Рашаева Калдыгул Жайкожаевна
Должность:Учитель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Казахстан.
06.01.2016
0
708
6

Ашық сабақ Әдебиеттік оқу 3 сынып Б.Соқпақбаев «Шал мен бала»





Сабақтың тақырыбы:Б.Соқпақбаев«Шал мен бала»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға мәтін мазмұнын меңгерту. Талдау жұмыстарын жүргізіп, мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру

б) дамытушылық: оқушылардың есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту, алған білімін  іс жүзінде  қолдана білу арқылы ой-өрісін дамыту. Сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілетін дамыту.

в) тәрбиелік: үлкенді сыйлауға , құрметтеуге, әдепті, сыпайы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдістер: репродуктивті әдіс, түсіндірмелі-көрнекілік, интерактивті әдіс, ой қозғау стратегиясы, уақыт шеңбері.

Сабақ көрнекілігі: слайдтар, суреттер.

Сабақтың техникалық құрал-жабдығы: интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеріп, бекіту.

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

ІV.Жаңа сабақты бекіту.

V.Жаңа сабақты қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма.

VІІ. Бағалау.

                                            І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

 

 

      

Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ .Топпен жұмыс жасаймыз.Әр оқушы өздеріне ұнаған гүлдерін таңдап, топқа бөлініп отырады.

                                                    ІІ Үй тапсырмасы

1. Қ.Толыбаев «Талас»мазмұнын айту

2. Мәтінді аяқтау

ІІІ Жаңа сабақ.

1. Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады.

2. Мәтіннің авторы Б.Соқпақбаев жайлы дерек (ішінара іздену )

 

   

Дәптермен жұмыс.

3. Оқулықпен жұмыс.

 а) Мәтін 4топқа бөлінеді, іштей оқылады.

ә) Әр топтан 4 оқушы оқиды

б) Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру.

1. Мәулен Сашаның атасымен қалай танысты ?

2. Ақылды балалар шие ұрлағандарға қандай ақыл айту керек? Мәтіннен тауып оқы.

3. Қарияның Мәуленмен қоштасар кезде айтқан сөзін тауып оқы.

4. Сашаның атасы Мәуленді «көргендінің аты көргенді-ау» дегенің қалай түсінесің?

4«Адасқан оқиғалар» мәтін мазмұнын ретімен айту.

 

Сергіту сәті

Күн нұрындай көңілім,

Даламдай кең пейілім.

Жүрегім толы мейірім.

Бәріне ортақ жүрегім.

Мен әдепті баламын!

 

5.Шығармашылық жұмыстар:

 

І топ: мәтіндегі мақал-мәтелдерді тауып, мағынасын түсіндіру.

ІІ топ: Мәуленге хат.

ІІІ топ: Қар үйіндісі.Адам бойындағы жақсы қасиеттерден қар үйіндісін жасау.

ІV топ: Сөздер банкісі. Мақсаты: берілген сөздердің ішінен бүгінгі мәтінде кездескен сөздерді тауып, бөлек алып жазу керек.

 

6 Сабақты қорытындылау.

«Уақыт шеңбері» әдісі.

 

Үйге тапсырма:

 

1. Mәтінді оқып, мазмұнын айту.

2.  «Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі» мақалын пайдаланып, шығарма жазу.

Оқушылар білімін бағалау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения