Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
14.01.2016
0
295
0

Тазалық – саулық кепілі

Қазақстан,ОҚО,Шымкент

№104  Е.Юсупов  атындағы ЖОМ

Қазақ тілі пәні мұғалімі

Салиева Хамида Эркиновна

Мақсат:

 

1, Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.

 

2. Оқушылардын танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, көркем және қатесіз жазуға дағдыландыру.

 

3. Тазалыққа, жеке гигиена құралдарын сақтауға, спортпен шұғылдануға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Типі: жаңа білімді жетілдіру.

Түрі:аралас

Әдісі: тусіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: оқулық, түрлі түсті суреттер, слайдтар, жеке гигиена құралдары, қанатты сөздер.

 

 

Сабақтың барысы;

 

  1.     Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Оқушылар бір-бірлеріне күліп қарап, жылы лебіз білдіреді

 

Қайырлы таң достарым

Қайырлы күн болсын

Сәрсенбінің әр кезі

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз
Кілең бесті болсын

 

2.  Ой қозғау.

- Балалар терезеден сыртқа қарайықшы, табиғатта қандай өзгерістер байқадындар?

- Күн ашық, бірақ суық...

- Осындай өзгерістер  жылдың қай мезгілінде болады?

- Күз мезгілінде.

- Тағы қандай жыл мезгілдерін білесіздер?

- Қыс, көктем, жаз.

- Балалар, ақын жазушыларымыз да жыл мезгілдері туралы өте көп өлеңдер жазған. Солардан бірі Абай атамыз. Биыл Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойын тойлаймыз.

3. Үй тапсырмасын сұрау

Абай – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, аудармашы Абайдың өте көп өлеңдері, қара сөздері бар. Абай Пушкин, Лермонтов, Крыловтың шығармаларын қазақшаға аударған. Абайдың «Күз» туралы өлеңін кім жатқа біледі?

 Оқушылар өлеңді жатқа айтады.

1- оқушы

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан

 

2 оқушы

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар кулмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған ағаш, құрай.

 

Өте жақсы керемет. Балалар, Абай бізді осы өлеңі арқылы неге тәрбиелеп отыр? (Оқушылардың пікірлерін тыңдау)

 

Бағалау:                                           қызыл «5»

                   Жапырақтармен →     сары    «4»        

                                                         жасыл «3»

4. Жаңа сабақ

Ал енді балалар, мынау жапырақтарды серігін тапсақ, бүгінгі сабағымыздаң тақырыбы ашылады. ( Әр бір жапыраққа жаңа тақырыптың сөзін  жазып тақтаға теріс  іліп қоямыз

 

            

Демек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тазалық – саулық кепілі».

 

Ал жақсы. Тазалық дегеніміз не? ...

Балалардың сөзін  толтырамын.

 

Сергіту сәті:    « Оң аяқ».

Кітаппен жұмыс

 

Сөздік (слайдта)

Қол  - рука

                                               Аяқ -  нога

                                               Оң   -  правый (-ая  -ое  -ые)

                  Сол  - левый(-ая -ое -ые)

 

1-тапсырма. 4 оқушы диалогты оқиды.

 

Ребус шешу. (ребустың жауабы сабын сөзі

 

 

Сабын – сөзін дәптерде көркем жазу.

Дәптермен жұмыс

2-тапсырма.  Тапсырманы оқып, оқушылар тақтада жазады және сөз тіркесіндегі дауыстылардың астына сызу.

Екі қол, оң қол, сол қол, бес саусақ, екі аяқ, оң аяқ, сол аяқ.

(осы жерде – саусақтардың аттарын айтып кету)

 

1. Бас бармақ

2. балаң үйрек

3. орта терек                         орысшасыны да айту.

4. шылдыр шүмек

5. кішкентай бөбек

 

Қабырғаларда ілулі тұрған  қанатты сөздерді оқыту және орысшаға аудару:

Тазалық- саулық кепілі.

 

Дені саудың жаны сау.

 

Денсаулық-зор байлық.

5. Қорытынды

Сабақты қорытындылап, аяқтаймын.

6. Үйге тапсырма беру.   3-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу және жаттау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения