Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
14.01.2016
0
615
0

Ашық тәрбие сағат «Алтын күз»

Қазақстан,ОҚО,Шымкент

№104  Е.Юсупов  атындағы ЖОМ

Қазақ тілі пәні мұғалімі

Салиева Хамида Эркиновна

Мақсаты:
1. Мектебімізде өткізіліп жатқан  «Алтын күз»  мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық,  күз-қуаныш  екенін  оқушы санасына жеткізу.

2.Өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

  1. Ұқыптылыққа, шымырда  шапшаң  ой  жүйріктілігіне,  талғампаздыққа, таза  әдемі  болуға  тәрбиелеу.

 

 1жүр:   Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар!   «  Алтын күз»  атты   кешімізге қош келдіңіздер.  Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілі туралы бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.  Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы.   Күз дегеніміз- байлық, молшылық.

2жүр: -Армысыздар, ұлағатты ұстаздар! Ата – аналар!

                Бармысыздар, жадыраған жас достар!

                Береке, бақ дарыған

             Жомарт көңіл, жарқын жаз,

             Сары алтынға малынған,

              Жетті міне алтын күз!

Гауһар: Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,

            Көңілдердің серіппелі күйін ашсын.

            Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,

            Біздерге бірлікпенен ортақтассын!

 

1-сыныптар орындауында «Күз» хоры.

 

1жүр: «Кім тапқыр?» ойынын ойнайық.                  

                   Ал, балалар, балалар,

                   Күзді енді тыңдаңдар,

                   Қандай жұмбақ айтса да,

                   Шешпей оны қоймаңдар.

 

Мен сендерге жұмбақтар жасырам сендер қолдарынды көтеріп жауап бересіңдер. Кім көп табады екен.

 

1.Бұл не деген көп киім,                     2. Бақшаның алып жемісі,

Жетпіс қабат көп киім.                           Қайнамай піспес келісі.

Жаңбыр одан өтеді,                                Қоңыр күзде сақтайды,

Түймелеуге жетпейді.                            Сары майдай ел іші.

                  (қырыққабат)                                                   (асқабақ)

 

 

3. Дала тегіс сарғайды,                      4. Іші жұмсақ, сырты қатты,

Шаруа қысқа қамдалды.                        Еті қызыл, сүті тәтті.

Күн қысқара бастады,                                                      (қарбыз)

Тауға тұңғыш қар жауды.

                           (күз)

5. Жер бетінде шашы бар,                6.Жаз да жылдам өтіпті,

Жер астында басы бар.                         Күн суытып кетіпті.

                           (сәбіз)                         Киейін деп сондықтан, 

                                                                  Алып қойдым етікті.

                                                                                              (күз)

Бүлдіршіндер орындауында «Жапырақтар» биі.

 

2жүр: Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алтын орны ерекше.Қыркүйек, қазан, қараша айлары – күз айлары. Күз дегеніміз – байлық, молшылық, қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтін себебіміз – күзде егін, астық, көкөніс, жеміс – жидектер көп піседі.

 

 

Надыр: Көк майсалы көрікті

               Алқаптағы көк егін

               Бұл күндері киіпті

               Сары жібек көйлегін

 

Сардор: Мен шиемін шиемін

                Күннің көзін сүйемін

                Қышқыл шырын менде бар

                Төмен басты иемін.

 

Маржана: Жүзім пісті бір-бірлеп

                   Үзіп мәзбіз біз енді

                   Қоңырауы күңбірлеп

                   Қыркүйекте күз келді

 

Розалина: Жапырақ та тасалап

                   Өскен жері бақша-бақ

                   Күрең қызыл шіркін-ай

                   Оның аты құлпынай.

Ойын: Екі себетке толтырылған жемістер мен көкөністерді ажырату.

 

1жүр: Экраннан «Күзгі көрініс» тақырыбында дайындалған слайдты назарларыңызға ұсынамыз.

2жүр: Алтындай сылдырлайды күздің үні,

Жібектей майда шуақ алтын күні.

Биылғы мерекелі нұрлы күздің

Тамаша бірдей сұлу күн мен түні

Сондықтан биылғы күз мерекелі,

Байлығы өте- берекелі

Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,

Міне осы, шын бақытты ел екені.

 

1жүр: 2-сыныптар орындауында «Қолшатыр» биін тамашалаңыз.

 

2жүр: Ал, енді 4-сынып қыздарының орындауында күз элементтерінен сән үлгісін  көрсетеміз. (сахнада қыздар дефиле көрсетеді).

 

1жүр:Қуандырып біздерді

            Мерекелік күз келді

            Кел жемісті алтын күз

            Кемелденсін халқымыз.

 

Осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения