Алдабергенова Алмагуль Жексембаевна
Должность:Психолог
Группа:Посетители
Страна:Казахстан, Астана
Регион:Казахстан, город Астана
09.01.2016
0
404
1

Сөйлеу қабілетін жақсартудағы ұсақ моториканың рөлі





Сөйлеу қабілетін жақсартудағы ұсақ моториканың рөлі

 

(А.В.Семенович бойынша)

Зерттеудің мақсаты: 1. Баланың жоғары психикалық қызметтерінің деңгейін анықтау.

2. Жоғары психикалық қызметтердің бұзылысы мидың қай бөлігінде болғанын анықтау.

3. Нейропсихологиялық қорытынды жасау.

4. Баламен қай бағытта жұмыс жасау керек екенін жоспарлау.

Кіріспе

Баламен амандасу. Жалпы мәліметтер жинау (Атың кім? Жасың нешеде? Мында кіммен келдің? Анаңның аты кім? Қай жақтан келдің? т.б. ).

Негізгі бөлім

1.     Қозғалыс қызметтері

Кинестетикалық праксис

1)    Саусақ позаларын қайталау. Психолог балаға әртүрлі саусақ позаларын көрсетеді бала соны қайталау керек. Бірінші жетекші қол, одан соң екінші қол қаралады.

2)    Оральды праксис. Психолог балаға: «Мен секілді жаса» нұсқауы бойынша жымию, ерінді түтік тәрізді ету, тілді тік шығару, тілді жоғары мұрынға қарай көтеру, ұртты бұлтиту, қабағын түю, қабақты жоғары көтеру, таңдай қағу, тілді ауыздың оң жағына және сол жағына тигізу әрекеттерін жасатады.

Динамикалық праксис

1)    «Жұдырық – қабырға - алақан». Аталған әрекеттерді психолог баламен бірге 2-3 рет ақырын орындайды. Одан соң баланың өзі орындауы керек және жылдамырақ жасау ұсынылады. Бірінші жетекші қол, одан соң екінші қол қаралады.

2)    Реципроктық тепе-теңдік. «Қолды мен сияқты қойып, мен секілді жаса» нұсқауымен баламен бірге бірнеше рет қайталап, одан соң баланың өзі жасауы керек.

Кеңістік праксисі

Хэд сынамасы. Психолог балаға қарама-қарсы отырып мынадай нұсқау береді: «Мен оң қолмен не жасасам, сен де оң қолыңмен (оң қолын көрсетіп) қайталайсың, ал сол қолмен жасағанымды, сол қолыңмен (сол қолын көрсетіп) жасайсың».

2.     Тактильді және соматогностикалық қызметтер

1)    Ұстаған жерді сезу және айту. «Көзіңді жұм. Мен сенің бір жеріңді ұстаймын, сен қай жерді ұстағанымды айтасың және көрсетесің»

2)    Ферстер сынамасы. «Көзіңді жұм. Қолыңа ненің суретін салғанымды айт». Психолог баланың алақанына қарапайым суреттерді саусағымен сызады (мысалы: домалақ, үшбұрыш, крест). Бала соны тауып атауы керек.

3.     Көру гнозисі

А) Заттардың суреттерін атау. «Мынау ненің суреті?» Бала заттарды атауы керек.

Б) Сызылған суреттер. «Мына сызықтардың астында ненің суреті бар?» Бала сызықтардың астындағы заттарды атауы керек.

В) Поппельрейтер фигуралары. «Мына суреттер бір-бірінің үстіне салынған, қандай заттарды танып тұрсың?» Бала заттарды атауы керек.

Г) Түстерді қабылдауы. «Мынау қандай түс? Қызыл қарандашпен жаз»

4. Кеңістікті бағдарлауы

Сурет салу

Балаға қарапайым суреттер салуға нұсқау беріледі. Мысалы: үй, гүл, доп, ағаш т.б.

 

 

Көшіріп салу

Денман сынағы. Балаға қарапайым пішіндердің (төртбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш) суреті салынған ақ қағаз беріледі.

5.     Есту гнозисі

1)    Әртүрлі заттардың дыбысын тану. Бала көзін жұмып отырып түрлі заттардың дауысын тануы керек. Мысалы: кітапты парақтау, кілтті сылдырлату т.б.

2)    Ырғақты сезінуі. «Мұқият тыңдап алып, дәл осылай қайтала» нұсқауы бойынша бала психологтың неше рет үстелді ұрғанын дәл табуы керек.

6.     Есте сақтау

Естіп есте сақтау

Балаға 6 сөзден тұратын сөздер қатары оқылады. Мысалы: үй, орман, балық, нан, мысық, қол. Бала мұқият тыңдап алып дәл осы ретімен қайталап шығуы тиіс. Егер дұрыс таппаса 4 ретке дейін қайталауға болады. Біраз уақыт өткен соң бала осы сөздерді қайта есіне түсіруі керек.

Көріп есте сақтау

Баланың алдына 6 түрлі фигура қойылады. Бала сол фигураларды есінде сақтап, айтып беруі тиіс.

7.     Сөйлеу қызметі

1)    Автоматты сөйлеу. Балаға «Қай қаладан келдің?» «Қазір жылдың қай мезгілі?» «Оны қайдан білдің?» «Анаңның, әкеңнің аты кім?» т.б. сұрақтар қойылады. Онға дейін тура және кері санау сұралады.

2)    Фонематикалық естуі. «Менімен бірге қайтала: б-п, д-т, з-с; ба-па, ра-ла, да-та-да, ба-бу,-бо; бол – пол, дос – тос, таза - таса»

3)    Номинативные процестері. Балаға әртүрлі заттарды, дене мүшелерді көрсетіп «Мынау не? Бұл қалай аталады?» сұрақтары қойылады.

4)    Логико-грамматикалық түсініктері. «Бөшкенің артында» «бөшкенің алдында» «бөшкенің ішінде» суреттерін көрсете отырып сұралады.

 

8.     Ойлау қызметі

«4-ші артықты тап» әдістемесі. Сол арқылы баланың ойлау, топтастыру, талдау  әрекеттерінің деңгейі анықталады.

Қорытынды

Баланың нейропсихологиялық деңгейі анықталып, қорытынды шығарылады. Әрі қарай жүргізілетін жұмыстардың жоспары жасалады. Анасына ұсыныстар беріледі.

Сөйлеу қабілетін жақсартудағы ұсақ моториканың рөлі Сөйлеу қабілетін жақсартудағы ұсақ моториканың рөлі
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения