өлшеуіші – білім  сапасы. Жан – жақты  біліммен  қаруланған, қоғамда  өз  орны  бар,  іскер,  жан – дүниесі  бай   ұстаздан  адамдармен  дұрыс  қарым –қатынас  жасай  алатын, шығармашылық  қабілеті мол  жеке  тұлға  қаллыптасары  айдан  анық.  Қазіргі  уақытты  30 – 40 жыл  бұрынғы  уақытпен  салыстыра  алмайсыз.  Бұрын  біздер  физиканың  ішіне   « Махаббат,  қызық,  мол  жылдарды »  салып  оқитын  болсақ,  қазіргі  оқушы  теледидар  немесе  компьютер  алдына  телміреді.  Рухани  байлық  көркем  шығарма  оқымаған  адамға  қайдан  келмек ?   Ендеше  олардан  елінің  рухын  асқақтататын,   тілі  мен  дініне  берік  азаматты  қалай  шығармақпыз ?  Баланың  бойынан   шығармашылық  қасиет  тауып,  қабілетін  жетілдіруде   әдебиет  пәнінің  орны  ерекше  дер  едім. Өйткені  ол  бала  жанын  әсемдікке  шомылдырып,  парасаттылықтың  ұрығын  себетін  бірден – бір  пән –  әдебиет  пәні  екені  сөзсіз. Және  де  әр  адамның  алдындағы  парасатты  парызы -  өз  ұлтының  мәдениетін  құрметтеу,  ана  тілін  ардақ  тұту,  төл  әдебиетін  терең  сезіммен  сүюді  үйрететін  әдебиет  пәнінің  мұғаліміне  үлкен  жүк.  Оқытудың  сапасын  көтеру  мәселесі  мұғалімнен  шығармашылықты,  ізденімпаздықты  талап  етеді,  шығармашылықпен  айналыса  отырып  мұғалім  оқушыгың  жеке – дара  қасиеттерін  ашуға  ұмтылады. Оқушыларға  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  беруде жаңа  технологияларды  оқып –үйреніп,  мысалы :  1) оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту ;

 2) тілдік  материалды  сатылай  кешенді  талдау ;  3)  деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  оқыту ;  4 ) модульдік  оқыту  ; 5 ) сабақта  ойын  элементтерін  қолдану т. б технологияларды  іс – тәжірибеде   қолдану  керек.  Сондықтан  ұстаз  пәнге  кіріспес  бұрын  жоспарлы  түрде  мынадай  тұжырым  жасау  қажет :

 

  1. Теориялық  білімді  терең  меңгерту.
  2. Пәнге  қызығушылығын ояту   және  арттыру.
  3. Оқушылардың  бойындағы  талант  пен  дарындылықты  бақылау  және  зерттеу.
  4. Оқушының   шығармашылық  жұмысқа  ынтасын  арттыру.

 

      Әдебиет  пәні  жан  -жақты  ойлантудың  пәні,  оның  ерекшелігі  де  сол  өзіндік  ойлау  мен   пікірді   айта  алуында  жатыр.  Ол  үшін  біз  алдымызға    « Нені,  қалай  оқытамыз? » сауал  қоямыз.   « Ой  салу  - ұстаздан,  ойлану  - шәкірттен »  демекші шығармашылықпен   жұмыс  істеуге  дағдыландыру  барысында   мұғалімнің  қолданатын  өзіндік  әдістері  болуы  керек. Жаңа  әдістер  дегенде  өзім  пайдаланып  жүрген   « Сын  тұрғыдан  ойлау »  бағдарламасына  тоқталсам,  нәтижесі – баланың  танымдық  белсенділігі  артады,  өз  бетінше  білім  алуға  ұмтылады. Бағдарлама стратегияларында  сабақ  құрылымы  үш  кезең  бойынша жүзеге  асырылады : 1) қызығушылығын  ояту,  2)  мағынаны  ашу,  3) толғаныс  Міне  осы  үш  кезең  арқылы  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін   оятып  және  белсенділігін  туғызуға   болады. Сабақтың  құрылымдық   жоспарына  Қызығушылығын  ояту  стратегиясы   бойынша  →  Ой  қозғау  →   Топтастыру  т.б.   Мағыныны  ашу  стратегиясы  бойынша → Венн  диаграммасы  →  Бес  жолдық  өлең  т.б.   Толғаныс  стратегиясы  бойынша → Эссе  →  Реферат  т.б  стратегия  түрлерін  қолдану  оқушылардың  тілін  дамытып,  сөздік  қорды  молайтуға,  ойлау  қабілетін   дамытуға,  өз  ойын,  пікірін  еркін  жеткізе  білуге   үйретеді. Әрине, тек  бір  ғана   технологияны  емес,  өз жағдайыңа  қарай  кез  келген  әдістерді  түрлендіріп  пайдалануға  болады. Өйткені  жаңа  технологялардың  басты  мақсаты – баланы  оқыта  отырып,,  оның  еркіндігін  қалыптастыру,  белсенділігін  дамыту,  өз  бетінше  шешім  қабылдауға  дағдыландыру  емес  пе ? Осы  мақсатта    5-6 сыныптарға  сабақ  өткізгенімде  көз  жеткізгенім :  шәкірттерім   топтық  жұмысқа  белсене  қатысады  және  қалыптасады,  ақыл -  ойы  дамиды,  еркін  сөйлеуге  төселеді.  Мәселен  5 – сыныпта  Абай  шығармасын  өткенде   «Топтастыру »  стратегиясы  бойынша   Абай  кім ?  Несімен  танымал ? деген  сұраққа

 

деп  жауап  береді.  Ал  енді  осылардың  әрқайсына  тоқталып  өтейік,  кестені  толтыр  десек :

 

 

Өлеңдері

 

Аудармалары

Сазгерлігі

Ошыл, философ

 «Жасымда  ғылым  бар  деп  ескермедім. »

 «Ғылым  таппай  мақтанба  »

 «Жаз »,  « Күз   »,  « Қыс » т.б

  « Бақа  мен өгіз »

 «Түлкі  мен  қарға »

 « Қараңғы  түнде  тау  қалқып »

« Қарасөздері  »

 

 

Өз  білгендерін  осылай  жазып  шығады. Толықтырып  келуге  тапсырма  берілсе,  балалар  үйден  қарап  та  кестені  толықтырары  сөзсіз.  Жалпы ақын –ыжазушылардың  шығармалары 5 – 11 сыныптарда  бірте – бірте  жоғарылаған  сайын    толықтырылып  отырылады,  сондықтан  орта  буын  оқушылары  бұл  кестені  толтыру  үшін  еңбектеніп, біраз  ізденеді.  Мұғалімге  де  керегі  сол  ізденіс  емес  пе ?

  Әрі  қарай  әр  ақын –жазушыны  өткен  кезде  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы   мынандай  кесте  толтыруға  болады. Яғни,   «  Хронологиялық  кесте »  баланың  есте  сақтау  қабілетінің  дамуына  себебін  тигізеді .

 

 

Хронологиялық  кесте  1

Абай  Құнанбайұлының  өмірі  туралы  деректер

Мерзімі

Болған  оқиғалар

1845       жыл

 

 

 

 

1855 жыл

 

 

1858 жылы

 

 

1904 жыл

 

Ұлы  ақын  А. Құнанбаев  қазіргі  Шығыс  Қазақстан  облысы,  Абай  ауданы, Шыңғыс  тауының  Қасқабұлақ  деген  жерінде  дүниеге  келген.

 

Ахмет – Риза  медресесінде  оқиды.

 « Приходская  школада » үш  ай  оқиды.

 

Әкесі  Құнанбай  оқудан  шығарып  алып,  ел  билеу  ісіне  араластырады.

 

Ауру  меңдеген  ақын  қайтыс  болады

 

 Осы  үлгіде  Хронологиялық  кесте  2  деп  ақын  шығармаларын  толтыруға  болады. Мұнда  кестелер  арқылы  оқушының  оқулықпен  де  өз  бетінше  жұмыс  істеуіне  жағдай  жасаймыз. Нәтижесін  білу  мақсатында  хронологиялық  тест  пайдалансаңыз  оқушы  білімін  бағалауға  септігі  тиеді.

     Әрбір  шығарманың оқушыға  тигізер  әсері  бар. Сол  әсерді  балаға  берудің  кілтін  іздеу  қажет.  Мәселен, С. Сейфуллиннің  « Ақсақ  киігін »  өткенімде өлеңдегі  басты  ойды бірлікте  талдау  мақсатында    төмендегі  үлгіде  кесте  ұсындым :

 

 

Негізгі  мәселе

 

шумақтар

Тақырыптар  қою

1)Ақынның  Бетпақ  шөлді  таныстыруы

2) Бөкен  туралы

3)Оқ   тиген   киіктің  кездесуі

4)Сұлулық  пен  жауыздық

1,2,3,5

 

4,6,7,8,9

10,11,12,13

 

14,15, 16, 17

Бетпақ  дала

 

Аң  төресі- ақбөкен.

 

Жаралы  жануар – Ақбөкен.

 

Сабақ  соңында  Сауалнама  алдым

Өлеңнің  мазмұнымен  таныстым

Өлеңді  талдай  білуді

Жаралы  киікке   жаным  ашыды,  адамдардың  мейірімсіздігі  жөнінде  ойландым

 

   Шығармашылық  оқушыға  ләззат,  қуаныш  сезімін  әкелуге  тиіс. Мәселен,  сабақ  үстіндегі  өнер  сайысы. Ол  үшін  екі  топты  ұйқас  сөз  табудан  жарыстыруға  болады.  « Батырлар  жырын » өткен  кезімде  балалар берілген  сөзге  ұйқас  іздей  отырып,

  осы тақырыпта  өлең  шығарды. Мысалы, берілген  сөз -    батырлар,  айтылар, пір  тұтып, бас  ұрар  болса :

 

Ел қорғаған  батырлар,

Әнге  қосып  айтылар.

Бүгінгі  ұрпақ  пір  тұтып,

Ерлігіңе  бас  ұрар. Мұндай  ойындар  сабақ  үстіндегі  баланы  сергітеді,   әрі  өлеңге  құштарлығын  арттырады. 

       Сонымен  қатар    шығарма  кейіпкерлеріне  мінездеме  жазу  да  баланың  сөздік  қорының  молаюына,  кейіпкерлер  әлеміне  саяхат  жасау  арқылы  жақсы  мінез  бен  жаман  мінезді  айыра  білуге  де  тәрбиеленеді. Сол  секілді  менің  өз  тәжірибемде  өтілген сабақ  мәтіні  бойынша  сурет  салып  келуді   дағдыға  айналдырғанмын.

 Ақын  Мағжан  Жұмабаев  :    

 « Негізінде  әр  адамның  сұлулық  сезімдері  әр  түрлі  нәрселерден   оянымпаз  болады. Біреудің  музыкадан,  біреудің суреттен,  біреудің  поэзиядан. »  деген  екен.  Әрине  сыныптағы  барлық  оқушы  суретші  болып  шықпас,  бірақ  « бала  жанының  тамыршысы  болып »  оның   бойындағы  қабілетті  жарыққа  шығаруға  ешкім  дау  айтпас.  Жалпы  алғанда  ғылымда  дәлелденгендей,  шығармашылыққа  қабілетті  жас – орта  буын  оқушылары.   « Баланың  балалығын  тыйдым  дегенше,  даналығын  тыйдым  де »   демекші  әдебиет  сабағында  ситуациялық  сұрақтар  беріп,  оқушы  жауабына  масаттанатындай  мақтау  жеткізіп,  сабақ  барысында   « Жалғастыр »,

 « Сөйлемді  аяқта»,  «Жалғасын  тауып  жаз» т.б  шығармашылық  ойындар  ойнату  оқушының  қызығушылығы  мен  ынтасын  тудырытынын  айтуға  болады.  Ал  оқушының  ойыны  да,  оқуы  мен  еңбегі  де  тек  қызығушылығы  болған  жерде  нәтижелі  болмақ.  Қызығушылық  болған  жерде  бала өзінің   күшіне  сеніп,  атқаратын  жұмысына  бар  ынтамен  кіріседі. Шәкірт  қызығушылығын  сабақта  дамытуда   мұғалімнің  сабақты  түрлендіріп  отыруының  маңызы  зор.  Әр  өтілетін сабақ  оқушыны  қуанышқа  бөлеуі  керек.  Баланы  ерекше  бір  әсермен  жігерлендіретін,  шабыттандыратын  ұстазының  бір  ауыз  сөзі.    « Сен – ақынсың,  сенің  өлеңің  керемет  »  деген  сөздерден  бала  жаны  шаттанып  сала  береді.

       Әдебиет  тарихпен  тығыз  байланысты. Әр  заманның  өз  ортасын,  келбетін  бала  қиялдау  арқылы  елестетеді. Әр  сабақты  өткен  кезде  мүмкіндігінше  бейнематериалдар  пайдаланып  отыру  оқушының  белгілі  бір  дәрежедегі  қызығушылығын  арттырады.  Кейіпкер  дүниесіне  бойлап әсерленеді.  Мәселен,

  М. Шахановтың  « Отырар » дастанын  өткен  кезде  « Көшпенділер » фильмінен  үзінді  көрсеттім.  Сыныпты  топқа  бөліп,  әр  рөлді  балаларға  бөліп  бергенімде,  олардың  мәтін  сөздерін  жаттауға  және  образға  енуге  ынтасын   байқадым.  Себебі  тарихи  оқиғаны  білу  және  көз  алдарындағы  кино  ленталары  олардың  сезіміне  әсер  етіп,  жүрегін  тебірентті,  терең  ой  салды   және бір  құбылысты  екінші  құбылыспен  салыстырып  қорытынды  шығыруға,  мәдени  өрісін  кеңейтуге  септігін  тигізеді  деп  ойламын. Жалпы  әдебиет  сабақтарында  оқушының  шығармашылық  қабілетін  дамыту  үшін   мынандай   деңгейлік  тапсырмалар  берілуі  қажет :

  1. Көркем  шығарманы  толық  оқып,  мазмұны  бойынша  жоспар  құру.
  2.  Шығармадағы  кейіпкерлерге  мінездеме  беру.
  3. Шығарма  тіліндегі  көркемдеуші  құралдарды  таба  білу  және  талдау.
  4. Көркем  шығармаға  байланысты  оқушы  шығармашылығы.

Міне,    осылар  арқылы  бала  бұрынғы  білімді  пайдалана  отырып,   жаңа  мәселені  шешуге  тырысады,  талдайды,  зерттейді,  өз  бетімен  шығармашылық  жұмыстар  жүргізеді. Осыдан  келіп  баланың  дарыны  ашылады.  Демек  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  арттырып,  ынталандыру  үшін :

1. Сабақты  түрлендіріп   отыру ;

2. Сабақта  оқушылардың  өздері  зерттеген  еңбектерін,  суреттерін т.б  пайдалану

3. Сабаққа  қатысты  бейнетаспаларды,  фильимдерді, яки  техникалық  құралдарды  тиімді  пайдалану  керек  деп  ойлаймын.

 

 Ұлы  Абайдың  « Тегінде  адам  баласы  адам  баласынан  ақыл,  білім,  ар,  мінез  деген  қасиеттерімен  озады »  деген сөзі  еш  заманда  мәнін  жойған емес. Озық    ойлы  білімді  адамдар  өзіне  ғана  емес  заманға,   қоғамға  пайда  әкеледі.    « Өлең – сөздің  патшасы  »  деп  ұлықтаған   Сөз  өнері  – адамзаттың   тәрбиешісі.   Әдебиеттен  нағыз  білім  алған  баланың  ертең  нашақор,  жауыз  болмайтынына,  ең  ізгі  жүректі  азамат  боларына  сеніңіз.   Сондықтан  да  әдебиет  пәнінің  бірден – бір  мақсаты  –  бала  жанын,  рухын  тәрбилеу  екенін  ұмытпай, ұстаздық  қызметімізді  ізденіспен,  нәтижесін  көрер  ерен  еңбекпен  атқарсақ  деймін.  Себебі  « Ендігі   жерде  сабақ  процесі  ұстаз  бен  оқушылардың – екі  жағының  да  белсенділігі,  біліиі  қатар,  жарыса  танылатын  шығармашылық  диалогқа  айналуы.  ( С. А.) »  дейді  ғалым  ағамыз. Ендеше   сабақ  барысындағы  ұстаз  жауапкершілігі  және  шығармашылық  жетекшілігі  еш  бәсеңдемейді.  Яғни  екі  жақтың  да  ізденісін,  қызығуын,  білімге  ынтасын  арттыру – бүгінгі  күннің  басты   мақсаты.

 

                                        Пайдаланған  әдебиеттер :

 Серік   Мақпырұлы  «Оқушылардың  әдеби – теориялық  ұғымдарын  қалыптастыру  мәселесі » 

Зейнолла Қабдолов   « Сөз  өнері »

5 – сынып  әдебиет оқулығы   Алматы   « Атамұра » 2005

6 – сынып  әдебиет  оқулығы  алматы   « Атамұра »  2006 

 

Скачать:

maala.doc [3,35 Mb] (cкачиваний: 61)

Комментарии пользователей /2/
kalamkas__92@mail.ru | 12 ноября 2013 19:07
Өте жақсы мәлімет екен. Маган толығымен керек еді. Қалай ала аламын...?
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения