Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
14.01.2016
0
225
2

Бақытты сәт

Қазақстан Республикасы,Астана қаласындағы
№6 гимназиясының
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Барақатова Қанапия Мәлікқызы

Мақсаттары.

Білімділігі: Оқыта үйрету ойындары арқылы білімдері толығады.

Дамытушылық: Сөйлеу тілдері және танымдық қабілеттіліктері

дамытылады.

Тәрбиелік: Тілге, отанға деген сүйіспеншіліктері артады.

Сабақтың типі: Ойын-сайыс сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан туралы буклеттер, топ аттары, бақытты

сәт т. б. жазылған плакаттар, үрленген шарлар, асықтар, тиындар, ойыншық -

тар, магнитафон, топ газеттері.

Ойынның жүру барысы:

(күй естіліп тұрады)

Оқушылар сынып жетекшілерімен шығып сапқа тұрады. (әнұран

орындалады) Сахнаға жүргізуші шығады.

Құрметті оқушылар мен ұстаздар!

Біз Қазақстан тәуелсіздігінің 19 жылдығына қатысты, сыныптан тыс

сағатымызды бастаймыз. Бұл ойын сайыс сабағымыз „Бақытты сәт”-деп

аталады. (Әзілқазылар мүшелерімен таныстыру).

Енді біз бүгінгі сайысқа қатысатын екі топпен танысамыз. Сынып екі топқа

бөлінген. Әр топтың өз капитаны, атауы және әні болады.

1. І-ші топтың капитаны бастайды.

Топтың аты: „Бейбітшілік құсы”.

Біздің ұранымыз: „Біз сүйеміз бейбіт күнді, Бейбіт күнде туғанбыз. Біздің

өмір күндей нұрлы. Бақыт құшқан ұланбыз”.

Біздің әніміз: оқушылар „Ақ көшергін” өлеңін орындайды. (топ капитаны

өздерінің эмблемасын жюри мүшелеріне апарып береді)

Енді біз ІІ–ші топпен танысамыз.

Топтың аты: „Қазақстаным, мақтанышым”.

Біздің ұранымыз: „Мақтанам Қазақстан Отаныма, сан ұлтпен тату тәтті

тұрып жатқан. Мақтанам Қазақстан Отаныма, тәуелсіздік ғасырың құрып

жатқан”.

Біздің әніміз: (қыз бен жігіт айтысы).

Сахнаға ұлттық киімдер киген, қолдарына домбыра ұстаған қыз бен жігіт

шығады.

Ұл: ата-баба дәстүрін үйренуден қашпаймыз, „айтыс”-десе сәндеңіп қыздар

іздей бастаймыз.

Қыз: Біржан болып сен келсең, ақын Сараң мен болам, сәйгүлік болып сен

шапсаң, аққу құсың мен болам т. б. (топтың капитаны өз эмблемасын жюри

мүшелеріне тапсырады).

2. Би сайысы.

(екі топтан екі оқушы шығып, кезекпен қазақ халқының ұлттық билерін

билейді).

3. „Өлең сөздің патшасы”-деп Абай атамыз айтқандай келесі сайысымыз

„Өлеңді жатқа оқу”-деп аталады.(үш оқушыдан шығып, Қазақстан туралы

өлеңдерің оқиды).

4. Мақал мен мәтел-халық даналығының бір түрі. Олардың көлемі шағын,

тілі көркем, мазмұнды шешендік сөздің дәні. Мақал-мәтелдер қысқа нақыл

сөздер. Олардың тақырыптары әр алуан болып келеді. Бүгінгі „мақал-мәтел”

сайысымыз „Отан”-туралы болып келеді. (екі топтан 1 оқушыдан шығып

мақал-мәтелдерді кезекпен айтады, қай топтың оқушысы көп айтса, сол

жеңеді).

5. Келесі сайысымыз „Көсемдікке ұмтылу”-деп аталады. Сұрақтарға барлық

топ ойыншылары жауап береді. Екі топқа 10 сұрақтан қоямын. Ең көп дұрыс

жауап берген топ ұтады. І-ші Бейбітшілік құсы тобына мына сұрақтарды

қоямын.

Біздің Отанымыз қалай аталады?

Қазақстанда мемлекеттік тіл, қай тіл?

Қазақстанның халқының саны неше миллион?

Бүгінгі күнге дейін, Қазақстанда неше астана болған? Атаңдар?

Қазақстан көп ұлтты мемлекет пе?

Қазақстанның астанасы қай қала?

Астана қандай қала?

Астана қаласының әкімі кім?

Астананың қысы қандай?

Қымыз тәтті ме? Ол сусын ба?

„Қазақстан-мақтанышым” тобына қойылатын сұрақтар.

Қазақстан қандай мемлекет?

ҚР-ның елбасшысы кім?

Қазақ тілі қай халықтың ана тілі?

Қазақстанда неше облыс бар?

Алматы Қазақстанның нешінші астанасы?

Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлейміз?

Астана қай өзеннің жағасына салынған?

Астана болашақтың қаласы ма?

Шұбат қышқыл ма? Ол тағам ба?

„Қыз қуу”- ойын ба?

(5„г” сынып оқушысы өзінің биін, тәуелсіздік күніне арнайды)

6. Келесі тамашалайтынымыз қойылым. Сахнада „Қазақстан, мақтанышым”

тобы. Өз сахналық көріністерін көрсетеді. „Бейбітшілік құсы” тобы

„Жақсылық ұмытылмайды” халық ертегісінің ізімен сахналық қойылымын

көрсетеді. (екі топқа да қол соғып көшеметтеп қояйық).

7. Ұлттық ойындар сайысына көшеміз.

1. „Қыз қуу” ойыны.

Сахнаға бір қыз бен ұл шығады. Екеуі де ұлттық киім киген. Әсем күйдің

естілуімен қыз атқа мініп қашады, жігіт қуып жетіп бетінен сүюі керек. Ал

жете алмаса қыз оны қамшымен ұрады.

2. Асық ойыны.

Асықты қалай аулау керек екендігін түсіндіремін. Екі топтан бір оқушыдан

шығып, асық аулайды. Кім асықты көп қағып алса, сол жеңеді.

3. „Кім күшті” ойыны.

Сахнаға екі топтан бір баладан шығады. Олар шынтақтарын үстелден алмай,

білек күштерін сынайды. Кім қолды жықса, сол жеңіске жетеді.

4. „Теңге алу” ойыны.

Сахнаға екі топтан бір баладан шығады. Музыка ырғағымен, бір аяқпен

секіріп шеңберді айналып, шашылып жатқан тиындарды бір-бірден тереді.

Қолмен еденді ұстауға болмайды. Қай оқушы , көп тиын терсе, сол жеңеді.

(жюри мүшелеріне сөз беріледі).

„Құрметті оқушылар мен ұстаздар осымен бүгінгі „Бақытты сәт”-атты ойын-

сайыс сабағымыз аяқталады. Көңіл қойып тыңдағандарын үшін үлкен

рахмет! Келесі кездескенше, сау-саламатта болыңдар!” „Атамекен”-әні

естіледі.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения