Ермаганбетова Толкын Кабдырашовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
11.01.2016
0
260
0

Анамның мінезі

 

                             Қазақ  тілі     6 сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Анамның  мінезі.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушылардың өз ойын тиянақты, дәл жеткізуге үйрету, білімін толықтыруға көмектесу.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байыту,топта жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды аналарын сыйлауға. құрметтеуге  тәрбиелеу.

Сабақтың көрнектілігі: суреттер, карточкалар

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой шақыру, сұрақ - жауап, әңгімелеу

Сабақтың типі: аралас  сабақ

Сабақтың  түрі: жаңа сабақты меңгеру

 Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. (2 мин)

2. Үй тапсырмасын тексеру: (10 мин)

Шаттық шеңбері. Менің жанұям. Отбасы туралы айту.

Осы тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді еске түсіру.

Білікті бірді жығар

Білімді мыңды жығар

Әдепті бала – арлы бала

Әдепсіз бала – сорлы бала

Оқушылар Ғали Ормановтың «Ана», Әнуарбек Дүйсенбаевтың «Ардақты ана», Ы. Мамановтың «Ана» атты өлеңдерін жатқа айтады.

Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсындай

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағында қысылмай

 

Үмітіндей көзіме

Көп қарайсың үңіліп,

Еркелеген сөзімде

Ертеңіңіз тұр күліп.

 

 

Жаңа сабақ :(20 мин)

Тыңдалым  Аудиожазбадан  ана туралы өлең оқылады. Оқушылар кім туралы екенін әңгімелейді.

 

Ана туралы мақал-мәтелдермен таныстыру: Ананың көңілі – балада,

                                                                               Баланың - көңілі – далада.

                                                                               Анасын сүйгеннің баласын сүй.

Жаңа тақырып:

Мәтінді оқу. Оқылым. Тыңдалым.

 Менің анам өмірдегі ең қымбат жан. Ол маған  өмір сыйлады. Менің анам -  адал, ақылды, білімді, сезімтал адам. Ол өте еңбекқор, қиындықтан қорықпайтын жан. Ол мені тек қана жақсылыққа тәрбиелейді, үлкендерді құрметтеуге үйретеді. Менің жасаған қателіктерімді кешіреді және түзетеді. Анам маған әр уақытта жақсылық тілейді.

Жаңа сөздерді оқу, қайталау

ақылды, адал - шыншыл, сезімтал,білімді, еңбекқор, жақын адам, өмірдегі жалғыз адам.

Ана не істейді?   тәрбиелейді, үйретеді, көмектеседі,кешіреді.  

Осы  жаңа сөздермен жұмыс.

Сөйлесім.  Берілген сөздерді  оқу, сөз тіркесін құрау.

Жазылым.

 Мәтін бойынша сұрақ қою. Сұрақтарға жауап беру

Өмірдегі ең қымбат жан кім?

Оның мінезі қандай?

Анасы баласына не үйретеді?

Анасы баласына не тілейді?

Грамматикалық  тапсырманы орындау: карточкаларды үлестіру  

«Шеше» сөзін тәуелде.

«Анамды жақсы көремін» жіктеу.

 «Отбасы» сөзін  септе.              7 мин.                                         

Сабақтың қорытындысы  Ана туралы сөздер топтастыру (2 мин)

                                              Ана мінезін айтып беру.

Үйге тапсырма беру. Өз анасының мінезі туралы шағын шығарма жазу.

(1 мин)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения