Ермаганбетова Толкын Кабдырашовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
12.01.2016
0
241
0

Этнопедагогика

 

Этнопедагогика - педагогика ғылымының бір саласы. Оның қарастыратындары: нақты халық  үшін дәстүрлітәрбие және оқыту түрлері, әдісі, міндеті, тапсырма және мақсаттарын зерттеу; әр түрлі халықтарға тән тәрбие мен оқудың салыстырмалы спецификасының зерттеуі; сол немесе басқа этникалық қоғамның өкілдерін оқыту мен тәрбиелеудегі ұлттық психологияның әсерінің анализі; оқыту әсері мен педагогикалықтың жүзеге асырылуы және ұйымдастырылудағы бұл процестің заңдылықтарының есебі болғандықтан, баланы оқыту мен тәрбиелеуде алатын орыны ерекше.

Қазіргі заманда оқушыларға білім бере отырып, оның санасына ұлттық құндылықтарды қадірлеу, табиғатты қорғау, әр нәрсеге жанашырлықпен қарау сезімдерін сіңіре білу керек. Оқушыларға қазақ әдебиеті пәнін оқытуда халық ауыз әдебиеті бөлімінде тұрмыс-салт жырларын меңгертеміз. Халқымыздың ежелгі кәсібі мал шаруашылығы мен аңшылық болғандықтан, олар төрт түлік малға, аң-құстарға арнап өлең-жыр шығарған. Төрт түліктің пірлері туралы жырлай отырып, бала бойына малдың да киесі болатындығын, оны күтіп-баптаудың әдіс-тәсілдерін, малды мал деп қарамай, оған да кәсіп көзі болғандықтан жанашырлықпен қарау керектігін үнемі астарлы сөздермен, үйлесімді тіркестер, оралымды ұйқастармен жеткізіп отырған. Тілге орамды өлеңді жаттай жүріп бала малдың қадір-қасиетін ұғынады, оның да оңайлықпен өспейтінін біледі әрі кәсіпке ыңғайланып үйренеді.

Аң-құстарға арналған өлең-жырларда олардың сұлулығы, әсемдігі, пайдасы жайында айтылады. Адам пайдасына жарайтын адал аң-құстарды бекер ысыраптамай, керегіне ғана пайдалану керектігін, үнемшілдік жайында баланың бойына жыр арқылы жақсы қасиетті дарытады. Халқымыз батыр ұлдарын арыстан мен жолбарысқа, қыран мен ақсұңқарға, сұлу қыздарын аққудың көгілдіріне, қайырымдылықты қарлығашқа теңеп, аң-құстың өзіне тән ерекшеліктерін әдемі өлең шумақтары арқылы балаларына оңай ұғындырып отырған. Сұлулықты сезінуге, әсемдікті әлпештеуге жетелеп, олардың талғамдарын қалыптастырған. Бала бойына көркем мінез бен ұстамдылық қасиетін сіңірген. Қыз балаға әсемдік пен ибалылықты, ер балаға өжеттік пен қайсарлықты табиғаттан алуға өлең-жыр арқылы әсер еткен.

Қазақ әдебиетінде өсімдіктер әлемі де бір төбе. Табиғаттың тау-тасын, өзен-көлін, өсімдіктер әлемін, тылсым табиғат ғажайыптарын жырға қосуда ақын-жырауларымыз сол көріністі әсем қалпымен қаз-қалпында көз алдымызға елестете алған. Сондай әсем бейнеленген табиғат суретінен әсерленген бала  табиғатқа жанашыр болары сөзсіз. Жер-Анаға құрметпен қараған ата-бабадан бүгінгі ұрпақтың алары мол. Олар: «Көкті жұлма –көктей соласың» деген тыйым сөзі арқылы баланың экологиялық көзқарасын қалыптастырған. «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген мақалдары арқылы баланың табиғат теп-теңдігін бұзбай, құртып, бүлдіруді, табиғаттан қажетін ала білуді ғана ойлайтын тоғышар болмай, табиғатқа адал қызмет етіп, бере білуді ойлау керектігін тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні арқылы үйретіп отырған.

Осындай бай халық ауыз әдебиетін балаға тек қана атүсті оқытып қоймай, оларға мәнін, астарын, мағынасын ұғындыру арқылы  бала тәрбиесіне, оның оқыған материалдарынан жақсы тәрбие алуына атсалысуымыз керек. Оқушыға білім мен қоса тәрбие  бере білген мұғалім нағыз ұстаз.  Ерінбей, жалықпай бала жанына ізгіліктің дәнін сеуіп, жақсылықтың нәрін құю басты міндетіміз. Барлық ұстаз қауымының алдына қойған мақсаты баланы  үздік оқыту мен үлгілі тәрбиелеу екендігі шындық. Олай болса, жұмыла көтерген жүк жеңіл. Бала тәрбиесіне ұлттық дәстүрді сіңіре білейік дегім келеді.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения