Какимжанова Майра Хамитовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
04.01.2016
0
348
0

Открытый урок по математике "Бірінен-бірі қарама-қарсы екі жаққа бағытталған қозғалысқа есептер шығару"

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

а\Оқушылармен амандасу,түгендеу

ә\Психологиялық дайындық

-Балалар,біз бүгінгі сабақта қамқорлық шуағын жүрегімізбен сезіне отырып,өлең жолдарын бірге қайталайық.

 Қайырымды жүрекпен

Мейірімді тілекпен

                                          Ізгілікті ниетпен

                                          Қамқор болып өсемін

-Балалар,біз бүгінгі сабақта бір- бірімізге қамқорлық жасай отырып сабағымызды бастайық.

II.Үй тапсырмасын сұрау

№ 8

Күнін,сынып жұмысын, 235 көркем жазу .

 

III.Білімін тексеру

Қызығушылығын ояту.

-Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше.

-Бүгін біз Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласына саяхат жасаймыз.Астана қаласындағы көркем ғимараттарымен танысамыз .Қазақстанның жаңа елордасы Астананың халықаралық тұсаукесері 1998жылғы 10маусымда өткізілді.Кейін6шілдеге ауыстырылды.Биыл біз Астананың 15жыл толуын мерекеледік.

-Балалар, саяхатқа немен шығамыз?

 Ауылдан Алматы қаласына автобуспен,ал Алматы қаласынан Астанаға ұшақпен шығамыз.(картамен жұмыс) Біз Ұлы Жібек жолында үлкен өзен Іледен жеті шақырым жерде тұрамыз.Іленің жағасында Қызыл кітапқа енген тораңғы,сексеуіл өседі.Іледе неше түрлі балықтар бар.

-Балалар.Астанаға жеткенше біз мына тапсырманы орындайық.

а\Математикалық диктант.

-Балалар, жол ұзақ сондықтан өздерің еңбек сабағында әзірлеген гүлді құрастырайық.

Ол үшін артындағы тапсырмасын орындайық.

1.Шеңбер дегеніміз не?

2.Дөңгелек дегеніміз не?

3.Радиус дегеніміз не?

4.Қашықтықтытабу үшін не істейміз?

5.Уақытты табу үшін не істейміз?

6.Жылдамдықты табу үшін не істейміз?

7.Автокөліктердің жақындау жылдамдығын қалай табамыз?

 

IV.Мақсат қою кезеңі:

Бүгінгі жаңа тақырыбымыз.

Бірінен-бірі қарама-қарсы екі жаққа бағытталған қозғалысқа есептер шығару.

-Балалар,мінеАстана қаласына да жеттік.Мынау Астананың әуежайы.

Астана- әсем қала.Қалада 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.Әуежайдан автобусқа отырып қала ішін аралайық.

 

V.Жаңа сабақ

Ой қозғау

Астананың көрікті жаңа ғимараты «Астана Бәйтерек» монументі. «Астана Бәйтерек» монументі символға құрылған.  Алтын шапақты күн мен оның 97 м биіктігі,әлемдік жаратылыстың үш негізін білдіретін үш бөліктен тұрады. Қазірде әлемге әйгілі Бәйтеректі көру үшін мына жаңа сабақты түсініп алайық.

 

 

-Әр сағаттан кейін автокөліктердің арасындағы арақашықтық  неше км  артады ?

1сағ.=100км,                     2 сағ. =200км,             3сағ.=300км

-Неше сағаттан кейін автокөліктердің арасындағы қашықтық300 км –ге тең болады?

 

 

 

 

VI.Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру.

Мағынаны тану.

 

1)Келесі әдемі ғимарат ол Пирамида немесе Бейбітшілік  пен Ынтымақтастықсарайы.Бұл діни татулықтың,Қазақстанның еркі мен ашықтығын білдіреді.Бұл сарайда мерекелікіс шаралар, баспасөз конференциялар өтіледі.Оның жанында заңғар «Қазақ елі» монументінкөресің.Биіктігі -91м.

№2 Кітаппен жұмыс (ауызша талдау) (тақтада)

Шешуі:70+60=130 (км\сағ)

            130*4=520км

Жауабы:екі пойыздың арақашықтығы520км

ә\ (Сызба бойынша талдау)

Шешуі:

            66+59=125(км\сағ)

            125*6=750км

Жауабы:екі автобустың арақашықтығы 750км.

2).Келесіаялдама «Нұр Астана»мешіті. Оның келбеті әмбебап. Ішінде бес мың адам дұға жасай алатын үлкен залы бар.

№3 тапсырмасы орындап жіберейік (ауызша талдау)

 

Шешуі: 70+90=160(км\сағ)

              360:160=2(сағ)

 Жауабы:   2сағаттан кейін кездеседі.

ә\Оқып, талдау.

Шешуі:60+70=130(км\сағ)

            130*2=260(км)

            60*2=120(км)

            70*2=140(км)

Жауабы:екі қаланың арақашықтығы 260км,  1-120км, 2-140км жол жүрді.

3).Келесі аялдама Л.Гумилев атындағы Еуразиялық университет.

Сергіту сәті( қызықты есептер шығару)

4).Келесі тамашалайтын ғимарат К.Байсейітова атындағы опера және балет театры.Директоры композитор Төлеген Мұхамеджанов

№5   (өздік жұмысы)

 

5).Келесі ғимарат ол- Президент Сарайы  -Ақорда.

Бұл сарайда Елбасымыз мемлекетімізге қатысты маңызды шешімдер қабылдайды.

№6 есепті шығарайық  (топпен жұмыс)әр топ төрт есептен шығарады

7га50а=750 а365тәул.=  8760сағ.       24сағ.=1440мин.

56га30а=5630  а         2тәул.20сағ.=68сағ.      3сағ.50сек.=230сек.

36тәул.=864сағ.          79м= 790000см       660мин.=11сағ.

360сағ.=15тәул.          97км=97000000м3сағ.25мин.=205мин.

VII.Бекіту.

Ой толғаныс.

-Астанада әсем ғимараттар көп және де тағы салынуда. Мысалы:цирк,кітапхана,океанариум,Назарбаев университеті,Хан шатыры, т.б.

Уақытымыз шектеулі,сондықтан, сыныбымызға оралайық. Ол үшін№8  тапсырманы орындайық. (3- оқушы карточкамен)

VIII.Сабақ қорыту

-Биыл Қазақстан тәуелсіздігіне неше жыл?

-Тәуелсіздік күні қай күн?

-Президент күнін ата?

-Астана туралы қандай өлең білеміз?

-Астана туралы  ақындар көптеген өлеңдер,әндер шығарған,суретшілер сурет салған.

-Биылегемендіеліміздіңтәуелсізмемлекетіміздіңбейбітшілікпеназаткүндеөмірсүруіне 22жылтолыпотыр. 22жыл ішінде жетістіктеріміз аз емес.Астана қаласын салдық.Ата Заңымызға қол қойып,еңалғашқыДекларацияқабылдадық.ТМДменБҰҰ- ғамүшеболдық.

Мемлекетекеніндәлелдейтінтеңгеміз,рәміздерімізбар.Біріншіжелтоқсаннанбастаптәуелсіздігімізге 20- жылдығынабайланыстышыққан 2000теңгеайналымғашығады.Төл теңгемізге -20жыл.

2010жылыЕКЫҰ-ғатөрағаболдық.Алдағыуақытта 2017ж. өткізілетінЭКСПО-2017 көрмесінөткіземіз.

Болашақта бұрынғы ата- бабамыздың аңсағандай өркениетті, егеменді, ең тамаша мемлекеттің біріне айналуға сендердің әрқайсысыларың өз үлестеріңді жақсы бағаларыңмен қостыңдар деп сенемін.

X.Үйге:№4,7.102бет.   Бағалау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения