Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
12.01.2016
0
320
1

Ц дыбысы





Қазақстан,ОҚО,Шымкент

№104 Е.Юсупов атындағы ЖОМ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Базарбаева Тамара Икрамжановна

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік :Оқушыларға Ц дыбысы мен әріпін таныту, оқу мен жазу дағдыларын қылыптастыру.

2.Дамытушылығы: Ц дыбысына қатысты жаңа сөздерді таныту арқылы оқушылардың білімін жетілдіру, тілін дамыту,сөздік қорын молайту.

3.Тәрбиелігі: Оқушыларды білімділікке , ұқыптылыққа,сауаттылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

 

Сабақтың әдісі: Ой қозғау,ойын,шығармашылық тапсырма.

 

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сөз жұмбақ,слайд,бейнеролик

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

 

Жарқырап күн де  ашылды,

Айналаға нұр  шашылды.

Қайырлы күн біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн біз бақытты баламыз.

 

-         Балалар, біз не үшін бақытты баламыз?

 

-Балалар бүгін біздің сабағымыз ерекше сабақ болады. Біз бүгінгі сабағымызда саяхатқа шығамыз.Сендерге саяхатқа бару ұнай ма?

-Иә.

-Ондай болса, мен сендерге жұмбақ жасырам, шешуін тапсаңдар, қай жерге баратынымызды білесіңдер. Дайынбыз ба? Бастадық!

 

-Басы ұшқыр ,орталықта орналасқан,

Киіз үйге ұқсайды, балаларға қуаныш әкеледі.

-Цирк!

-Өте дұрыс,жарайсыңдар! Балалар бүгін біз циркке саяхатқа барамыз. Ол үшін  біз бүгінгі сабағымыздағы тапсырмаларды дұрыс орындасақ,сабағымыз соңында саяхатқа барамыз.

Ал бізге сұрақтарды цирк өнерпаздары әкеліп тұр.

-Балалар, сендер циркке барғансыңдар ма?

-Жоқ

-Циркке баруды қалайсыңдар ма?

-Иә!

Онда цирк өнерпаздарының әкелген сұрақтарына дұрыс,қатесіз,ойлап жауап берулерің керек.

 

1.Бізге бірінші сұрақты цирктің өте ақылды,керемет өнерін көрсету үшін аю келіп тұр.

-Аю қандай жануар?

-Жаббайы аң.

1.Қазақ тілі қанша әріп,қанша дыбыс бар?

     42 әріп,37 дыбыс бар

2.Дауысты дыбыс дегеніміз не? Мысалы

3.Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?Мысалы

4.В дыбысы қандай дыбыс?Мысалы

5.Щ,Ч дыбыстары қандай дыбыстар?

6.Ф дыбысы қандай дыбыс?

Жарайсыңдар!Сендер аюдың сұрақтарын дұрыс орындадыңдар.

Келесі сұрақты.....

 

2.Бізге цирктың ең күшті,ең мықты акрабаттары сөзжұмбақ алып келіпті

Сөз жұмбақтың шешуін табайықшы ? Не келіп шығады?

1.Ата заң        Конституция.

Балалар биыл консититуциямыздың 20 жылдығын тойладық.Ағымдағы конституция1995жыл 30 тамыз күні қабылданды.Конституция 9 тараудан 98 баптан тұрады.

2.Өлшем бірлігі-центнер

3.Сахнадағы ән,би кеші –концерт

4.Санның таңбасы-цифр

5.Көлік түрі-мотоцикл

6.Оқу құралы-циркуль

7.Ойын көрсетілетін орын-цирк

Бұл сөзжұмбақта барлық сөздерге ортақ қай дыбыс екен?

Өте дұрыс «Ц» дыбысы

Балалар бүгін біз сендермен Ц дыбысымен танысамыз.

Жаңа сабақ.Ц дауыссыз ,қатаң дыбыс.Ц дыбысы орыс тілінен енген сөздерде кездеседі,қолданылады.Ол сөздің басында ,ортасында кездеседі.

Сөздік жұмыс.Бағандағы сөздерді оқыту, мағынасын түсіндіру.

Цирк-көтеріңкі көңіл-күй.

Цех-қажеттерді жасап шығару орталығы.

Цемент-құрғақ,ұнтақ,тез қататын,құрылыс материалы

Концерт-өнерпаздар өнерін көрсететін  көрініс.

Өте жақсы, жарайсыңдар!шаршап қалдыңдар ма?

Енді бір сергіп алайық.

Сергіту сәті

Бізге  цирктің  ең күлегеш, баршамыздың  көңіл-күйін көтеретін сайқымазақ  «Көңілді күн»өлеңін әкеліпті.Бізде бірге айтайық.

Теріп едік жемісін сезім бақтың,

Сыйластық алауын өзің жақтың,

 

 

Сенің думан тойыңның әнін естіп,

Есігіңді шыдамай өзім қақтым.

 

Жарайсыңдар! Көңіл-күйлеріміз көтеріліп,дем алып алдық!

 

 

4.Енді, балалар, бізге Арыстан өзінің тапсырмаларымен  келіпті.

-Арыстан қандай жануар?

 

Дәптермен жұмыс.

Кітаптан  2-тапсырмаға қарайық.

Нүктелер орнына тиісті әріпті қойып жаз.

Анасы балаларын циркке апарды.Құрылысқа цемент өте қажет болады.Әлім

әкесімен бірге әр гектардан неше центнер күріш жиналатынын  есептеді.

Алмас мотоцикл жүргізуді үйренді.

 

5.Ал енді бізге Піл өз сұрағымен келіпті.Қанеки, балалар, пілдің сұрағын орындайық.

Мәтінмен жұмыс.

Цирк-өнердің өте ертеден келе жатқан түрі.

Цирктің көшпелі және тұрақты түрлері болады.Үнемі көшіп жүретін цирк көшпелі цирк деп аталады.

Алматыда бір тұрақты цирк бар.Онда акрабаттар мен шабандоздар,күлкілі клоундар өнер көрсетеді.

Мәтінге ат қой.

6.Бізге өз сұрақтарымен Шабандоздар келіп тұр.                                               Ребусты шеш.!

Балалар, ребустың шешуін табайық.

Цемент.

Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.

 

7.Бізге Маймыл өз сұрақтарымен келіпті.

Не білдің? Не үйрендің?

Үй жұмысы

3-тапсырма.Өлең жаттау

 

7-тапсырма. «Цирк қызықтары» тақырыбында әңгіме жаз                                                                                                    

Балалар, бүгін сендер цирк өнерпаздарының сұрақтарына өте дұрыс жауап бердіңдер!Сендер үшін сайқымазақ үрленген шарларды сыйлық ретінде алып келіпті.Біз осы шарларды көтеріп циркке барамыз.

Цирк  бейнеролик көрсетіледі.

Балалар сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?

Ондай болса келесі сабақта тағы саяхатқа шығамыз.

Казірше сау болыңдар!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения