Аскар
Должность:Учитель
Группа:Посетители
Страна:Алматы
Регион:не указан
05.01.2016
0
222
0

Урок по алгебре "Арифметикалық прогрессия"

 

 

Пәні: Алгебра. Пән мұғалімі: Садыков Аскар Садыкович

 

9- «а» сыныбы

 

 

Сабақ тақырыбы:

Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-мүшесінің  формуласы.

Жалпы мақсат:

·      Арифметикалық прогрессия түсінігін қалыптастыру, оқушыларды n мүшесінің формуласымен таныстыру;

·      Қарапайым жағдайларда арифметикалық прогрессиясының n-шы мүшесінің формуласын қолдана білуге үйрету.

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 
  2. Оқыту әдістемесі
  3. Оқулық Алгебра, 9 сынып, А.Н.Шыныбеков

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Арифметикалық прогрессия, оның айырымы,  n-ші мүшесінің формуласы, қасиеттері туралы алған  білімдерін  қолдана білу.

Салыстыру , жұмыс дәтерімен  жұмыс істей алу, әңгімелесу, баяндау.

Негізгі идеялар:

Арифметикалық прогрессия, оның айырымы,  n-ші мүшесінің формуласы

Сабақта қолданылатын материалдар:

  1. Үлестірмелі материалдар
  2.  жұмыс дәптері, оқулық
  3.  Интерактивті тақта

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер

АКТ

СТО

 

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

3.Жұптық жұмыс

 

Дерек көздері:

Оқулықтағы материалдар:

Интернет желісі

Тапсырмалар:

Сызбанұсқа, сұрақтарға жауап беру, салыстыру.

 

       

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық ахуал(2 мин)

Аңыз: (слайд 1, баяу әуен естіледі).

Бұл оқиға ерте заманда болған. Бір қалада ақылды Ғалым деген данышпан  мен оның сөзін қызғанып көре алмайтын Асан деген қатыгез адам өмір сүреді. Асан данышпан  Ғалымға жауап бере алмайтындай бір сұрақ ойлап тапқысы келеді. Ол үшін ол шалғынға барып, көбелек ұстап алады да, оны алақанның ортасына салады. Асан данышпаннан сұрағысы келеді: «Менің қолымдағы көбелек тірі ме әлі өлі ме», - деп. Егер ол өлі десе, мен алақанымды ашам да, көбелек ұшып кетеді, ал егер тірі десе, мен алақанымды қатты қысамын, көбелек өліп қалады. Асан көбелекті ұстап алып, Ғалымға келеді: «Менің қолымда көбелек өлі ме, тірі ме?» - деп сұрайды. Сонда данышпан Ғалым былай деді: «Барлығы сенің қолыңда».    

Иә, өмірде кей кездерде келеңсіз оқиғалар болады, ештңе істегің келмейді. Сонда данышпанның сөзін еске алыңыз  " Барлығы сенің қолыңда". Осы сөз бүгінгі сабағымыздың ұраны болсын.  

Оқушылар тыңдайды

Мақсат қою

Арифметикалық прогрессия түсінігін қалыптастыру, оқушыларды n мүшесінің формуласымен таныстыру;

Қарапайым жағдайлардағы арифметикалық прогрессиясының n-шы мүшесінің формуласын қолдана білуге үйрену.

 

 

Топ ережесі

Топ ережесін еске түсіреді

Үй тапсырмасы

1. Математикалық индукция

2. Толымсыз индукция

3. Толық индукция

Үш топ ПОСТЕР қорғайды

 

Үй тапсырмасын бекіту

1.      Жұп сандардың жалпы формуласы

2.      Тақ сандардың жалпы формуласы

3.      2 бөлгенде 1 қалдық қалатын сандардың формуласы

Сұрақтарға жауап береді

Қызығушылықты ояту.

 

Жаңа салынған мектепте 400 оқушы оқиды. Жыл сайын оқушылар саны 20-ға көбейеді. Егер осы тенденция сақталса, 5-інші оқу жылында мектепте қанша оқушы оқиды?

 Берілген тізбектің әрбір мүшесі алдыңғы мүшесіне 20-ны қосу арқылы алынған. Осындай қасиетпен құрылатын тізбектер өмірде өте көп кездеседі.  Мұндай тізбекті арифметикалық прогрессия дейміз.

 

Жаңа материалды игеру (12 мин)

Видеоматериал

Сонымен, 1 топтағы тізбектерге оралайық. Олардың ортақ қасиетін атайық. Арифметикалық прогрессияның анықтамасы

Екінші мүшесінен бастап әрбір мүшесі алдыңғы мүшесіне қандай да бір тұрақты санды қосқанда шығатын сандар тізбегін арифметикалық прогрессия деп атаймыз. 

 

Мысал:     a1=-2, d=0,5 ,болатын an

Арифметикалық прогрессияның 25-мүшесін табу керек

Шешуі:

3 формула бойынша

a25=a1+24d=-2+24*0,5=10

Тыңдайды, дәптерлерге жазады.

Бекіту

1 топ №208 (1)

2 топ №208 (2)

3 топ №208 (3)

 

«Ғажайып үштік»

 

"Прогрессия" сөзі алға ұмтылу, жылжу деген мағынаны білдіреді. Дәл осы алға ұмтылу түрлі уақыттағы математиктерді әр түрлі заңдылықтарды шығаруға итермеледі. Мысалы, құрылыс немесе жер өлшеу кезінде сондай біліктер қажет болған. Мысалы, Ежелгі Египетте математиктер мен астрономдар түрлі есептеулерді қолданған.

Ұяшықтар таңдау арқылы есептер шығару

10

10

10

20

20

20

30

30

30

 

10-1. тізбектің: 6;10;14;18;22...бірінші мүшесі-? Айырымы-?

10-2. бірінші мүшесі 3,айырымы 4-ке тең,алтыншы мүшесі-?

10-3. берілген тізбек:7;11;15;19;23... арифметикалық па? Неге?

 

20-1. Қанаттың 10 теңгесі бар. Оны күн сайын 2 теңгеге көбейте алады.  20 күннен кейін Қанаттың ақшасының қанша болатынын есептеңдер.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения